Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет40/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

ағашқа өрмелейтін бақа. 
Бұл жалпы құрлықта таралған омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең улы жануар деп саналады. 
Оның уын жергілікті үндіс тайпалары жебенің ұшына жағып аң аулайды. 
6.
Қосмекенділердің ішінде ең суыққа төзімді түрлеріне 
Сібір бұрыштісі, Сібір бақасы
және 
үшкіртұмсықты бақа
жатады. Олар Солтүстік поляр шеңбері аймағында да кездеседі. Сібір 
бұрыштісі – 45 градус суықта мұз болып қатып, кейін күн жылыған кезде тіршілігін жалғастыра 
береді.
7.
Қосмекенділердің ішінде өкпесі мүлде болмайтын түрлерге -өкпесіз саламандралар және өкпесіз 
тритондар жатады. Олар Америкада және Европаның оңтүстігінде, Азияның шығысында 
кездеседі. Олар терісі және ауыз қуысы арқылы тыныс алады. 
 
Пысықтау сұрақтары:
1.
Қосмекенділер класына сипаттама бер. 


2.
Қосмекенділердің асқорыту жүйесі. 
3.
Көлбақаның мүшелер жүйесіне сиапттама бер. 
4.
Көлбақаның қаңқасын сипатта. 
5.
Қосмекенділер класының жіктелуі. 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. В.М. Константинов, С.П. Шаталова.
Лабораторный практикум по зоологии позвоночных: Учебное пособие для студентов высшых 
пед. учеб. заведений. Москва, «Академия» 2004г. 
2. Н.Н. Карташев и др. Практикум по зоологии позвоночных. Изд. 3-е. Москва,2004г.
3. К.Б. Олжабекова, Б.Е. Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы, Алматы, «Қазақ университеті», 1,2 
бөлім. 2007 ж. 
4. В.М. Константинов, С.П. Наумов .Зоология позвоночных, 3—изд. Москва, «Академия», 2004 г. 
5. А.Ж. Божбанов. Зоология пәнінен практикум. Оқу құралы. Алматы, 2010 ж. 
 
8-тақырып. Қосмекенділердің экологиясы 
 
Сабақтың мақсаты: 
Қосмекенділердің шығу тегі туралы біліп, экологиялық топтарын оқып 
білу. 
 
1.
Қосмекенділердің шығу тегі мен эволюциясы 
2.
Қосмекенділердің экологиялық топтары 
Бұдан 370-350 млн. жыл бұрын саусаққанатты балықтардың бір тармағынан алғаш рет 
құрлыққа шыққан – 
қосмекенділер 
пайда болған деген болжамдар бар. Өйткені қосмекенділердің 
дене құрылысы, көбеюі және ұрпақтарының даму жолдары ертедегі сүйекті балықтарға ұқсас. 
Қостынысты балықтарда өкпе пайда болғанымен олардың жұп жүзбеқанаттарының құрылысы 
қосмекендердің аяқтарының құрылысына мүлдем ұқсамайды. Сондықтан да, қостынысты 
балықтардан қосмекенділер пайда болды деп қортынды жасауға болмайды. Ең алғашқы 
қосмекенділердің қаңқа қалдықтары бұдан 370-350 млн. жыл бұрынғы шөгінді жыныстардың 
арасынан табылған. Олардың сыртқы түрі қазіргі саламандраларға ұқсас, яғни басы жалпақ, 
ұзынша келген, құйрығы болған және оларды 
ихтиостегиялар
деп атаған. Олардың денесінің 
көптеген жерлерін балық қабыршақтарына ұқсас қабыршақтар қаптап тұрған. Бастарынынң үлкен 
болуы олардың өкпемен тыныс алғандығына дәлел бола алады. Бұдан 350-280 млн жыл бұрын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет