С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет165/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

адам бойындағы вирус қоздыратын ісіктерге қарсы егулер
жақсы нәтиже беруде.
Мысал ретінде, 
Эпштейн—Барр вирусы
тудырған 
ісікте және 
Беркит лимфомасында
егу шаралары өте шипалы келді.
Өзіне карсы күшті иммунды жауап шакыру үшін Эпштейн-Барр 
вирусынын генін енгізеді. Бұл вакцина Эпштейн-Барр вирусына 
карсы күшті жасушалык және гуморалды иммунитет туғызып, Беркит 
лимфомасының даму мүмкіндігін төмендетеді. Бүл тәсіл ісікке


332
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
карсы иммундаудын Беркит лимфомасы таралған жерде, яғни вирус 
ошағында, алдын алу шарасы регінде колданылады және осы ісігі бар 
ауруларда арнайы иммунды жауапты күшейту үшін пайдаланады.
Бірак, катерлі ісікке карсы активті вакциналау клиникада кен 
таралмағандығын айта кеткен жөн. Сонда да болса, тазартылған ісік 
антигендерінен және ісікке арнайы жасанды түзілген пептидтерден 
тұратын вакцина дайындауда көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп 
жатыр. Казір біркатар ісікке карсы пептидті вакциналар клиникалық 
тәжірибеден өтіп жатыр, олардын нәтижелерінен ісіктердің регрес- 
сиясы байкалады.
Енді казіргі уакытта колданылып отырған бағыт, ол белгілі ісікпен 
біріккен мутантты гендер өнімдерін және егуге арналған шипа- 
лы нәруыздарды пайдалану. Бұл зерттеулердің көбісі, ісікке карсы 
моноклонды антиденелер алуымен байланысты.
Ісікті иммундау үшін, клиникада баскаша тәсіл кеңірек зерттеліп 
және колданып жатыр, ол — 
бейімділікті (адоптивті) иммунитет.
Онын негізінде қолдан пробиркада 
(іп ^ііго)
Т-лимфоциттердің интер- 
лейкинімен ісік антигендерінің косылуы жасалады. Т-лимфоциттердін 
саны көбейген соң, ол ауруга кайта енгізіледі.
Бұл тәсілдің екі варианты бар. Біріншісі, ол аурудың канынан 
лимфоциттер бөлініп алынады, рекомбинантты ИЛ-2 көмегімен 
ол іп 
у і і г о
жағдайында белсендіріледі, көбейеді, содан сон ауруга 
кайта енгізіледі. Лимфоциттерді ауру канынан ем колдануға дейін 
бөліп алады. Сосын ауруға операция жасалғанша, сәулелену немесе 
химиялық ем жүргізгенше, оның өз лимфоциттерін 
іп \ііго
көбейтіп, 
лимфокин жандандырған (активтелген) жасуша (ЛАЖ) жасайды, сөйтіп 
оны емнен кейін, ауру ағзасына кайта енгізеді. ЛАЖ-бен бірге, ауруға 
ИЛ-2 енгізіледі, ол жасушалардың еріткіш белсенділігін сактау үшін 
кажет. Осы тәсіл көмегімен, өкпе ісігінің, лейкоз, катерлі меланома 
және баска ісіктердің метастаздарында емдік нәтижелер едәуір жаксы 
болған. Көпшілік жағдайда, мұндай емнен кейін ісіктің ұзак уакьпка 
дейін кетуі және кайталану жиілігі төмендейді. Екінші вариант. ол 
осындай жолмен жүретін, ісік тінінен бөлініп алған лимфоциттермен 
организмге әсер ету. Мұнын негізінде — ісікерекшелі Т-киллерлер ісік 
жасушаларын жабдықтайды. Олар іп 
у і і г о
көбейгеннен кейін емдік 
әсері көтеріледі. Бірак, клиникалык зерттеулер нәтижелері бойынша. 
шеткері ЛАЖ-жасушаларына карағанда, әсердің жоғарылауы үнемі 
кездесіп отырмайды. Оның бір себебі — ісік жасушалары ТОҒ-І 
сияқты затты түзіп, ісікті шабуылдаушы лимфоциттерге қарсы әсер


17-Тарау. Ісікке қарсы иммунитет
333
етуде. Л А Ж -ж а су ш а л а р ы н ы ң негізгі әсер і буған к ар аған д а анағұрлы м
күшті.
Казіргі 
кезде 
(клиникалык зерттеулерде), 
аурудын 
шеткері 
мононуклеарлы жасушаларын немесе аутологиялык ісіктен алынған 
сәулеленген лимфоциттерін 
іп 
уііго
ИЛ-2-мен өсіріп-өндіріп, кайта 
ауруға енгізу тәсілі карастырылып жатыр. Ісік антигендері ИЛ-2 
әсерінен кейін ісікерекшелі Т-киллерлерді көбейтеді. Осыдан кейін, 
Т-киллердің саны 10000 есе көбейіп, ал белсендігі 50—100 есе артады. 
Бірінші клиникалык зерітеулер жаксы нәтижелер көрсеткен. Яғни, 
өршіген меланомасы бар ауруларда 34% жағдайда ісік регрессиясы 
байкалған, сонымен катар ИЛ-2-мен емдегенде, онша жаксы нәтиже 
бермесе де ауруларда регрессия (аурудың беті кайтуы) жиі байкалған.
Бұл тәсілдер өте белсенді жұмыс үстінде, яғни арнайы бейімділік 
емінде кай лимфоциттерді (шеткері немесе ісік шабуылдаушы 
лимфоциттер) колдануды ойластыруда. Манызды мәселелердін бірі — 
ол ісіктелімді антигендерді керек мөлшерде алып, әрі карай дамыту 
тәсілі, себебі бұл тәсілдің әсері — өлген ісік жасушаларындағы арнайы 
антигенді коздыру тәсіліне карағанда, анағұрлым жоғары.
ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ ИММУНДЫ ЕМІНДЕ 
ИНТЕРЛЕЙКИНДЕРДІ ҚОЛДАНУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет