473
механикалық қоспалар құрамын анықтауда негізделеді.
Толық талдама МЕСТ 10121-76 сәйкес барлық көрсеткіштер
бойынша жүргізіледі.
Трансформаторларда май сынамаларын іріктеу үшін сәйкес
шүмектер және тығындар қарастырылған.
Сынаманы жоғары ұқыптылықпен іріктеу керек,
себебі осы
жағдайда майға түскен дақтар, талшықтар, шаң және ылғал өлшеу
нәтижелерінің ауытқуына және оның жағдайы туралы дұрыс емес
қорытындыға алып келуі мүмкін.
Трансформаторлардан майды іріктеу шарттары 13.3 кестесінде
келтірілген.
Зиянды қоспаларды және ылғалды шығару мақсатында май
центрифуга (айырғыш) және сүзгі-сығымдағыш көмегімен тазартылады
және кептіріледі. Әдістер сипаттамалары және майды тазарту және
кептіру бойынша операциялар 13.4 кестесінде келтірілген.
Пурификацияға арналған айырғыш барабанында аузы
бар жоғарғы
тәрелке және жеткізу саңылаулары бар төменгі тәрелке бар, ал
кларификацияға арналған айырғыш барабанында аузы жоқ тәрелке
және жеткізу саңылаулары жоқ төменгі тәрелке бар, осы жағдайда
соңғысының өнімділігі шамамен 25...30 % жоғары, демек, ол
трансформатор майын тазарту кезінде басымдықты қолданысқа ие.
Майды механикалық тазарту кезінде (центрифугалармен және сүзгі-
сығымдағыштармен) майда тек ерімеген күйде болатын өнімдер – су,
көмір, механикалық қоспалар шығарылады. Майдағы ауа оның
ескіруінің
процесін
жеделдетеді,
сондықтан
вакуумды
центрифугаларды пайдаланған жөн.
Май тазарту аппаратын және майда қоспалардың болуына
байланысты оны қыздыру температурасын таңдау бойынша ұсыныстар
13.5 кестесінде келтірілген.
Құрамында ылғалдың (шикі) елеулі
мөлшері бар майды тазартуды
алдымен пурификация әдісімен, кейін кларификация әдісімен немесе
сүзгі-сығымдағышпен жүргізу керек. Центрифуга және сүзгі-
сығымдағыш бірізді қосылған кезде кіретін май температурасы
центрифуга үшін көрсетіледі.
Майды құрастыру жағдайларында кептіру үшін айырғышпен және
басқа қажетті жабдықтармен толымдалған автотіркеме негізіндегі
жылжымалы шеберханаларды пайдаланады.
Центрифугамен немесе сүзгі-сығымдағышпен майды кептіру және
тазарту –
ұзақ және ауқымды процесс, мысалы, 45...50 т майы бар
ыдысты кептіру жеті тәулікке дейін созылады.
Трансформаторды кептірудегі қажеттілік тек оны тасымалдау,
сақтау және құрастыру бойынша ережелер бұзылған кезде туындауы
мүмкін.