13
публицистикалық
стильдің
жазбаша
түріне
саяси
тақырыпқа
жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды,
шешендік сөздер
публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады. Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең
алғаш қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен экономикасына байланысты. Мәдениеті
ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола
алады. Ресейде XVIII ғасырда ең бірінші газет жарық көрді;
сықақ журналдар шыға
бастайды. Радищевтің “Санкт-Петербургтен Москваға
саяхаты”
сол
кезде
жалынды
публицистикалық
шығарма
болып
есептелген.
XIX
ғасырдың
екінші
жартысы публицистикаға үлкен өзгерістер енген кез болды. Бұл кезде революцияшыл-демократтар
публицистиканы царизмге қарсы күрес құралы етіп жүмсады. В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов,
Н. Г. Чернышевский сияқты сыншы-публицистер өздерінің сын мақалаларында қоғамдық
құрылысты қатты сынға алып, революциялық идеяны қуаттады. Революциялық публицистиканың
ең жоғарғы үлгісі марксистік-лениндік классикалық еңбектер болып саналады.
Жазба публицистика
баспасөз мәдениетінің өркендеп даму дәрежесін көрсетеді. Қазақ баспасөзі — Қазан
төңкерісінің жемісі. “Қазақстанда революциядан бұрын баспа орны болған жоқ. Бірен-саран
шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып басылып жүрді. Қазақ
тілінде ең тұңғыш басылған
кітаптың бірі — “Қозы Қөрпеш — Баян сұлу” қиссасы (ең алғаш -1816 жылы
басылыпты). Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың т. б. шығармалары Санкт-Петербургте, Қазан мен
Уфада, Орынбор мен Ташкентте шыққан. 1913 жылы басылған азын-аулақ кітаптардың
ішінде Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” романы, “Айна”, “Қарлығаш” деген өлеңдері мен
поэмалары Қазанда жарық көрді”. Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт
айтуда
пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер
тақырып болады. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер.
Үндеудің, үгіттеудің мақсаты - жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың
санасына ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: