График а алматы "Білім" 2012



Pdf көрінісі
бет69/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012

Баылау 
сратары


179
Заман ағынына қарай өнеркəсіп пен өндіріс, техника өте жылдам қарқынмен 
дамып барады. Күнделікті қолданылатын компьютер, телевизор, кіржуғыш 
машиналардың, автомобильдердің жұртшылық көріп, танып болмай жатып, 
артынша функциялары, дизайны, құралдары одан да жоғарғы сапалы келесі бірі 
шығып жатады. Міне, осындай техника заманында инженерлік графиканың 
мағынасы бұрынғыдан да зор болмақ. Машина жасау кəсіпорындарында, 
құрылыста, жалпы барлық өнеркəсіп пен өндіріс салаларында заттардың бəрі, 
ғимараттар, бөлшектер жəне олардың құрамдас элементтері бəрі де сызбамен, 
сызбаның көмегімен орындалады.
Сызбадағы проекциялар мемлекеттік стандарттың ережелеріне сəйкес 
орналастырылады 
МЕСТ 2.305-68 (СТ СЭВ 363-76)
. Затты техникалық 
сызбаларда кескіндеу үшін стандарт бойынша көріністер қолданылады. Мұнда
кескінделетін зат бақылаушы мен сəйкес проекция жазықтығының аралығына 
орналастырылған деп есептеледі. Негізгі проекция жазықтар ретінде кубтың 
алты беті қабылданады да, берілген затқа параллель орналасқан жазықтығына 
сəйкес кескіндері кескінделеді 
(
165
-сурет). Осы кубтың алты 
бетінің фронталь проекциясына 
бұрып жайсақ, нəрсенің алты 
кескінін көрсетуге мүмкіндік 
туады (
166
-сурет). Кескіндер 
өзара байланыста орналасады. 
Осы кескіндерге қарап, заттың 
кеңістіктегі көрнекі тұлғасын 
толық көруге болады. Əрине, ол 
үшін адамның кеңістікте ойлау 
қабілеті болу керек. Фронталь 
проекция жазықтығында 
орын далатын кескінді басты 
көрініс дейді. Басты көріністі 
таңдағанда затты кеңістікте 
ерікті, бос орналасу тұрғы-
ХІ-тарау
СЫЗБАДАЫ КӨРІНІСТЕР


180
сынан алады жəне сол нəрсе туралы мүмкіндігінше толық мағлұмат беретін 
бетін орналастырады. 
Фронталь көріністі басты көрініс
деп атайды. Заттың басқа кескіндері, 
басты көрініске өзара байланысты (
167
-суретте көрсетілгендей) орналасады.
Стандартқа сай сызбадағы кескіндер саны, зат туралы мағлұматты толық 
қамтамасыз ететіндей дəрежеде, ал көріністер саны мүмкіндігінше аз болуы 
керек, бірақ заттың барлық ерекшеліктерін, геометриялық формасын жəне 
өлшемдерін толық анықтауға жеткілікті болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет