Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу


Шеміршекті балықтар класының жіктелуі



Pdf көрінісі
бет27/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

 
5.1. Шеміршекті балықтар класының жіктелуі 
Шеміршекті балықтар 2 класс тармағына бөлінеді:
1. Тақтажелбезектілер; 2. Тұтасбастылар.
Тақтажелбезектілер класс тармағына белгілі қазба қалдықтарына сүйене отырып, 
палеотологтар ксенактидтер қазіргі кезде тіршілік ететін Тақтажелбезектілердің тегі болуы керек 
деп шамалайды, ал бұлардың акулалар мен скаттарға бөлінуі юра кезеңінде жүзеге асқан. 
Алғашқы борда олар тұтастай қазіргі түрге ие болған. 
Тақтажелбезектілердің басы ұзарған тұмсықпен аяқталады, ал тұлғаның арты бірте-бірте 
жіңішкеріп құйрыққа айналады, ал алға қарай қозғалу қызметін атқаратын басты орган болып 
табылады. Құйрық қанаты гетероцеркальды типті. Горизонталь орналасқан жұп кеуде және 
құрсақ жүзбеқанаттары, сонымен қатар тақ арқа және аналь қанаттары болады. Аталықтарында 
құрсақ жүзбе қанатының ұзарған базальды элементі шағылысу мүшесі –птеригоподияның 
қызметін атқарады. Клоакасы болады.
Басының екі бүйірінде желбезек саңылаулары бар, олардың саны-5, аздаған түрлерінде 6-7, 
желбезек қақпағы болмайды

Көзінің артында бүріккіш тегісі орналасады, ол жұтқыншақпен 
байланысқан. Аузы тұмсығының астында көлденең орналасады. Аузының үстінде жұп танау 
тесіктері болады. Терісі плакоидты қабыршақпен қапталған. Бастың екі жағында және тұлғасын 
бойлай бүйір сызығы созылып жатады. Қаңқасы шеміршекті. Омыртқалары амфицельді. 
Жақтарында тістері орналасады, олардың пішндері әр түрлі болады:жалпақ үшбұрышты немесе 
үшкір конустәрізді. Біз тәрізді, тегіс немесе тісті, бірқырлы не көп қырлы болуы мүмкін. Ішегі 
қысқа, спиральды қатпары болады. Торсылдақ ешқашан болмайды. Жүрегнде артериальды конус 
болады. Ұрықтануы іштей. Көбеюі жұмыртқа салу, тірі жұмыртқа туу және тірі туу арқылы жүзеге 
асады.
1.
 
Акулалар отряд үсті
. Акулалардың тұлғасы әдетте ұзарған. Желбезек саңылаулары басының екі 
бүйірінде орналасады. Жүзбе қанаттары жақсы дамыған. Барлығы да жануартектес қорекпен 
қоректенеді, көпшілігі ірі жемтік аулайтын жыртқыштар қатарына жатады. Қорегін іздеуде иіс 
сезу маңызды рөл атқарады, сол сияқты бүйір сызығы органы (сейсмосенсорлы жүйе) арқылы су 
тербелісін қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет