2.
Түрлі тісті акулалар:
7 түрі белгілі. Тынық, Үнді мұхиттарының
жылы әрі қоңыржай
суларында мекендейді. Өкілдері: Жапондық өгіз акула, Калифорниялық мүйізді акула.
3.
Ламнотектес акулалар:
6 тұқымдасының 20-шақты түрі бар. Өкілдері: кәдімгі
майшабақтәрізді акула, кархародон немесе үлкен
ақ акула, сынатұмсық аула, кәдімгі теңіз түлкісі.
4.
Аратісті акулалар:
7 тұқымдасқа бірігетін 150-ге жуық майда, орташа, өте ірі акулалар
жатады. Өкілдері:
киттәрізді акула, алып балғабас акула,
кәдімгі балғабас акула, кәдімгі
мысықтәрізді акула, жолбарыстүсті акула, сусартүсті акула, сорпалық акула, алып акула.
5.
Катрантектес (тікенекті) акулалар:
4 тұқымдасының 20-ға жуық түрі бар.
Өкілдері:катран, поляр акуласы, ергежейлі акула, жұлдызшалы акула.
6.
Аратұмсықты акулалар:
4 түрі бар бір тұқымдас жатады. Үнді, Тынық мұхиттарының
жылы теніздерінде жағалауға жақын аймақтарында таралған.
Тұмсықтары ұзын әрі жалпақ
семсерге ұқсас. Оның екі шетінде жұп мұртшалары бар, әрі ірі тістері орналасқан. Су түбінде
тіршілік етеді. Өкілдері:
Атлант аратұмсығы, Австралия аратұмсығы, Жапон аратұмсық акуласы.
Достарыңызбен бөлісу: