Жануарлар экологиясы



Pdf көрінісі
бет2/139
Дата16.10.2023
өлшемі12,6 Mb.
#185679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
Байланысты:
жануарлар экологиясы

ШИЧ 9965-573-42-5
Оқу құралында жануарлар мен оларды қоршаган ортаның өзара 
байланысы, 
ортаның 
факторларьшың 
әсеріне 
жануарлардың 
бейімделу заңдылықтары баяндалды.
Жануарлардың тіршілігіндегі мезгілдік өзгерістер, тіршілік 
нысандары, жануарлардьщ популяциясы мен қауымдастығының 
тұрақты тіршілік ету механизмдері экологиялық және эволюциялық 
тұрғыдан қарастьфылды. Географиялық эрбір белдемнің экологиялық 
ерекшелігіне сэйкес қалыптасқан жануарлар әлемінің негізгі құрам, 
кұрылымдары сипатталды.
Оқу куралы жоғары оқу орывдарының биология, экология, 
геофафия мамандығынын стүленттеоіне аоналған.
© Қаман Үлықпан, 2009 
© С. Торайғыров атындағы ПМУ., 2009
; ББК 28.680я73
2


Л л г ы сөз
Ш
Экология әуелден биология гылымының бір саласы ретінде 
дамып қалыптасқаны баршага аян. Заманауи кажетгіліктерге орай 
казірде гылым мен өнеркәсіптің барлық саласы экологиялық
талаптарга сәйкес оркендеу мақсаты қоиылып отыр.
Бзр мақса^пгы жүзеге асыруда экологиялық білім алудың
маңызы орасан зор. Экологиялык, технологиялық, медициналық,
табиғат пен элеумеггік жэне баскарушы қызмет саласының барлық
мамандарын даярлап оқытуда экологиялық білім беруге басым назар
аударылуга тиіс. 
( .
Тіршілік ету, өмір сүру туралы гылым ретінде алгашкы негізі
қаланган экология гылымы бүгінгі таңда гылымның басқа да көптеген
салаларына етек жайып, бірнеше тарапқа бөлініп жылдам дамып
келеді.
Биологиялык экология тарабының негізгі бір бөлігін жануарлар
экологиясы кұрайды.
Жануарлар экологиясының гылыми жетістіктері тірі агзалар
мен оларды қоршаган ортаның арасындагы жэне тірі агзалардың өзара 
қатынас, 
байланыстарының 
табиги 
зандылықгарьга 
зерттеп 
тұжырымдауга үлкен рөл атқарды. Себебі жануарлар біздің 
планетамызда ен көп түрді құрайтын (1,5 млн. түр) тірі агзалар тобы. 
Сонымен қатар алуан түрлі ортада (суда, топырақга» жер бетінде, тірі
# агзалардың денесінде т.б.) тіршілік етеді. Сондыкган олардың 
қоршаган ортамен байланысы да, өзара қарым - қатынасының түрі де, 
табигатқа жэне адамның шаруашылыгы мен денсаулыгына тигізетін
%
эсері де сан алуан.
Жануарлар әлемінін ал>антүрлі экологиялық кұбылыстарыньщ
гылыми негізін зерттеп, оның сырын ашу 
арқылы жалпы тірі 
ағзалардың барлыгына ортак экологиялық заңдылықгарды терең
тусінуге мүмюндік туады.
Жануарлар мен оны қоршаған ортанын өзара катынасы немесе
байланысы дегеніміз дәлірек айтсақ жануарлардың көбею, дамып 
жетілу, өмір сүруіне коршаган ортаның тарапынан тигізетін жэне 
жануарлардың коршаған ортаға тигізетін эсер, ықпалдарьшың
жиьштығы болып табылады.
Жануарлардың өзара жэне қоршаған ортамен жасайтьін қарым-
қатынасы эртүрлі факторлардың эсер етуі арқылы жүріледі. Сол 
факторларга бейімделу нэтижесінде жануарлар табиғи сұрыптаудан 
өтіп, тарихи даму үрдісін жалғастырады. Сондықтан жануарлардың
3


экологаялык 
ерекшеліктерін 
қарастырғанда 
сыртқы 
ортанын 
факторларының әсерін эрдайым есте сақтау керек.
Жануарлар экологиясы негізгі үш бөлімнен кұралады: даракгар 
экологиясы, популяциялык экология және қауымдастық эколагиясы.
Дарақтар экологиясы жеке дарақ жануарлардың сыртқы 
қоршаған 
ортамен 
қарым-қатынасын, 
ортаның 
факторларына 
талгамын 
және 
төзімділігін; 
жануарлардың 
физиологиялық, 
морфологиялық жэне мінездік сипатына фактордың тигізетін әсерін; 
жануарлардың мекен орньш, геофафиялық таралуьш, сандық 
көрсеткіштерін, белсенділік денгейін зерттейді.
Популяциялық экология жануарлардың түрінің динамикалық 
құбылыстарьш, олардың санының өзгерістерін жэне ол құбылыс пен
өзгерістердің себебін зерттейді.
Жануарлардың қауымдастық экологиясы ягни зооценология бір 
мекенде тіршілік ететін барлық жануарлардың қауымдасып тіршілік 
ету көрінісін, олардың 
өзара және сол мекендегі 
өсімдік, 
микроағзалармен 
қарым-қатынасының 
сипатын, 
өлі 
табигат 
факторларының тарапынан жануарлардың қауымына тигізетін ықпал 
эсерлерді зерттейді.
Жануарлар экологиясының қағидалары 
мен деректерінің 
нэтижесінде сирек жэне жойылып бара жатқан жануарларды қорғау, 
экономикалық маңызы зор жануарларды өсіру, мекендестіру,
шаруашылыққа жэне денсаулыққа зиянды жануарлармен күрес
жүргізу жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік туады.
Аталмьші мэселелер туралы үғым, шешім, дәлелдеме деректерді 
бүл оқу қүралында мүмкіндігінше толық қарастыруға назар 
аударылды. 
г.
^
Оку құралының жалпы мазмұны Қ.С. Кошюмбаев (2002) 
қүрастырып 
Қазақстан 
Республикасының 
білім 
жэне 
ғылым 
министірлігі бекіткен «Жануарлар экологиясы» пэнінің типтік 
бшгдарламасына негіздедді.
4


Адамнык тарихи даму дәуірі жануарлар әлемімен тығыз 
байланыста журіліп келеді. Адамзат пайда болған алғашқы кезінен 
бастап жануарларды және оның өнімін тамақ, киім, баспана, дәрі- 
дәрмек, қару-жарақ т.б. шаруашылық бұйым ретінде кеңінен 
пайдаланып келеді. Сондықтан жануарлардың өмір 
тіршілігі, 
олардын пайдасы мен зияны туралы ұғым, түсінік адамдарда ерте
заманнан қалыптаса бастаған.
Жануарлар экологиясы - жануартану (зоология) ғылымьшың 
тарабына жататын дербес ғылым. Ол жануарлар физиологиясымен 
тығыз байланыста, физиологияның зерттеу әдістерін кеңінен қолдану
арқылы көптеген табыстарға қол жеткізді.
Жануарлардың тіршілік ету ерекшеліктері туралы ғылыми 
деректер біздің дэуірімізге дейінгі табиғат зерттеуші білімгерлердің 
еңбектерінде айт<флықтай орын алады. Г ректік ұлы галымы 
Аристотелдің 
(бл.д. 
384-322ж.) 
«Жануарлар 
тарихы», 
«Жануарлардың шыгу тегі туралы» атты еңбектерінде 500-дей түрлі 
жануарларды әрт\рлі топтарға жіктеп, оларға морфологияішқ 
аньпстама берумен қатар солардың көбісінің мінездік ерекшеліктеріне 
эсірссе балықтар мен жыл құстарының көшіп қоныс аудару, мекен 
ауыстыру, ұя салу, өзін корғау үшін жасаитын іс әрекеттеріне 
сипаттама жасайды. Аристотелдің аса көрегендікпен жасаған 
жануарларды топтарга бөліи жіктеу жүйесі ешбір түзетусіз ХУШ 
гасырга дейін қолданылып келді. Қазіргі замандық жіктеу жүиесінің 
негізін калаған К. Линнейдің өзі Аристотельдің жүйесіне айтарлықгай
өзгеріс енгізген жоқ.
Біздің дәуірдің 27-79 жылдарында өмір сүрген Плиний «Табиғат
тарихы» деп аталатын 37 кітап еңбегінде жануарлардың шыгу тегі, 
жіктелуі, тіршілік етуі жэне мінездік ерекшелікгеріне катысты
мәліметтер береді. 

;
Орта ғасырлар дэуірінде діни — философиялық ілімдер кең оріс
алып, шіркеулер гылымға басымдьпс көрсетуіне байланысты 
табиғатты зерттеу жұмыстары тоқырап қалды. Кұдайга қүлшылық, 
дінге сенушіліктің күшті болғаны соншалық 6 аяғы бар шыбынды 
діни кітапгарда: «шыбында 4 аяқ бар» деп жазылғаны бойынша 
ғасырлар бойында қайталап жаттай берді. Шыбынның аяғы шынында 
4 пе, эдде басқаша ма? - деп ешкім де байкап бір кдраған жоқ.
Қайта өрлеу дэуірінде географиялық ірі жаңалықгардың 
ашылуы, іехниканың біртіндеп дамуына байланысты 
элемнің эр 
бөлігіне саяхат жасауға мүмкіндік тууының нэтижесінде биология
1 Ж ануарлар экологиясының кы скаш а тарихы


гылымының өріс алып дамуына жол ашылды. Әлемдік кұрлықтың эр 
бөлігіндегі өсімдік, жануарлардың айырмашыльны мен ұксастыгын 
салыстырып, жер - жердің ерекшелігіне ондағы жануарлар қалай 
үйлескеніне ой жіберіп көз жеткізуге мүмкіндік іуды. Соның
Рей, Ж. Турнефор т.б) өсімдік жануарлардың дене қүрылысы, түрлік 
қүрамы т.б. сипаттары олардың мекен орнына байланысты екені 
туралы дәлелді мысалдар келтірді.
ХҮІІ-ХУШ гасырда галымдар жануарлардьщ әрбір тобын 
жекелеп зерттей бастайды. А. Реомюре (1734) жәндіктердіи 
экологиялық ерекшелігін, Трамбле (1744) гидраның тіршілігі туралы, 
П.С. Паллас «Зоогеография» атты 
іргелі еңбегінде 151 түрлі 
сүтқоректі жануарлардын, 425 түрлі қүстардың тіршілігі, көшіп мекен 
ауыстыру, қысқы ұйқыға кету, туыстас кейбір түрлердің өзара қарым 
қатынасы туралы айқын сипаттап көрсетті.
Жануарларға сыртқы ортаның эсер ықпалы туралы француздың
табиғат зерттеуші ғалымы Ж. Бюфонньщ (1707-1788) еңбектерінде
баяндалады. Жануарлардың дамып жетілуіне қажетті жылудың
мөлшері туралы жэне аралар өзінің үясындағы жылылықты реттейтіні
туралы Бюффеннің еңбектері қазірге дейін өзінің қүндылығын сақтап 
келеді.
Жануарлар экологиясын зерітеген жүмыстардың жетістіктеріне 
сүйене отьфып француз ғалымы Ж. Ламарк «Зоология философиясы» 
деген еңбегінде жануарлардың эволюциялық даму дэуіріңде оларды 
қоршаған сыртқы ортаның атқарған 
рөлін 
айқын көрсетті.
Орыс елінде экологиялық ңдеялар алғаш К.Ф. Рульенің
еңбектерінде жарық көре бастады. Ол: «Егер біз қандай бір тірі ағза
басқа ешбір затпен байланыссыз жеке дара тіршілік етеді деп
пайымдасақ, онда ол ағза тыныс алмай, қоректенбей, ешбір
қимылдамай жэне әлемдік тартылыс күшіне, кысым мен булану т.б
заңдылықтарға бағьшбай өмір сүреді деп оғаш қорытынды жасаған 
болар едік деп түжырымдады.
К.Ф.Рульенің ізбасар шэкірті К.А. Северцов (1950) жануарлар
тіршілігшдегі мезгілдік оқиғалар мен көріністер туралы, көбею
қарқыны мен жас жасау мөлшерінің өзара байланысы туралы жэне
жануарларды тіршілік нысаны бойынша жіктеу туралы ұсынымдар 
жасады. 
Т
Ч. Дарвинның «Түрлердің шығу тегі» (1959) атты еңбегіндегі 
эволюциялық теорияның көптеген деректі қағидалары экологиялық 
күоылыстарды ғылыми тұргыда түсінуге мүмкіндік туғызады.
6


Эволюциялық теориддан нэр алған Қ. Мебиус (1877), Бахметьев 
(1901), Сэтон (1911), Шелфорд (1911) қатарлы көптеген ғалымдар 
жануарлардың өзара және жануарлар мен сыртқы ортаның 
факторларыньш арасьшдағы байланыстарды егжей-тегжейлі дәлелдей
бастады. 

л /
Экологиялық зерттеу жұмысын теориялық жэне әдістемелік 
дұрыс бағытта жүргізуде Д.Н. Кашкаров туындылары орасан зор рөл 
атқарды. Оның «Орта және қауымдастық» (1933), «Жануарлар 
экологиясының негіздері» атты жинақтары экологиялық зерттеулердің
эрі карай дамуына үлесін қосты.
XX гасырдың екінші жартысынан жануарлар экологиясы
теориялық мэселелермен қатар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы
мен орман шаруашылығы салаларының практикалық мәселелерін
ғылыми түрғыдан шешуге өзінің пайдалы ықпалын тигізе бастады.
В.А. Догель, Ю.И. Полянскийлер қарапайым жэндіктерді зерттеу
(протистология) шеңберінде, К.И. Скрябин тоғышар құрттарды
зерттеу 
саласьшда 
(гельминтолгогия) 
Е.Н. 
Павловский, 
В.Н.
Беклемишевтер ауыру тудыратын жэне аурудың қоздырғышын
тасымаддап, жүқтырып тарататын жәндіктер туралы кең көлемді
зертгеу жүргізіп, сонын нәтижесінде табиғи ошақты жүқпалы аурулар
туралы ілім жүйесі калыптасып дамыды.
Академик М.С. Гиляровтың еңбектерінің нэтижесінде топырак
• жануарларын экологиялық түрғыдан зерттеу бағыты өріс алып 
дамыды. Теңіз, мүхит жануарларын зертгеуде Л.А. Зенкевич, 
балықгардың экологиясын зерттеу бағытында Е.К. Суворов, Г.В. 
Никольский, қүстардың биологиясы мен экологиясын зерттеуде А.В. 
Михеев, В.Д. Ильичев, И.А. Шиловтар үлкен үлес қосты.
Жалпы жануарларды даракгық, популяциялық, қауымдастық 
экология деңгейінде зерттеу мәселелерін 
жүйелі түрде жинактап 
оқулық, оку күралдарын қүрастыру ісіне И.В. Кожанчиков (1961), 
М.П. Акимов (1959), Б.Г. Иоганзен (1959), Н.П. Наумов (1963), 
В. В. Яхонтов (1964), И.А. Шилов (1985), А.М. Гиляров (1990), 
Г.В.Никольский (1974) катарлы профессор ғалымдар өздерінің еңбегін 
арнады.
7




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет