Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет32/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

 
КІЛТТІК СӨЗДЕР: 
ктеноидты, циклоидты қабыршақ, торсылдақ, сүйекті желбезек 
қақпағы, пилорикалық өскіндер, қолқа жуашығы, қуық, клейтрум, клейтрум үсті сүйегі, 
симплектикум. 
Сүйекті балықтар – омыртқалы жануарлардың түрі құрамы өте көп (20 мыннан астам түрі 
бар) класы. Олар барлық су айдындарында тіршілік етуге бейімделген. Сүйекті балықтардың 
қанқасында сүйекті элементтер басым. Сүйекті балықтардың көпшілік түрлерінде дене салмағын 
реттейтін арнайы мүше – 
торсылдақ 
пайда болған. Ауыз тесігі басының алдыңғы шетінде 
орналасқан. Желбезектерінің сыртын 
сүйекті желбезек қақпағы 
жауып тұрады. Үлкен бір жұп 
желбезек саңылауы желбезек қақпағының артқы шетінен ашылады. Құйрық жүзбеқанатының 
қалақтары тең (гомоцеркальды). Аналь, жыныс және зәр шығатын тесіктері сыртқа жеке-жеке 
ашылады. Денесі ірі әрі жалпақ қабыршақтармен (циклоидты, ктеноидты) қапталған. 
Сыртқы түрі мен дене
пішіні. 
Сүйекті балықтардың денесі –бас, тұлға және құйрық деп үш 
бөлімге бөлінеді. Дене пішіні көбіне ұршық тәрізді. 
Тері жабыны 
– шеміршекті балықтарға ұқсас. Сыртқы – эпидермис, ішкі – кутис 
қабаттарынан тұрады. 
Қаңқасы 
– сүйектенген. Білікті қаңқасында (әсіресе бассүйекте) сүйекті элементтер басым. 
Висцеральды бөлімі –күрделенген. Сүйекті желбезек қақпағы пайда болған. 
Бұлшықеттері 
шеміршекті балықтарға ұқсас метамерлі орналасқан. 
Асқорыту жүйесі. 
Ауыз қуысы тікелей жұтқьншақпен, ол қысқа өңешпен байланысқан. 
Қарнының пішіні де әр түрлі. Ішектері біршама ұзын және жуындығы да бірдей. Аш ішек пен тоқ 
ішектің шекарасында көптеген тұйық – 
пилорикалық өскіндер 
орналасқан. Олар ішектің сініру 
бетін ұлғайтады. Бауыры бірнеше қалақты, өт қабы, өт өзегі бар. Ұйқы безі шашыраңқы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет