Сборник задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa


«Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қызықты деректер



Pdf көрінісі
бет38/115
Дата17.10.2023
өлшемі3,45 Mb.
#186180
түріСборник задач
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   115
Байланысты:
ПИЗА ДАЙЫНДЫ0 ТАПСЫРМАЛАРЫ қазақша (1)

«Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қызықты деректер
3-
мәтін сұрақтарының сипаттамасы
С
ұра
қт
ард
ы
ң 
нөм
ірі
Сұрақтар типтері 
Мәнмәтін 
Құзыреттілік 
К
өп
т
аң
да
уд
ы
қаж
ет
ет
ет
ін
сұ
рақ
тар
Қ
ы
сқ
а 
ж
ау
ап
ты
қаж
ет
ет
ет
ін
сұ
рақ
тар
Ө
зі
нд
ік
Ө
зі
нд
ік
К
өп
ші
лі
к 
М
ек
теп
К
әсі
би
А
қп
ар
ат
ты
із
деу
ж
ән
е 
таб
у 
Ө
зі
нд
ік
Тұ
ж
ыр
ым
да
у 


















54 
3-
мәтін
«Байқоңыр» – әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы. Халықаралық 
маңызы бар нысан туралы келесі қызықты деректерді көп адам біле бермейді. 
1.
1995 жылдан бері Байқоңыр – Ресей Федерациясының құрамындағы 
федералдық маңызы бар қала.
2.
Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті кеңестік ракеталардың құпиясын 
сақтау үшін ғарыш айлағы орналасу жерінің екі сызбасын құрастырды.
3.
Жасалған келісімшарт бойынша Байқоңырды жалға беру мерзімі 2050 
жылы аяқталады.
4.
1950 жылы Қазақ даласында ғарыш айлағын салу құрылысы 
басталғанда ықтимал қарсыластарды алдау үшін Қарағанды облысының 
Байқоңыр кентінде ағаштан тағы да бір ғарыш алаңы салынған. «Восток-1» 
(«Шығыс-1») кемесін ұшырғаннан кейін (кеменің бортында атақты Гагарин 
болған) осы кенттен 300 шақырым жерде орналасқан басқа ғарыш айлағына 
«Байқоңыр» атауы берілді. 
5.
Жер шарын алғаш рет айналып шыққан «Восток-1» кемесінің ұшу 
мерзімі – 108 минут.
6.
«Байқоңыр» ғарыш айлағының астанасы – Байқоңыр қаласы. Қала 
1955 жылдан бері салына бастаған. Құрылыс ғарыш айлағының маңызды 
нысандарын салумен бірге жүргізілген.
7.
130-
дан астам отандық және шетелдік ғарыш «Байқоңыр» ғарыш 
айлағынан орбитаға ұшып шықты.
8.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «Восток-1» кемесі 
белгіленген орбита бойынша 28 000 км/сағ жылдамдықпен қозғалды.
9.
50 жылдың ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1500-ден астам 
әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараты, 100-ден астам континентаралық 
баллистикалық ракета, негізгі ракеталардың 38 түрі, сондай-ақ, 80-нен астам 
ғарыш аппараты және оның модификациялары ғарышқа ұшырылды.
10.
2000 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері – Тоқтар 
Әубәкіров «Жыл адамы» деп танылды. 
11.
Көптеген адамдар біле бермейді, бірақ 1998 жылы ғарышқа екінші рет 
ұшқан Талғат Мұсабаев «Мир» орбиталық станциясын құтқарды.
12.
2001 жылы Талғат Мұсабаев америкалық турист Денис Титомен бірге 
(әлемдік біріншілік) ғарышқа ұшты.
13.
Юрий Гагаринді «ғарышкер» емес, «астронавт» деп атаған. Мұны 
Франция, Ұлыбритания, АҚШ басшылығы Мәскеуге жолдаған құттықтаулар 
дәлелдейді.
14.
Байқоңыр қаласы бұрын «Ленинск» атауына ие болған.
Дереккөзі http://e-history.kz/kz/publications/view/1183 
 
 
 
 


55 
Тапсырмалар:
 
1-
сұрақ.
Өзің үшін қандай ерекше қызықты мәлімет алдың? Жауабыңызды бір 
сөйлеммен жазыңыз.
2-
сұрақ.
Қай мәліметте әлемдік біріншілік туралы айтылған? Мәліметтің нөмірін 
жазыңыз.
3-
сұрақ.
Екінші және төртінші мәліметтерге сәйкес неге ғарыш айлағы орналасу 
жерінің екі нұсқасы болған? Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.
4-
сұрақ.
Мына сурет (38-сурет) қай мәліметке сәйкес келеді? Мәліметтің нөмірін 
жазыңыз.
38-
сурет – Ғарышкер Т. Әубәкіров
 
Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:
1-
тапсырма
1.
Мәтінді зейін қойып оқып шығыңыз.
2.
Мәтіннің тақырыбына зейін аударыңыз.
3.
Кіріспедегі «тұңғыш әрі ең ірі» деген сөздер тіркесіне назар аударыңыз. 
4.
Бір сөйлеммен жауап беріңіз.
2-
тапсырма
1.
Мәтінді көз жүгіртіп қарап шығыңыз.
2.
Мәтіннен санға қатысты мәліметтерге назар аударыңыз. 
3.
Әлемдік біріншілік туралы мәліметке мән беріңіз? 
4.
Реттік нөмірін жазыңыз. 
3-
тапсырма 
1.
Тапсырманы мұқият оқыңыз.
2.
Мәтіннен 2 және 5-мәліметтерді тағы бір оқып шығыңыз.
3.
2 және 4-мәліметтердегі микротақырыптарды белгілеңіз.
4.
Жауабыңызды бір сөйлеммен өз сөзіңізбен жазыңыз. 


56 
4-
тапсырма 
1.
Суретті мұқият қараңыз. 
2.
Оның детальдарына назар аударыңыз. 
3.
Оқылған мәтін мен суреттің қандай байланысы бар екенін ойланыңыз.
4.
Мәліметтің нөмірін жазыңыз.
 
Бағалау кестесі. 
Ең жоғары балл – 4
1.
Жауапта кем дегенде келесілердің біреуі ескерілген:
-
әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағы;
-
халықаралық маңызы бар нысан.
2.
12-
мәлімет. 
3.
Дұрыс жауапта айтылатын мағына: құпиясын сақтау үшін.
4.
Оныншы мәлімет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет