Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет49/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

«жалған аяқтылар»
деп аталады. Кейбір түрлерінің 
аталықтарында 
клоаканың
екі бүйірінде тырнаққа ұқсас артқы аяқтың қалдықтары байқалады. 
Жалғанаяқтыларға - 
питондар, айдаһарлар
жатады. Олар Африкада, Азияда, Америкада, 
Солтүстік Африкада, Австралияда, Жаңа Гвинея, Мадагаскар, Малай аралдарында, Индонезияда 
кеңінен таралған. Қазақстан аумағында екі түрі (кәдімгі айдаһарша, шығыс айдаһаршасы) 
кездеседі. 
Жалғанаяқтылар тұқымдасына жататын түрдің бірі – 
анаконда
ең ірі жылан ретінде 
көпшілікке белгілі. Ол Оңтүстік Америкадағы Амазонка өзенінің су алабында таралған. Су 
тартыла бастаған кезде су түбіндегі балшыққа батып шалажансар күйге көшеді де, келесі жаңбыр 
жауғанға дейін жата береді. 
Жалғанаяқты жыландардың бір түрі – 
торлы питон
Азияның оңтүстік-шығыс аймағында 
таралған. Ол жұмыртқа салып, денесімен 1-1,5 айдай орап ұрпақ өрбітеді. Жергілікті тұрғындар 
торлы питонды қолда асырап, кемірушілерді жою үшін және тағам ретінде де пайдаланады.
Жыландардың аспидтер тұқымдасының улы 180-дей түрінің көпшілігі тропикалық және 
субтропикалық аймақтарда (әсіресе Австралияда) кеңінен таралған, Австралия материгінде 
аспидтер барлық табиғи орта жағдайларында кездеседі. Бұл тұқымдасқа жататын жыландардың уы 
жүйке жүйесіне әсер етеді. Олардың улы тістері басқа тістермен салыстырғанда ірі болып келеді. 
Ең улы жылан – 
австралия аспиды
. Аспидтердің көпшілік түрлері жұмыртқа салып көбейсе, кей 
түрлері тірі туады. 
Австралияда көбірек кездесетін түрлері – 
торлы қоңыр жылан, құмның қоңыр жыланы, 
қара жылан (қара ехидна), жолбарыс жылан, тайпан
, т.б. Жолбарыс жыланның уы 400 адамды 
өлтіре алуы мүмкін. Ал, тайпан жыланның уынан жылқы бірнеше минуттың ішінде өледі.
Аспидтер тұқымдасының
кобра туысына жататын улы жыландар Азия мен Африкада 
таралған. Олар айбат шеккенде басын жоғары тік көтеріп, алқым тұсындағы қабырғаларын жайып 
кеңейтіп жібереді. Кей түрінің желке тұсында ірі бір не екі дөңгелек пішінді ашық түсті дағы 
болады. Мысалы үндінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет