Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу


 Теңіздің періште акулалары немесе скватинтәрізді акулалар



Pdf көрінісі
бет29/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

 
7. Теңіздің періште акулалары немесе скватинтәрізді акулалар:
бір тұқымдасқа бірігетін 
11 түр барлық мұхиттардың жылы және субтропикалық суларында кездеседі. Өкілдері: кәдімгі 
теңіз періштесі. 
2. Скаттар отряд үсті.
Скаттардың акулалардан ерекшелігі олардың 5 желбещек 
саңылауларының түгелдей бастың вентральды жағында орналасуы. Бұлардың тұлғасы дорсо-
вентральды бағытта күшті жалпайған, ал кеуде жүзбе қанаттары дене мен бастың бүйір 
жақтарымен бірігіп кеткен. Аналь жүзбе қанаты жоқ. Скаттардың тістері өте күшті жалпайған, 
олар үккіш түзейді. Бүріккіші жақсы жетілген, осы бүріккіші арқылы желбезек қуысына су 
жиналады. Скаттар су түбінде тіршілік етуге бейімделген, тек аздаған түрлері пелагикалық 
балықтар. Олар ұлулармен, шаянтектестермен қоректенеді. Скаттар отрядүсті 5 отряд, 16 
тұқымдас және 340- қа жуық түрге бірігеді. 
Скаттардың отрядтары: 
1.
 
Аратұмсықты скаттар: 
7 түрді біріктіретін бір ғана тұқымдас жатады. Сыртқы түрі 
аратұмсықты акулаларға ұқсас, ерекшелігі сезгіш мұртшалары болмайды. Тұмсығы ара пішінді 
ұзын оның жиектерінде ірі тістері болады, бірақ онда мұртшалары болмайды. Әдетте тропикалық 
және субтропиалық теңіздердің тайыз жерлерінде тіршілік етеді. Өкілдері:кәдімгі аратұмсық не 
арабалық, Австралия аратұмсығы. 
2.
 
Рохлетектес скаттар:
оған 50-ге жуық түрді біріктіретін 2 тұқымдас жатады. Пішіні 
жағынан акулалар мен скаттардың аралық формасы болып табылады. Тропикалық 
теңіздердің жағалау маңы аймақтарында тіршілік етеді. Өкілдері: акулақұйрықты скат, 
гитаратәрізді скат.
3.
 
Ромбыденелі скаттар:
3 тұқымдасқа бірігетін 100-ден аса түрі бар. Ромбытәрізді скаттар 
ең алдымен қоңыр салқан және суық су мекендеушілері. Тропикада 2000 м-ден аса тереңдікте 
кездеседі. Өкілдері: қылтықты скат, жұлдызшалы скат, жылтыр скат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет