Технологиясы



Pdf көрінісі
бет65/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

5.5.
 
Электрлік қондырғылардың жерге тұйықталуына 
қойылатын ЭҚЕ талаптары 
Кернеуі 380 В жоғары бүкіл айнымалы тоқ электр қондырғыларында 
және кернеуі 440 В жоғары тұрақты тоқ электр қондырғыларында жерге 
тұйықтауды немесе нөлдеуді орындаған жөн. Қауіптілігі жоғары және аса 
қауіпті орынжайларда, сондай-ақ сыртқы электр қондырғыларда жерге 
тұйықтау және нөлдеу кернеуі 42 В жоғары айнымалы тоқ 
құрылғыларында және кернеуі 110 В жоғары тұрақты тоқ 
құрылғыларында орындалады, ал жарылыс қаупі бар қондырғыларда – 
айнымалы немесе тұрақты тоқтың кез келген кернеуінде. 
Тікелей жерлендірілген бейтарап сымы бар электрлік қондырғыларда 
1000 В дейінге кернеу кезінде нөлдеу орындалуы тиіс. Бұл жағдайларда 
электр қабылдағыштардың корпустарын оларды нөлдеусіз жерге 
тұйықтауға тыйым салынады. 


155 
Жерге тұйықталуы немесе нөлденуі тиіс: 
электрлік машиналардың, трансформаторлардың, аппараттардың, 
шырағдандардың және т.с.с. корпустары; 
электрлік аппараттардың жетектері; 
өлшеу трансформаторларының екіншілік орамалары (егер жобада 
айрықша нұсқаулар болмаса); 
тарату қалқандарының, қалқаншаларының және шкафтарының 
қаңқалары (егер оларда кернеуі 42 В жоғары айнымалы тоқ немесе кернеуі 
110 В жоғары тұрақты тоқ электр жабдығы орнатылса); 
тарату 
құрылғыарының 
металл 
құрылмалары, 
шоғырсымдық 
құрылмалар және жалғаушы муфталар, бақылау және күштік 
шоғырсымдардың қабықтары және сауыттары, сымдардың металл 
қабықтары, электр өткізгіштің болат құбырлары, шинасымдардың 
корпустары, үстіне шоғырсымдар мен сымдар бекітілген науалар
қораптар, арқандар мен болат жолақтар; 
ортақ металл құрылмаларда төселген кернеуі 42 В дейінгі айнымалы 
тоқ және кернеуі 110 В дейінгі тұрақты тоқ күштік, сондай-ақ бақылау
шоғырсымдары мен сымдарының металл қабықтар мен сауыттар; 
әуе желісі тіреулеріне орнатылған электрлік жабдық; 
жылжымалы және тасымалды электр қабылдағыштардың металл 
корпустары; 
білдектер мен машиналардың қозғалатын бөліктеріне орналасқан 
электрлік жабдық; 
күштік стационарлы орналасқан электр қабылдағыштардың (электрлік 
плиталардың, су қайнатқыштардың және т.б.) металл корпустары, сондай-
ақ оларға қатысты электр өткізгіштердің металл құбырлары; 
тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың баспалдақты алаңындағы, 
үйлік, доктық және қоғамдық санитарлық түйіндердегі, моншалар мен 
басқа орынжайлардағы электр өткізгіштердің корпустары мен бөліктері. 
Ванналық 
орынжайларда 
ванналардың 
металл 
корпустары 
су 
құбырларына жалғануы тиіс. 
Төмендегілердің арнайы жерге тұйықталуын немесе нөлденуін 
орындауға жол берілмейді: 
қалқандар мен шкафтардың жерге тұйықталған немесе нөлденген 
металл құрылмаларында, білдектердің тұғырларында және басқа 
негіздерде орналасқан электр жабдық корпустары (олардың сол 
негіздермен немесе олардың үстіне орналасқан жерге тұйықталған және 
нөлденген жабдықпен сенімді электрлік түйісу шарты орындалған 
жағдайда); 
әуе желілерінің ағаш тіреулеріндегі металл бөлшектер (егер 
атмосфералық аса кернеулерден қорғалу шарты бойынша жерге тұйықтау 
талап етілмесе).


156 
5.16 сур. Қабылдағыштарды жерге тұйықтау магистральдарына жалғау
Түрлі типті электр қабылдағыштарды жерге тұйықтауға және нөлдеуге 
қойылатын белгілі талаптар бар. 
1.
Электр қондырғының әрбір жерге тұйықталатын бөлігі жерге 
тұйықтайтын магистральға жеке тармақпен жалғануы тиіс (5.16 сур.). Жерге 
тұйықтайтын өткізгішке бірнеше бөлікті тізбектеп қосуға тыйым салынады. 
2.
Электрлік қондырғының түрлі бөліктерін жерге тұйықтауға арналған 
мыс және алюминий өткізгіштердің қимасы 5.2 кестесінде көрсетілген 
мәндерге сәйкес болуы тиіс. 
3.
Бір фазалы электр қабылдағыштарға жерге тұйықтайтын тармақтар 
жеке (үшінші) өткізгішпен орындалуы тиіс; осы мақсатпен нөлдік жұмыс 
сымын пайдалануға тыйым салынған. 
4.
Жерге тұйықтайтын тармақтарды металл құрылмаларға жалғауды 
дәнекерлеумен орындаған жөн, ал аппараттар мен машиналардың корпусына - 
бұрандамалармен. Бұл ретте түйісетін беттер металл жылтырлығына дейін 
тазартылып, вазелиннің жіңішке қабатымен қапталу керек. 
5.
Жылжымалы және тасымалды электр қабылдағыштардың металл 
корпустары икемді сымның арнайы талшығымен жерге тұйықталады, ол бір 
уақытта жұмыс тоғының өткізгіші қызметін атқармауы тиіс. Осы мақсатта 
электрлік қондырғының нөлдік жұмыс сымын пайдалануға тыйым салынады. 
5 . 2 к е с т е


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет