Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу


Жорғалаушылардың жеке жүйелік топтарға жіктелуі



Pdf көрінісі
бет45/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

9.1. Жорғалаушылардың жеке жүйелік топтарға жіктелуі:
Жорғалаушылар 
Антарктидадан 
басқа 
құрлықтардың 
бәрінде 
де 
кездеседі. 
Жорғалаушылардың алуан түрлілігімен танысу үшін сабақты саяхат сабағы ретінде өткізуге 
болады. Саяхат сабағы кезінде жорғалаушылардың негізгі жүйелік топтарының (отрядтарының) 
кейбір түрлерімен таныстыруға болады. Олардың арасында өте ертедегі геологиялық замандардан 
сақталып келе жатқан тірі табиғат ескерткіші болып саналатын - 
гаттерия.
Ол тұмсықбастылар 
отрядына жататын жалғыз түр. Гаттерия жер бетінде 200 млн.жылдан бері тіршілік етіп келеді. 
Оның сыртқы түрі кесірткеге ұқсас. Денесінің ұзындығы орташа 50-60 см, салмағы 0,5-1 кг денесі 
ұсақ дәнді қабыршақтармен қапталған, басы үлкен. Желкесі мен арқа тұсында ұзына бойы 
орналасқан ұсақ конус пішінді мүйізді өскіндері болады. Гаттерияның басының үстіңгі жағындағы 
терісінің астында төбе көзі болады, ол арқылы жарықты сезеді. Осыған байланысты кейде 
гаттерияны 
«үш көзді кесіртке»
деп те атайды. Ол түнде белсенді тіршілік етеді
омыртқасыздармен кейде құс жұмыртқасымен де қоректенеді. 20 жылда жыныстық жетіліледі, 8-
15-тей қатты қабығы бар жұмыртқа салып көбейеді. Ұрығының дамуы 12-15 айға созылады. 
Гаттерия Жаңа Зеландия және сол маңдағы ұсақ аралдарда сақталған. Ол халықаралық табиғат 
қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл кітабына (МСОП) тіркелген. 
Қабыршақтылар отрядына жататын 
кесірткелердің
4000-ге жуық түрі белгілі. Олардың 
көпшілік түрлерінің дене пішіні ұршық тәрізді немесе жалпақтау, кейде денесі екі бүйірінен 
қысыңқы. Терісінің сырты түрлі пішінді қабыршақтармен тапталған.
Кесірткелер әлеміне саяхат
.
Кесірткелердің ішіндегі жыртқыштар тобына 
варандар
(35 
түрі бар) тұқымдасының түрлері жатады. Олар Африканың, Азияның, Австралияның 
субтропикалық, тропикалық аймақтарында кеңінен таралған. Варандардың бәрі жұмыртқа салып 
көбейеді. 
Варандар тұқымдасының ең үлкен түрі - 
Комодо вараны
деп аталады. Бұл түрді ғалымдар 
1912 жылы Индонезияның Малай топаралдарына жататын Комодо, Ринджа, Падар, Флорес 
аралдарынан тапты. Оның денесінің ұзындығы 3-4 метрге, салмағы 150-250 кг. жетеді. Ол жақсы 
жетілген құйрығының көмегімен жабайы бұғыларды, шошқаларды соғып өлтіре алады. Саны 
сирек болғандықтан МСОП-тың Қызыл кітабына тіркелген. Варандар тұқымдасының ең 
кішкентай түрі - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет