«БҰҰ ҚК 1325 қарарының қандай қырлары Қазақстанда жүзеге асыру үшін өзекті?» деген
сұраққа
15 сарапшының 7
«бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау шараларына әйелдердің қатысуы», «бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіндегі әйелдердің рөлі мен қосар үлесін бекіту», «әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деп
көрсетті. Ал қалған 8 сарапшы аталмыш
тақырыптың өздеріне таныс емес екендігін айтып,
бұл сұраққа түсініктеме бере алмады.
«Сіздің ойыңызша Қазақстанда БҰҰ ҚК 1325 қарарын жүзеге асыруға кім бастама көрсетеді?» деген сұраққа сарапшылардың
көпшілігі (15 сарапшының 11) резолюцияны
жүзеге асыруға бастама көрсететін негізгі агент
мемлекет деп біледі. Ал үкіметтік емес ұйымдар,
халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам –
мемлекеттің негізгі көмекшілері. 3-С бұл сұраққа
былай деп жауап берді:
«Үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері бірінші кезекте өздерінің мақсатты топтарының прагматикалық және арнайы мәселелеріне ден қоятындықтан, мемлекеттік және халықаралық ұйымдар». «Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен бағдарламалық құжаттарды, заңдарды («Қазақстан Республикасында 2006- 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу» заңы, «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» заң) БҰҰ ҚК 1325 қарарын жүзеге асырудың жолдары ретінде қарастыруға бола ма?» деген сұраққа 15 сарапшының 5 гендерлік
құқықтар мен еркіндіктерді жүзеге асыруға
қатысты қазақстандық үкіметтік құжаттарды БҰҰ
ҚК 1325 резолюциясын жүзеге асырудың
жолдары ретінде қарастыруға болмайды деген
пікірлерін білдірсе, 3 сарапшы бұл құжаттарда
резолюцияның мазмұны қамтылғандығына шүбә
келтірді. 7 сарапшы сенімді түрде «Иә» деп жауап
берді. Олардың ойынша қазақстандық заңдар