561
ауыстырылуын қамтамасыз ету керек.
Шиналау үшін оқшаулағыштарды орнату келесі тәртіпте
орындалады: алдымен шеткі оқшаулағыштарды тұрғызады және
олардың бастиектерінің ортасы бойынша сым тартады,
кейін
қарақағаздан, картоннан немесе тілімді болаттан жасалған төсемелерді
пайдаланып (металл құрылымдарда орнату кезінде), қалған
оқшаулағыштарды орнатып, сым бойынша биіктік бойынша тегістейді.
Тік, көлденең немесе көлбеу жазықтықтарда ақырғы сәйкестендіруден
кейін
(сопақ
саңылаулар
және
бекіністерді
қосарланған
бұрыштамаларда пайдалану оқшаулағыштар арасындағы қашықтықты
реттеуге мүмкіндік береді) бекіткіш бұрандамаларды немесе
түйреуіштерді сомындармен қатайтады.
Тарату құрылғыларын құрастыру кезінде және әрлеу жұмыстары
кезінде оқшаулағыштарды зақымданулардан қорғау үшін ақырғы
орнатудан кейін оларды қарақағазбен,
картонмен немесе қағазбен
орайды және кендіржіппен байлайды. Қажет кезде фарфорлық
оқшаулағыштарды ыстық металдың шашырауынан және жоғары
температуралар әсерінен экранмен немесе асбестпен қорғайды.
Өтпелі оқшаулағыштар
(16.1,
б
сур.) тарату құрылғыларындағы
жерге тұйықтаушы аралықтар және құрылымдар, аппараттар
корпустары, сонымен қатар қабырғалар және жабындар арқылы өткен
кезде тоқ өткізгіш өзектерді немесе шиналарды оқшаулау үшін
арналған.
Өтпелі оқшаулағыш фарфорлық корпустан 2, жоғарғы және төменгі
қалпақтардан
6,
шойын ернемектен
4
және
мыс немесе алюминий тоқ
өткізгіш шиналардан 5 құралады. Қалпақтар және ернемектер
фарфорлық корпуспен, цементтеуші құраммен немесе механикалық
әдіспен бекітіледі.
16.3 сур. көрсетілген өтпелі оқшаулағыш ернемегінда
3
бекітуші
бұрандамаларға арналған саңылаулар және жерге тұйықтауды жалғауға
арналған бұрандама
5
бар.
Тоқ өткізгіш шина
1
оқшаулағыш
жиектерінде орналасатын болат тығырықтармен 4 бекітіледі.
2000 А дейінгі номиналды тоқтарға өтпелі оқшаулағыштар олардың
ішкі кеңістігінде орнатылған тығырықтармен бекітілетін тоқ өткізгіш
алюминий шинамен жасалады. Оқшаулағыштардың белгіленуі,
мысалы, П-10/400-750, келесідей оқылады: өтпелі номиналды кернеу
10 кВ, номиналды тоқ 400 А және иілімге қатысты минималды
ыдырататын күш 7,5 кН.
Тексеру және жарамсыздыққа қатысты сынау кезінде өтпелі
оқшаулағыштарға тіректі оқшаулағыштардағыдай талаптар қойылады.
Тоқ өткізгіш өзек өлшемдерін, конустылықтың
бар немесе жоқ
екендігін, сонымен қатар сомындардың және орталықтандырғыш
тығырықтардың болуын қосымша тексереді.