жасыл (сорпа) тасбақа . Ол тропиаклық белдеулердегі теңіздердің жағалауға жақын 4-6 метр
тереңдіктерінде таралған. Ол теңіз жағалауындағы құмды жерлерге тереңдігі 20 см-дей етіп ін
қазып, оған 70-200 шар пішінді жұмыртқасын салады. Жұмыртқадан 1,5 - 2 ай ішінде ұрпақтар
шығады. Жасыл тасбақаның еті де, жұмыртқасы да бағалы. Оның денесінің ұзындығы 1 метрден
асады, ал салмағы 40 кг. жетеді. Ол теңіз балдырларымен және әртүрлі жануарлармен қоректенеді.
Қолтырауындар әлеміне саяхат . Қолтырауындар қазіргі жорғалаушылардың ішіндегі дене
тұлғасы ірі және күрделі дамыған тобы. Олардың бәрі де тұщы суда (өзен, көл, суы мол батпақта)
тіршілік етуге бейімделген. Қолтырауындардың үш тұқымдасқа (
аллигаторлар, гавиалдар және
нағыз қолтырауындар ) жататын 23 түрі бар. Олар Антарктидадан басқа барлық құрлықтардың
тропикалық, субтропикалық аймақтарында кездеседі. Денесі жалпақ әрі ұзынша болып келеді,
құйрығы екі бүйірінен қысыңқы. Денесі мүйізді қалқаншалармен қапталған. Денесі суға батып
тұрған кезде олардың танау тесіктері мен көздері су бетіне шығып тұрады. Олар қорегін аңдып
тұрып ұстайды. Қолтырауындардың барлдық түрлері – жыртқыштар. Олар ірі сүтқоректілермен,
балықтармен және басқа да су жануарларымен қоректенеді.
Қолтырауындардың өздеріне тән прогрессивтік белгілері: мұрын қуысы сүйекті таңдай
арқылы ауыз қуысынан айқын бөлінген. Жүрегі толық 4 қуысты, артерия және вена қаны
араласпайды. Тістері жақ сүйектеріндегі ұяшықтар арнайы орналасқан. Көптеген түрлері адамға
қауіпті деп есептелініп, әрі бағалы терісі үшін көптеп ауланып саны азайып кеткендіктен (19 түрі)
ХТҚО-ның (МСОП) Қызыл кітабына тіркелген.
Қазіргі кезде қолтырауындарды бағалы терісі үшін арнайы фермаларда қолдан көптеп өсіреді.
Ніл қолтырауыны – нағыз қолтырауындар тұқымдасына жататын көпшілікке таныс түр. Ол
Африкада, Комор және Сейшель аралдарында кездеседі. Оның денесінің орташа ұзындығы 6-7
метр. Ол көбіне судағы өлекселермен қоректенетіндіктен санитарлық қызмет атқарады. Ніл
қолтырауыны жағалаудан ін қазып 50-60 жұмыртқа салады, олардан 90 күн өткенде ұрпақтар
шығады. Ұрпақтарын аналық қолтырауындар аузына жинап суға жібереді.
Қолтырауындардың ішіндегі ең ірісі –