Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет33/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

Тынысалу жүйесі. 
Желбезек аппараты: сүйекті желбезек доғасы (4 жұп), желбезек 
шашақтарынан тұрады. Тынысалуы ауыз - жұтқыншақ қуысы мен желбезек қақпақтарының 
қозғалуы арқылы жүзеге асады. 
Қанайналым жүйесі: 
шеміршекті балықтарға ұқсас, құрсақ қолқасының кеңейген алдыңғы 
бөлігі – 
қолқа жуашығы 
деп аталады. Сол бүйректе ғана вена қақпа торы түзілген. 
Жүйке жүйесі: 
сүйекті балықтардың миының құрылысы шеміршекті балықтарға қарағанда 
едеуір қарапайым, әрі миы шағын. Алдыңғы миы кіші. Мидан 10 жұп жүйке тарайды. 
Сезім мүшелері 
– шеміршекті балықтарға ұқсас. 
Зәр шығару жүйесі: 
жұп дене бүйрегі, жұп несепағар, 
сыңар
қуық 
және зәр шығару тесігі 
болады. 
Жыныс жүйесі: 
аналықтарының жұмыртқа жолы болмайды, ал аталықтарының тұқым 
бездері бүйрекпен байланыс-пайды және несепағармен жыныс тесіктері сыртқа жеке ашылады. 
Сүйекті балықтар 2 класс тармағына бөлінеді: 
1.Сәулеқанаттылар; 2. Қалаққанаттылар. 
6.1. Сүйекті балықтардын жіктелуі. 
І-класс тармағы. Сәулеқанаттылар
. Қазіргі кезде кеңінен таралған балықтар осы класс 
тармағына жатады. Жұп жүзбеқанаттарының негізінде бұлшықетті қалақтары болмайды. Миының 
күмбезінде жүйке жасушалар шоғыры жоқ. Бұл класс тармағы 2 отряд үстіне бөлінеді. 
1. Ганоидты балықтар 
– ертеден келе жатқан шағын топты құрайды. Біліктік қанқасы – 
хорда. Қанқасында шеміршек басым, тоқ ішегінде спиральды қатпарлар бар, сушашқыш тесіктері 
айқын. Денесі қарапайым ганоидты қабыршақтармен қапталған. 4 отрядқа бөлінеді: 


а) Бекіретектестер отряды. 
Көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсас (тұмсығы, құйрық 
жүзбеқанатының пішіні, хорданың өмір бойы сақталуы, тоқ ішегіндегі спиральды қатпарлар, 
артериялды конус). Бекірелер – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет