сарлан ( желтопузик ) деген түрі
кездеседі. Ол еліміздің тек оңтүстік өңірінде (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында)
кездеседі. Денесінің ұзындығы 1 метрден асады. Түсі сары болғандықтан және аяқтары
болмайтындықтан жергілікті тұрғындар «сары жылан» деп атайды. Оның жыланға ешбір туыстық
қатысы жоқ аяқсыз кесіртке екенін естен шығармау керек. Оның денесінің екі бүйірінде ұзына
бойы орналасқан тері қатпарынан аяқсыз кесіртке – сарлан екендігін бірден ажыратуға болады.
Сарлан Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсу-Жабағылы табиғи қорығы мен Сайрам-Өгем
ұлттық табиғи саябағында қорғауға алынған. Ол көбіне өзен аңғарларында, бұта мен шөп аралас
өскен тау бөктерлерінде бау-бақша өскен жерлерде кездеседі. Сарлан негізінен зиянды ұлулар мен
жәндіктермен қоректеніп, көп пайда келтіреді. Ол күндіз белсенді тіршілік етеді. 6-10 жұмыртқа
салып көбейеді. Таралу аумағы шағын және саны да аз болғандықтан Қазақстанның Қызыл
кітабына (2008) тіркелген.
Құбылғылар әлеміне саяхат . Қазіргі жүйелеу бойынша кесірткелерге жататын бір тұқымдас
–
құбылғылар (хамелеондар). Бұрын құбылғылар өз алдына жеке отряд тармағына
топтастырылған болса, қазір ол кесірткелердің жеке тұқымдасы деп есептелінеді. Олардың денесі
екі бүйірінен қысыңқы, мойны қысқа, ұзын құйрығымен ағаш бұтақтарын орап бекінуге
бейімделген. Аяқтары ұзын бессаусақты. Ұзын әрі желімді тілінің көмегімен қорегін ұстайды.
Құбылғылардың терісінде болатын бүркеніш рең беретін пигментті клеткалар (хроматофорлар)
өте жақсы дамыған. Олар өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларына сәйкес терісінің түсін
тез арада өзгерте алады. Сондықтан да, олар құбылғылар деп қазақша орынды аталған.
Құбылғылардың көзінің құрылысы да ерекше. Дөңгелек пішінді көзінің айналасында сақина
тәрізді тұтас бір ғана қалың қабағы қорғаныштық қызмет атқарады. Құбылғының көзінің тағы бір
ерекшілігі- өте қозғалмалы болып келуі, көзі 180 градус бойынша көлденеңінен де, тігінен де еркін
қозғала алады. Тіпті оның екі көзі бір-біріне тәуелсіз әрқайсысы өзінше қозғала алады. Міне,
көзінің осындай ерекшеліктеріне сәйкес ағаш бұтағында қимылсыз отырып-ақ айналасын толық
көре алады. Құбылғылардың 90-ға жуық түрі Африка мен Мадагаскар аралында кеңінен таралған.
Олар ағаш басында тіршілік етуге бейімделген, бір-біріне қарама-қарсы 2-3-тен тұтаса орналасқан
саусақтары ағаш бұтақтарын қысып ұстауға өте ыңғайлы. Ең ірі құбылғының (