С. В. Кожанова Жалпы иммунология


ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ АРНАЙЫ ИММУНДЫ ЕМІНДЕ



Pdf көрінісі
бет167/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ АРНАЙЫ ИММУНДЫ ЕМІНДЕ 
МОНОКЛОНДЫ АНТИДЕНЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ
Моноклонды антиденелерді, негізі, ісік жасушаларына тікелей әсерін
шақыра алатын арнайы залалсыздандыруға арналған әр түрлі улы агент-
терді енгізу үшін пайдаланады.
Бірінші осындай тәсіл, ол иммунотоксиндерді — ісікерекшелі 
антигендерге карсы жасушалык удың молекулаларымен тығыз 
байланыстырылған (мысалы дифтериялык токсинмен моноклон- 
ды антиденелерді жасау). Онын максатында, алғашында, накты улар 
колданылған, олар жанама әсер көрсеткен еді, себебі организм жа- 
сушаларын косымша уландырғаны. Осы жасушалардың молекулалы 
кұрылысы мен әсер ету механизмі толык шешілгеннен кейін, ғалымдар 
осы улардың генді инженериялык дәрілерін ашкан, оларда рецепторлар 
болмаған, сондыктан олар калыпты жасушаларға арнайы әсер көрсете 
алмайды. Моноклонды антиденелермен байланыскан соң, олар тек ісік 
жасушаларына жеткізіледі; бұл медицина тарихында алғашкы ісікке 
карсы арнайы дәрілік заттардын кұрылымдык бөлігі болып табыла- 
ды. Клиникалық тәжірибеде иммунды токсиндер жоғары нәтижелігін, 
әсіресе, химиялык еммен бірігіп көрсетті.
Токішек обырының операциядан кейінгі емдеуінде колданылатын 
моноклонды 17-1А-антиденелі — иммунды токсиндер 30% жағдайда 
өлімді төмендеткен. ЬМВ-1 иммунды токсиндер токішек пен сұт безі 
ісігін емдеуде колданылған. Тағы баска, сүт безі ісігінің емінде Апіі- 
Нег2/пе\ү препараты колданылды.
Цитотоксикалык ісікке карсы препараттармен байланыстырылған 
моноклонды антиденелерді колданғанда немесе ісік жасушаларын


17-Тарау. Ісікке қарсы иммунитет
337
сәуледен кейін өлуін шакыратын аса белсенді белгіленген изотоптар- 
мен біріккенде де бұл дәрілердін өте жақсы емдік касиеті аныкталған.
Сөйтіп, шетелдегі (АКШ) ісік зерттеу орталығында адамдағы 
В-жасушалык лимфомасындағы СО20-антигенге карсы бағытталған 
радиобелгіленген В-антиденелерін ауруларға енгізгенде, ісіктің 85% 
жағдайында толык регрессиясы көрсетілген. Осындай зерттеулер Ми- 
чиган университетінің клиникасында да жүргізілген: 28 емге төзімді 
В-жасушалык лимфомасы бар аурулардың 14 толык ремиссия алынған. 
Барлык жағдайлардын ішінде ұзак уакыт ремиссия 79% ауруларда 
болған.
Радиобелгіленген моноклонды антиденелер, химиятерапия сүйек 
кемігі трансплантапиясымен бірігіп, Нью-Йорктын ісік орталығында 
жедел миелолейкозын емдеуде колданылған. Қайталамалы және емге 
төзімді жедел және созылмалы миелолейкозы бар 28 аурудың 27 толык 
ремиссия байкалған.
Қазір лабораторияларда көптеген жана ісік антигендеріне карсы 
моноклонды антиденелер дайындалып жатыр, ал олардың клиникада 
колданылуы күннен-күнге жүзеге асуда. Көпшілік жағдайда иммун- 
ды ем ретінде тышкандардан алынған моноклонды антиденелер жиі 
колданылады. Олар адамда күшті иммунды жауап шакырады, сондықтан 
иммунды токсиндер мен радиобелгіленген препараттар ауруға тек бір 
рет енгізіледі, себебі кайта енгізгенде пайда болған антиденелер дәрілік 
заттарды залалсыздандырады. Бұл жайдың шешуі — 
гуманизацияланған
рекомбинантты моноклонды антиденелерді
ашуға байланысты, атап 
айтқанда тышкан иммуноглобулиндердің Ғс-үзіндісі адамдікіне 
ауыстырылған. Қазір біркатар фирмалар осындай ісікерекшелі моно- 
клонды антиденелер жасау тәсілін зерттеп, клиникалык тәжірибиден 
өткізуде.
Сонымен қатар, 
токсиндер жэне радиоизотоппен біріккен моноклон-
ды антиденелер
дайындау әрекеттері жалғасуда. Ол үшінші ұрпакты 
радиоиммунды токсиндерге жеткізуі мүмкін.
Ісіктің иммунды емінің жаңа әрекеттерінің бірі —
ол ісіктегі тамыр- 
лардың өсуіне көмектесетін нәруыздарға карсы және эпидермалык 
өсу факторларының рецепторларына қарсы иммунды токсиндерді 
*асау. Қазіргі кезде, осы саладағы жұмыс істеп жатқан ғалымдардың 
көбісі — жаңа иммунологиялық әрекеттер дәстүрлі ем түрін өзгерте ал- 
майды, бірак бар әдістердің корын әрі карай жаксартып, күшейте ала- 
Ды деп есептейді. Кейбір кезде, иммунды емдеу жетекші тәсіл бола ала-


338
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
ды, бірак ол көп жағдайда хирургиялык әрекет, сәуле және химиялык 
емнен кейін колданылуы керек. Сөйтіп, иммунды емдеуді түрлендіруге 
болады, себебі оны кабаттастырып, яғни косымша пайдаланса, ерекше 
жаксы ем болады деп күтілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет