6.
Қосмекенділерде алғаш рет құрғақ қорек заттарының жұтылуын жеңілдететін сілекей бездері
пайда болды. Олардан бөлінетін сілекейдің құрамында асқорыту ферменттері болмайды.
7.
Қосмекенділердің құрлықтағы ауада жақсы естуін қамтамасыз ететін жаңа мүше –ортаңғы құлақ
пайда болды. Оның сырты серпінді дабыл жарғағымен қапталған. Онда дыбыс тербелістерін
күшейтетін, әрі дыбыс тербелістерін ішкі құлаққа өткізетін бір ғана үзеңгі сүйегі бар. Сонымен
қатар, қосмекенділерде алғаш рет дыбыс аппараты да пайда болды.
Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне байланысты осындай күрделі белгілерінің пайда
болуымен бірге, әлі де болса сулы орта жағдайларына бейімделген белгілері де сақталған. Ондай
белгілер:
1.
Қосмекенділердің жұқа терісі үнемі ылғалданып тұруды қажет етеді. Сондықтан да, қосмекенділер
үнемі ылғалды немесе сулы жерлерде кездеседі. Қосмекенділердің көпшілік түрлерінің артқы
аяқтарындағы саусақтарының арасы терілі жүзу жарғағымен байланысқан. Бұл белгі де олардың
сулы ортада тіршілік ететіндігіне дәлел бола алады.
2.
Қосмекенділердің ылғалданып тұратын жұқа терісі арқылы газалмасу қамтамасыз етіледі, оттек
алдын терідегі сұйықтықта еріп, одан қанға өтеді. Көптеген қосмекенділердің түрлерінде
газалмасу өкпеден гөрі, терісі арқылы көбірек жүреді. Сондықтан да, ондай түрлер су ішінде ұзақ
уақыт жүре береді. Қосмекенділердің терісінде бездер өте көп, олардан бөлінген сұйықтық
бактерияларды жойып жібереді, кейде қосмекенділердің кейбір түрлерінің терісінде улы бездері
де болады.
3.
Қосмекенділердің көпшілік түрлері тек сулы ортада ғана көбейіп, дернәсілдері сулы ортада
дамиды.
Қосмекенділердің сулы ортада және құрлықта тіршілік етуіне байланысты дене құрылысындағы
ерекше белгілері бойынша оқушылардың өз беттерінше ойланып жауап беретін сұрақтар қоюға
болады.
р/с
Суда тіршілік етуіне байланысты белгілері
Құрлықта тіршілік етуіне байланысты пайда болған
белгілер
1
Артқы
саусақтарында
терілі
жүзу
жарғағының болуы
Өкпесі арқылы тыныс алуы
2
Терісі арқылы тыныс алады
Терісінің үнемі ылғалданып тұруы
3
Көбеюі мен дамуы
Терілі қозғалмалы қабақтарының пайда болуы
4
Ұрпақтарының түрленіп дамуы
Ортаңғы құлақтың пайда болуы
5
Дернәсілдерінің желбезек арқылы тыныс
алуы
Еркін қозғалатын аяқтарының пайда болуы
6
Кейбір түрлерінде бүйір сызығының болуы Кіші немесе өкпелік қанайналу шеңберінің пайда
болуы
Қосмекенділердің кейбір түрлері (амбистомалар) ересектеріне айналмай тұрып, яғни дернәсілдік
даму кезеңінің өзінде көбейе береді. Бұл құбылыс -
Достарыңызбен бөлісу: