С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет168/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

ІСІККЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАР
Катерлі ісіктер вакцина жасуға күрделі нысана болып табылады, 
өйткені олар калыпты жасушалармен антигендік кұрамы бойынша 
өте ұксас болады, сондыктан ісікерекшелі антигендер әлсіз иммун- 
ды жауап шақырады және жиі вакцина алуға қажетті ісік жасушалар 
популяциясының МНС өнімдерімен ассоциациясы бұзылғандыктан, 
танылуы киынға соғады. Нәтижесінде иммундық жүйе ісікке карсы 
жауап берсе де, көбіне оның әсері төмен болады.
Ісікке қарсы вакцинация
— ол иммуногенді антигендері бар вак- 
циналар енгізу аркылы ісікке карсы белсенді арнайы иммунитет 
калыптастыру әдісі.
Ісікке карсы вакциналар құрамына толык ісік жасушалары немесе 
олардың антигендері кіреді. Олардың кұрамына және иммунды жау- 
ап қалыптасу механизміне карай ісікке карсы вакциналардың келесі 
түрлері белгілі.
• 
Ісік жасушсиіар негізіндегі вакциналар
:
— аутологиялы;
— аллогенді.
• 
Антигендік ісікке қарсы вакциналар:
-
ісік жасушалардың нәруыздары мен нәруыздар фрагменттерінен 
кұралған;
- ДНҚ-вакциналар;
- антиидиотиптік вакциналар;
— дендритті жасушалар негізіндегі вакциналар.
Ісік жасушалар негізіндегі вакциналарға 
тірі аллогенді және ауто

логиялық ісік жасушалар
жатады. Жасушалардың пролиферативті 
кабілеттерін түрлі әдістермен тежейді: иондык сәулелендіру, С ми- 
томицин әсерімен, суыктандыру мен қайта қалпына келтіру немесе 
жасушаға жьтыту әсерімен. Бірак бұндай шаралар ісік антигендерінін 
кұрылысы мен касиеттерін бұзып, вакцинанын эффективтілігін 
төмендетуі мүмкін. Сонымен бірге, бұл шаралар аркылы кен спектрлі 
антигендерді қолдану ісіктің әр антигендік детерминантасынын экс- 
прессиясына назар аудармай, белгілі ісікті емдеуге ықпал жасайды.


17-Тарау. Ісікке қарсы иммунитет
339
Аутологиялық вакңиналардың
негізгі артыкшылығы — олар 
НЬА-өнімдерімен және Т-жасушалык адаптивті иммунды жауап- 
ты белсендіретін тағы баска кұрылымдармен бірге ісік жасушала- 
рына ұксас, сондыктан вакцина мен ісіктін антигендік профилінің 
айырмашылык проблемасы мен бөгде ісіктен тыс антигендер- 
ге аллергиялык серпілістер болмайды. Бұл жағдай аскынулардың 
кауіптігін және патогенді вирустармен және жасушаішілік пара- 
зиттермен контаминациясын төмендетеді. Одан баска, бұндай жа- 
сушалар ағзада көп уакытка дейін жүріп, толык иммунды жауап 
калыптасуында манызды болып табылады. Өкінішке орай, әр жер- 
ден (ісіктің өзінен, метастаздан, лимфа түйінінен) алынған ісік 
жасушалардын антигендік профилі мүлдем әр түрлі болады. Соны- 
мен бірге әр кезде аурудан ісік материалын кажетті мөлшерде алуы 
киындык тудырады, ал алған кезде вакцина алуға кажетті біртекті 
стандартталған ісік жасушалар популяциясын шығару оңайға 
түспейді. Бұндай вакциналар индивидуалды болып табьшады және 
олар кымбатка түседі. Олай болған кезде де, бұндай вакциналар 
казірде клиникалық зерттеудің II және III фазасын өтуде, мысалы, 
меланомада біраз оң әсерін көрсетуде.
Аллогенді жасушаларды
пайдалану кезінде вакцина мен ісік 
антигендерінің ұксастык денгейі төмендейді, сондыктан бұндай вак- 
циналар (поливаленттік вакциналар) ереже бойынша бірнеше ауру- 
лардан алынған жасушалык тізбегінен дайындалады. Бірнеше ұксас 
ісіктерден алынған жасушалык тізбектің коспасы ісік антигендердін 
кең спектрінен кұралуы мүмкін. Вакциналардын бұндай вариан- 
ты вакцина мен ауру антигендерінің ұксастык мүмкіншілігін өте 
жоғарылатады. Бұл вакциналардың артыкшылығы — олар пациенттен 
ісік жасушаларын алмай дайындалатыны және олардың бірнеше рет 
егуге жеткілікті мөлшерін алуға мүмкін болуында. Бұндай вакцинаға 
Мопоп мен әріптестері дайындаған поливалентті меланомалык 
жасушалык вакцина жатады. Ол — беткей иммуногенді глико- және 
липопротеиндер мен ганглиозидтер экспрессияланған үш аллогенді 
меланомалык жасушалык тізбектен тұрады. Бұндай вакциналардын 
клиникалык зерттеуі антигендерге Т-жасушалыкта, гуморалды да түрлі 
адаптивті иммунды жауаптың пациенттер өлімнен сакталу дәрежесі 
жоғарьшауымен байланысты екенін көрсетті.
Аллогенді жасушалар пайдаланудың шектеуіне пациенттің және 
вакииналаржасушаларының НБА-антигендері бойынша ерекшеліктері 
жатады, ол — трансплантат тұрактамау тәрізді серпілісті шакырады


340
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
және вакцинатерапиянын эффективтілігіне теріс әсер келтіреді. 
Мысалы, Меіасіпе (Согіха согр., Сапасіа) — аллогенді меланомалық 
жасушалык тізбектен кұралған лизаттан тұратын вакцина, мела- 
нома ауруларының 5—10% ғана ісікке карсы әсер береді. Бірак бұл 
көрсеткіш А2 мен СЗ тәрізді 1 класс НБА-антигендері бар ауруларда 
манызды түрінде жоғарылайды. Мүмкін, бұндай вакциналарды пай- 
далану үшін пациенттерді НБА-антигендер бойынша іріктеп тандау 
кажет. Егер вакцина мен ісік антигендерінін ұксастығы шамалы бол- 
са, бұндай вакциналардың нәтижесі туралы айту киынға түседі. Соны- 
мен бірге бұндай жасушаларды ұзак пастеризацияласа, жасушалардын 
антигендік фенотипі өзгереді. Өкінішке карай, бұндай вакциналар 
өзгергіш болғандығынан, олар ерекше дайындау, сактау және тасы- 
малдау шарттарын кажет етеді. Сонымен катар, бұндай препараттарды 
стандарттау да киыншылык тудырады.
Бұндай кемшіліктер біраз аллогенді зертханалык жасушалык 
тізбектерден тұратын лизаттар негізінде кұралған вакциналарда жок, 
өйткені олардың негізінде жаксы стандартталған және тұракты пре- 
парат дайындауға болады. Бірак бұндай вакциналардын сапасын 
және нәтижелілігін бакылау проблемалары мен стандарттау пробле- 
масы олардың колдануын шектейді. Мүмкін, сонғы он жылдыктарда 
өткізілген бұндай вакциналардың рандомизацияланған зерттеулері 
аркылы ісікке карсы әсері алынбағаны осы жағдайға байланысты бо- 
луы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет