Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет30/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

4.
 
Орляктәрізді немесе Шаншарқұйрықты скаттар: 
7 тұқымдасқа бірігетін 100 – ден аса 
үлкенді-кішілі скаттар жатады. Көпшілігінің құйрық сабақшасының орта тұсында бір (кейде 2) 
ұзын мүйізді ұшы үшкір шаншары (инесі) болады. Осы шаншары арқылы жауынан қорғанады,әрі 
қорегін ұстайды. Трпикалық және субтропикалық теңіздердің тайыз суларында көптеп кездеседі, 
ал қоңыржай белдеуде сирек. Өкілдері: қызыл шаншар құйрық, алып шаншар құйрық, теңіз 
мысығы, өзен скаты, жапон көбелек скаты, теңіз шайтаны неме манта.. 
5. Гнюсотәрізді немесе Электрлі скаттар:
3 тұқымдасқа бірігетін 40-қа жуық түр жатады. 
Барлық мұхиттардың субтропикалық және тропикалық теңіздерінде таралған. Басының екі 
бүйірінде түрі өзгерген бұлшықет ұлпасынан пайда болған ерекше электрлі мүшелері болады. 
Олардан бөлінетін электр қуаты 8-220 вольтқа жетеді. Олар нашар жүзеді. Өкілдері: кәдімгі 
электрлі скат, соқыр электрлі скат, электрлі скат Морсби. 
Тұтасбастылар класс тармағы. 
Тұтасбастылардың шыққан тегі акулатектестер деп 
саналады және филогенетикалық бүйір бұтақты құрайды. Бұл топ жоғарғы Девоннан белгілі және 
бор кезеңіне дейін гүлденіп өскен. Класс тармағының өкілдерінде тақтажелбезектілер және 
сүйекті балықтардың белгілері бар. Қазіргі кезде тіршілік ететін тұтасбастылдар Химератәрізділер 
отрядына жатады.
Химератәрізділер отряды
. Отряд 3 тұқымдасқа бірігетін 30-ға жуық түрді біріктіреді. Бұл 
отрядқа ұзындығы 60 см-ден 2 м-ге жететін терең су қабатында мекендейтін балықтар жатады. 
Тұтасбастылардың қазіргі өкілдерінің денесі ұршықтәрізді, екі бүйірінен біршама қысыңқы. 
Денесі жалаңаш, сілемеймен жабылған, ал плакоидты қабыршақтар тек птеригоподияларда, арқа 


қанатында тікенектәрізді және майда сақина түрінде, оның ішінде «бүйір сызығы» жүйелерінің 
өзектері жатады, сақталған. Қысқа және биік бірінші арқа жүзбе қанаты тікенімен бірге 
қайырылып арқадағы ойыққа жинала алады. Кейбір түрлерінде арқа тікенегінің түбінде улы безі 
болады. Екінші, қайырылмайтын арқа жүзбе қанаты, құйрық қанатының басталған жеріне дейін 
созылып жатады. Жұп жүзбе қанаттарының түбі етті. Құйрығы – гетероцеркальды, немесе ұзын, 
жіңішкеріп аяқталатын жіпшетәрізді. Химералар денесінің құйрық бөлімін ирелеңдету және кеуде 
жүзбе қанаттарының толқынтәрізді қозғалуы арқылы жүзеді. Тұмсығы доғал. Аузы кішкентай, 
астыңғы, үстіңгі ерні үшқалақты. Негізгі қорегі – су түбі омыртқасыздары: моллюскалар, крабтар, 
офиуралар және теңіз кірпілері. Қорегін тұтастай жұтпайды, тіс тақтайшаларының көмегімен 
тістеп алады немесе ұсақтайды. Аталықтарында екі айыр немесе үш айыр птеригоподиялары 
болады, олар плакоидты тісшелермен жабдықталған. Аналықтары аталықтарына қарағанда үлкен. 
Бір мезгілде бір немесе екі үлкен жұмыртқа салады, олар ұшында жіптәрізді өсінділері бар қалың 
мүйізтектес қапшықпен қапталған. Инкубациялық кезең 9-12 айға созылады. 
Европа химерасы 
(Chimaera monstrosa)
Шығыс Атлантиканың қоңыржай суларында мекендейді, ұзындығы 1,5 м-ге 
жетеді. Бауыр майының емдік қасиетиі зор. Ұзындығы 15-18 см болатын жұмыртқасын жыл бойы 
салады. 
Chimaera barbouri
Жапония, ал 
Chimaera colliei
Америка жағалауларында мекендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет