теңіздерде тіршілік етеді. Олардың 180-дей түрі тұщы суда, 62 түрі-құрлықта, ал 8 түрі –
теңіздерде таралған. Қазақстанда дала және батпақ тасбақасы деген екі түрі ғана кездеседі.
Қазіргі кездегі тасбақалардың ең ірілері – Галапагосс аралы мен Сейшель топаралдарында
таралған –
піл
және
сейшель тасбақалары
. Олардың сауыттарының ұзындығы 80-100 см, орташа
салмағы 100-120 кг. Олар 150 жыл тіпті одан да көп өмір сүреді. «Галапагосс» деген сөздің өзі
испан тілінде «тасбақа» деген ұғымды білдіреді.
Тасбақалардың ең ірісі –
терілі тасбақа
. Оның денесінің ұзындығы 2 метр, салмағы 600 кг.
асады. Ол Үнді, Тынық Атлант мұхиттарының теңіздерінде таралған, әрі ХТҚО-ның (МСОП)
Қызыл кітабына тіркелген. Ал, ең кіші тасбақа 1925 жылы табылған
техас тасбақасы
, оның
ересектерінің денесінің ұзындығы 9 см-ден аспайды. Ол Солтүстік Америкадағы Техас
штатындағы Колорадо өзенінде кездеседі.
Жұмсақ терілі тасбақалардың 23 түрі бар. Олардың терісінің сыртында мүйізді сауыты
болмайды, терісі қатпарлы немесе кедір-бұдырлы болып келеді. Олардың бәрі де тұщы суда
тіршілік етеді. Ұзын әрі қозғалмалы тұмсығы болады, танау тесігі тұмсығының ұшында
орналасқан. Олар Африкада, Азияның оңтүстігінде, Солтүстік Америкада таралған. Тынық
мұхиттың Ресейдің Қиыр Шығыс және Қытай жағалауына жақын өзендерде кең таралған түрі -
қытай триониксі
деп аталады. Ол жыртқыш тасбақа, қорегін тығылып тұрып аулайды.
Аяқтарының үш саусағында әрі ұзын әрі өткір тырнақтары болады. Су ішінде қорегін ұзақ уақыт
аңдып жатқан кезде қосмекенділер сияқты терісімен тыныс алады.
Теңіз тасбақаларының аяқтары ескекке айналған, денесі ұзынша әрі жалпақ. Олардың ішінде
жыртқыш түрлері және өсімдікпен қоректенетін түрлері кездеседі.. Кең тараған түрі –
Достарыңызбен бөлісу: