328
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
жаксы нәтиже береді. В-жасушалы созылмалы лимфолейкозды табуда
моноклонды антиденелердін манызы зор. В-жасушалы СЛЛ (созылма-
лы лимфолейкоз) үнемі бір бастаушы жасушасынан дамығандыктан,
бір клонға жатады және олардын беткейлік иммуноглобулиндері
бір типтес келеді. 60-жылдардын ортасынан бастап онкологиялык
ауруларды тексергенде, кан сарысуындағы рак эмбриондык (альфа-
фетопротеин және ракэмбриондык антигендер) антигендер аныктау
әдісі колданыла басталды. Алғаш рет ол әдісті гельдегі препипитация
серпілісі көмегімен өткізген
(Оухтерлони бойынша екіреттік диффу-
зия тәсілі),
ал сонғы жылдары иммунферментті және радиоиммунды
тәсілдер колданылады. Олар белгілі біркатар рак эмбрионды антиген-
дерге карсыланған адамдағы катерлі ісік варианттарымен (бауыр ісігі,
ток ішек ісігі, ұйкы безі карциномасы, нейробластома, тератома, лей-
коз және тағы баскалар) сәйкесті стандартты моноклонды антиденелер
кұрамаларын колданумен жасалынады.
Белгіленген
моноклонды антиденелерді
соңғы жылдары баска ар-
найы нәруыздарды — обыр тасымалдануына катысатын онкоген зат-
тарын және баска да мутантты гендерді аныктауда колданып жатыр.
Моноклонды антиденелер көптеген ісік түрлерінін тұкымкуалау
бейімділігін шақырушы гендерді аныктауға да мүмкіншілік туғызады.
Солай, мутантты Мус-нәруыз аныкталуы Беркит лимфомасы, кеуде
обыры, өкпе, асказан обырына тән. Вс1-2 онкогенмен кодталған
нәруыздар В-жасушалық лимфомаға тән. МДМ-2 — онкоген өнімдері
адамда болатын әр түрлі саркомаға сай. Негізгі ісік супрессиялаушы
гендер өнімдерінін бірі — р53 нәруыздың мутантты түрі, адамнын кен
спектрлі катерлі ісіктерінде анықталған. Бұзылған АРС геннін табы-
луы тікішектегі ісікте тұкымқуалаушык рөлді аныктайды. ВКСА 1,
ВКСА 2-гендері сүт безі ісігіне тұкымдык бейімділігін көрсетеді. Кдзір
катерлі ісіктерге ауыстыратын тұкымкуалаушы мутантты гендердін
біркатар тізімі бар. Бірнеше ғылыми өндірістер, ғылыми ұжымдар
иммунодиагностика үшін арнайы моноклонды антиденелер коспасын
дайындаған.
Достарыңызбен бөлісу: