ерекшелігі жұп аяқтарының көмегімен ғана қозғалады. Осыған орай олардың денесі жалпақ,
құйрығы жоқ, жұп аяқтары жақсы жетілген. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда 2-3 есе
ұзын болады. Көпшілігінде ұрпағына деген қамқорлық өте күшті дамыған. Құйрықтылар
отрядынан: Теңбіл немесе отты саламандра – ұзындығы 20-28 см., құйрығы қысқа, аяқтары қысқа,
күшті дамыған. Күн сәулесі түсетін жерлерден қашады. Қоректенуге ымыртта, түнде шығады.
Саламандра құрлықта қыстайды. Еуропа, Азия, Солтүстік Америка мен Солтүстік Африкада
тараған. Сонымен қатар: жабалар, жасыл құрбақа – құрлықта тіршілік етеді, суға тек көбею
кезінде түседі. Құрлықта қыстайды, шөлді аймақта жазғы ұйқыға кетеді. Сүйіртұмсық бақа – дене
ұзындығы 5-7 см. Тұмсығы сүйірленген. Тіршілігін құрлықта өткізеді, тек көбею кезінде ғана суға
түседі. Тарбақалар тұқымдасының 50 аса түрі Азияда мекендейді. Құрлықта ымыртта және түнде
белсенді тіршілік етіп, інде жасырынып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: