Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет48/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

осталети 
құбылғысы
) денесінің ұзындығы 50 см-ден болса, ал ең кіші құбылғы – 
брукезияның
денесінің 
ұзындығы құйрығымен қоса есептегенде 4 см-ден аспайды. Құбылғылардың аздаған түрлері 
ұрпағын тірі туып, ал көпшілігі жұмыртқа салып көбейеді.
Жыландар әлеміне саяхат.
Қабыршақтылар отрядының жыландар отряд тармағының 3000-ға жуық түрлері Антарктидадан 
басқа материктердің бәрінде таралған. Олардың көпшілігі құрлықта, кей түрлері тұщы суларда, 
кей түрлері теңізде де кездеседі. Қазақстанда жыланның 18-19 түрі ғана таралған. Жыландардың 
денесі көбіне жұмырланып келген, аяқтары болмайды, денесі әр түрлі пішінді қабыршақтармен 
қапталған. Олардың ірі түрлерінің денесінің ұзындығы 
10 метрден
асса, ең кіші түрінің денесінің 
ұзындығы 8 см-дей. Көздерінің айналасында қозғалмалы терілі қабақтары болмайды, керісінше 
көздерін тұтас әрі мөлдір жарғақша қаптап тұрады да, қараған кезеде өңменіңнен өтетіндей көрініс 
береді. Осыған сәйкес 
«жылан арбайды»
деген ұғым қалыптасқан. Жыландардың үстіңгі және 
астыңғы жақ сүйектері бір-бірімен созылмалы сіңірлермен байланысқан. Сондықтан да, олар өз 
денесінен ірі жемтіктерін тұқтасымен жұта алады. Улы жыландардың (450-дей түрі бар) үстіңгі 
жағында іші қуысты жұп улы тістері болады. Олардың улы бездері түсі өзгерген сілекей бездеріне 
жатады. Омыртқа жотасындағы омыртқа саны көп (кейбір түрлерінде 400-ден асады). Жыланның 
тілі әрі сипап сезу, әрі иіс сезу, әрі дәм сезу қызметін атқарады. Олар ұшы екі айыр тілін оқтын-


оқтын сыртқа шығарып, қайтадан аузына апарып тұрады да, ауыз қуысының үстіңгі жағында 
орналасқан арнайы якобсон мүшесі арқылы заттардың химиялық иісін дәлме-дәл ажыратады. 
Жыландардың көпшілігі жақсы жетілген бұлшықеттері арқылы ирелеңдеп алға қарай қозғалады. 
Ал, аздаған түрлері (эфа, мүйізді сұржылан, техастың сылдырмақты жыланы т.б.) бір бүйіріне 
қарай ирелеңдеп қозғалады. Жыландар негізінен құрлықта, кей түрі ағаш басында, кей түрлері 
тұщы суларда және теңіздерде кездеседі. Жыландардың жалғанаяқтылар (айдаһарлар) 
тұқымдасының 80-ге жуық түрі бар, олардың бәрі де усыз жыландарға жатады. Олар өз қорегін 
денесімен орап алып, тұншықтырып барып жұтады. Оларда жамбас сүйектері мен ортан жіліктің 
қалдықтары сақталғандықтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет