С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет169/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

Антигенді вакциналар қурамына бүтін жасушалар емес, ісік
жасушаларының антигендері енеді.
Бір ісіктіц өзінде кен спектрлі анти- 
гендер болуы мүмкін. Кейбір антигендер белгілі бір ісіктерде болады, 
бір антиген түрі ерекше және тек белгілі бір наукаста ғана кездеседі.
Адаптивті иммунды жауапты шакыру кабілеті бар, ісік жасушасынан 
бөлінетін және потенциалды антиген болып табылатын нәруыздарды 
бірнеше топка бөлуге болады. Біріншіден, жасуша генімен кодтала- 
тын калыпты нәруыздар — ісікпен ассоциацияланған антигендер. Б р 
топка калыпты жасушаларда да, ісік жасушаларында да болатын тіннен 
бастау алатын тіннін арнайы нәруыздарын жаткызуға болады (тіннен 
бастау алатын дифференцияланған антигендер). Мысалы меланин 
синтезіне катысатын нәруыз болып табылатын меланомалы антиген- 
дер (тирозиназа, ёРІОО, МАКТ-1/Ме1ап-А, ТКР).
Калыпты жасушалардан минималды мөлшерде ғана бөлінетін, 
иммунды жауапты шакыруға жетпейтін және ісік жасушаларынан 
гиперэкспрессияланған антигендер тобы рактын арнайы иммуноте-


17-Тарау. Ісікке қарсы иммунитет
341
рапиясында кенінен колданылады. Бұған простатанын (аталыкбезі) 
аденокарциномасы кезінде мөлшері көбейетін 
простата-арнайы
антигендері (Р
8
А, Р
8
МА);
мөлшерінін көбеюі сүт безі, ток ішек, ұйкы 
безі рагымен байланыстырылатын — 
муцин;
өкпе, аналык безі, сүт 
безі, простата және ток ішек рагы кезінде аныкталатын 
НЕК-2/пеи
антигендері жатады.
Эмбрионнын ерте дамуы кезінде болып, кейін жойылатын 
обыр
эмбриондық антигендері кейбір
ісік жасушалары кезінде кайталап пай- 
да болуы мүмкін. Кұрсактык дамудың 2—6 аптасында ас корыту жол- 
дарында, ұйкы безінде және бауырда кездесетін рактын эмбриондык 
антигендері ток ішек, өкпе, сүт безі рагы кезінде байкалады. 
Эмбриондык бауыр жасушаларынан және өт капшығынан бөлініп 
шығатын альфа-фетопротеин ересектердін кан сарысуы құрамына 
кіреді және біріншілік бауыр рагы кезінде мөлшері көбейеді. Бағаналы 
жасушаларда бар, дифференпиялану кезінде жойылатын теломераза- 
нын денгейі ісік жасушаларында жоғарылайды және бүл фермент 
күшті антиген болмағанымен, белгілі бір жағдайларда оған карсы ар- 
найы иммунды жауап косылуы мүмкін.
Ісік пайда болатын тіндердін жасушаларынан экспрессиялан- 
байтын неоантигендер баска калыпты жасушалардан экспрес- 
сиялануы ыктимал. Мүндай антигендердің пайда болуы калыпты 
жасушалардағы «үндемейтін» гендердің ісікті трансформациялануы 
кезіндегі реактивтенуімен байланысты. Осылайша 
тестикулалы рак
антигендері
(МАСЕ, ВАСЕ, САСЕ, БАСЕ, 8АОЕ, ^Ү -Е 80 , т.б.) 
меланоциттерде экспрессияланбайды, алайда меланоманың және 
қалыпты жұмыртка жасушасы мен плацента жасушаларында кездеседі. 
Тек меланоциттердің неопластикалык трансформациясынан соң 
көрінетін және жұлын мен мида әрдайым болатын 
ганглиозды антиген-
дер
механизмі де жоғарыдағыларға ұксас болып келеді.
Тек кана ісік жасушаларында экспрессияланатын арнайы ісік 
антигендері белгілі бір адамнын ісігіне немесе белгілі бір ісіктін түріне 
карсы адаптивті иммунды жауапты туғызатын антигендердін манызды 
тобын кұрайды. Бұл топка ДН К акауы бар жасушаларынан экспресси- 
яланатын мутант антигендері жатады. Бұндай модификацияланған мо- 
лекулалар (бета-катенин, СОК4, р53 және баска) бірдей мутацияның 
мүмкіншілігі жоғары болмағандығынан барлык ісіктерде экспрессия- 
лана бермейді. Жұктырылған жасушалардын бетінен экспрессияла- 
натын және вирусты этиологиялы жасушаның катерлі трансформа- 
Циясына ұксатылатын, вирусты антигендер — нәруыздар жеке бөлініп


342
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
карастырылады. Бұл антигендерге жатыр мойын рагымен ассоциация- 
ланатын адам папилломасы нәруызы (Е6, Е7), Эпштейн-Барр вирусы
сонымен катар герпес, гепатит В вирусы және т.б жатады.
Казіргі уакытта осындай 100-ден астам антигенді нәруыздар негі- 
зінде ісікке карсы вакцина жасау жұмыстары атқарылды. Бүгінгі 
күні ісік жасушалары идентификациялауынын әр түрлі жолдары 
карастырылуда, алайда соның ішіндегі ен сәттісі — ісік жасушала- 
рынан комплементарлы ДНК алу, оны клондап, гендерді кодтайтын 
нәруыздарды алғашкы ісік жасушаларына бағытталған адаптивті им- 
мунды жауапты индукциялауға тестілеу технологиялары болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет