IV. Шығыр (блоктық)
жүйкелер
– ортаңғы
мидың артқы бөлігінен басталып, көз алмасының
қиғаш бұлшықеттеріне таралады.
V. Үштарамды жүйкелер
–
сопақша мидан басталып, көзге, үстінгі және астынғы жақтарға
таралады,
VI.Әкетуші
жүйкелер
– сопақша мидан басталып, көз алмасының
сыртқы тік бұлшықеттеріне
таралады.
VII. Бет
жүйкелері
– сопақша мидан басталып,
ауыз қуысына, жақ және тіласты доғаларына
таралады.
VIII. Есту жүйкелері
– сопақша
мидан басталып, ішкі қүлаққа таралады.
IX.Тіл
–
жұтқыншақ жүйкелері
– сопақша мидан басталып, тіл мен жұтқыншаққа таралады.
X.Кезеген
жүйкелер
– сопақша мидан басталып, барлық ішкі мүшелерге таралады.
Сезім мүшелері.
Иіс сезу мүшесі – жұп танау тесігі. Көру мүшесі – жұп көз. Көз алмасының
қасаң
қабығы жазық, көз бұршағы шар пішінді. Есту мүшесі – ішкі құлақтан тұрады. Онда үш
жарты иірім өзекшелер бар. Бүйір сызығы жақсы дамыған.
Зәр шығару жүйесі:
жұп бүйрек (мезонефрос), жұп несепағар (вольф өзектері) және клоака.
Ыдырау өнімдері негізінен қаннан, ал амиак желбезектерінен бөлінеді.
Жыныс жүйесі:
дара жынысты, іштей ұрықтанады. Аналықтарында жұп аналық без, жұп
жұмыртқа жолы клоакаға ашылады. Жұмыртқалары ірі әрі сарыуызға бай. Аналықтарының
жұмыртқа жолы мен несепағарлары бір-бірімен байланыспайды. Аталықтарында жұп аталық безі,
жұп тұқым жолы клоакамен аяқталады. Аталықтарының несепағарлары (вольф өзекшелері)
арқылы зәр заттары және жыныс өнімдері өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: