7
бірі –ақпараттық міндет те, екіншісі –ықпал етушілік міндет. Мұнда аргументтің қаншалықты
нақтылығына басты назар аударылады.
Осыған байланысты ғылыми стильдің екі түрлі қызметі көзге түседі: ғылыми ақпаратты жеткізу
ғана емес, сол ақпараттың көп жағдайда жаңалықтың ақиқаттығын дәлелдеу де, екіншісі –
оқырманның немесе тыңдарманның логикалық ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру. Бірінші
жағдайда әр түрлі формулалар, теңеулер, сызбалар, графиктер т.б. аргументтің құралдары болып
табылады.
Ғылыми стильдің ең басты үш түрлі сапасы:
•
Логикалылық
•
Айқындылық
•
Дәлдік
Мәтінде берілетін ойдың жүйелі орналасып, оның берік мағыналық байланыстарының болуы
логикалылық деп есептеледі.
Айқындылықтың мәнісі –үлкенді –кішілі пікірледің түсінікті қабылдануы, осылайша түсінікті
болуы, сөздің өз мағынасында қолданылуы,
екіұшты мағынаның туындамауы, ойдың нақтылы
жеткізілуі.
Дәлдік ғылыми еңбекте сөз мағынасының бейнелі түрде жұмсалуын қолдамайды. Демек, сөздің
эмоциялық бояуының ғылыми стильде қолданылмағаны жөн.
Ғылыми стильді ғылымдық тегіне немесе циклына байланысты физика математика стилі және
қоғамдық –саяси стиль деп бөлінетінін кейбір зерттеушілер атап өтеді. Бұлай бөлу нақты емес.
Ғылым тілі ағылшын, неміс, орыс тіл білімінде “арнайы мақсаттағы тіл” деп те аталады.
Белгілі бір ғылыми дискурста терминдер қандай да бір ғылыми ұғымды ғана білдіріп қоймай,
сонымен бірге маманданғандықты білдіретін ақпаратқа ие тілдік бірлік болып табылады, сөйтіп
белгілі бір мәтінді біртұтас ғылыми тіл ететіндей тоғыстырушылдық (интеграциялауыштық) қызмет
атқарады.
Ұлттық тілдің функционалдық саласы болып табылатын ғылым тілінің негізгі арқауы –
термин. Басқаша айтқанда термин ғылымдағы “орталық” ұғым, түпқазық ұғым. Қазіргі кезде
мамандық тілінің тілдік, тілдік емес ерекшеліктері барған сайын күшейе түсуде. Мысалы,
салалық
ғылымдар тілінде формула, сызба, символ, схема, сурет т.б. бейвербалды таңбалардың қатары
көбейе түсті. Тіпті ғылымның белгілі бір саласының өзінде әлденеше тармақтар пайда болып, олар
өздерінің терминдік, терминдік элементтер жүйесі арқылы бір-бірінен алшақтай түсті. Бұл бағытты
кәсібицентристік бағыт деп атауға болады.
Ғылыми дискурс негізінен қарым-қатынастың жазба түрінде жүзеге асады, ал ғылым-білім
саласындағы жаңалықтар негізінен алдымен, ғылыми мақалаларда жарияланады. Қазіргі кезде
ғылыми дискурстың ауызша түрі жиналыстардың ғылыми конференция, семинар, дөңгелек үстел,
симпозиум тәрізді түрлерін өтуімен байланысты бұрынғыдан гөрі жанданып, ғылымдағы ауызша
сөздің рөлі арта түсті. Ғылыми мәтіннің лексика-фразеологиялық жүйесі терминдер, ғылыми
атаулардан, бейтарап лексикалық бірліктерден тұрады. Жалпылама тілдегі бейтарап,
көпмағыналы
лексикалық бірліктер дара мәнде қолданылады. Мұндай бірмәнділікке түптеп келгенде, есептейміз,
есептеймін, болып табылады, бірінен саналады, санаймыз, нәтижеге қол жеткізуге болады т.б.
тәрізді штамптардың қолданылуын жатқызуға болады. Бұларды реципиент бір нәрсенің “санын”,
“есебін”, “болжамын”, “табылғанын” көрсету мағынасында емес, белгілі бір нәрсе жайында
тұжырымға, қорытындыға келу деген мағынада түсінеді. Осымен байланысты рецепиент ғылым
саласында болмаса да, мәтіннің ғылыми сөзге жататынын ажырата алады.
Ғылыми мәтінде сөз желісі логикалық жүйеге бағынады, өзара бірімен бірі байланысты
арнаулы ақпараттар баяндалады, сөз сипаттау түрінде болып, дәлдікке ерекше мән берілді. Мұның
өзі ғылыми дискурстың мамандандырылған ақпарат беру//қабылдау
жағынан өзге де
коммуникацияның түрінен (көркем дискурс, публицистикалық дискурстан) ерекше екенін
көрсетеді.
Бірінші жақтық тұлға бейтараптанады, баяндауыш көбіне ырықсыз етіс тұлғасында болады:
жасалды, көрсетілді, анықталды, айқындалды т.б. Бұлай болу себебі, ғылыми мәтіндегі сөз нақты
ситуациядағы сөзден, я болмаса жалпы тілдік мағынасынан дерексіздену арқылы өзгешеленуге
тырысады. Құбылыстың, заңдылықтың объективтілігін көрсету, өзінің ой-пікірін субъективті етіп
көрсете үшін автор ғылыми мәтінде өзін-өзі шеттету тәсілін жоғарыда айтылған тілдік-
прагматикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырады. Сондай-ақ деп айтуға болады, деп
бағаланады, осылай деуге негіз бар т.б. тәрізді тілдік құралдар автордың “тасада тұруының” өзін
салғырт субъект ретінде көрсетуінің ғылыми дискурс прагматикасына тән тәсілдердің бірі.
8
Ғылыми стиль әдетте үш шағын стильге жіктеледі:
•
Таза ғылыми шағын стиль;
•
Оқулық –ғылыми шағын стиль;
•
Көпшілікке арналған ғылыми шағын стиль.
Таза ғылыми шағын стиль белгілі бір ғылым саласындағы зерттеушілер шығармаларының стилі
болып табылады, олар сол әріптестеріне арнап жазылады. Қоғамдық –гуманитарлық ғылым
саласындағы ғылыми еңбектер көпшілікке түсінікті болып келеді. Сонысына қарамастан, таза
ғылыми стильге жатады. Оның басты себебі:
ондай зерттеулерде, айталық, әдебиетті жақсы
түсінетін мәдениетті оқырманды елең еткізерлік нақтылы теориялық тұжырымдар жасалып
отырады.
Оқулық –ғылыми шағын стиліндегі шығармалардың басты мақсаты –шәкірттерге нақтылы бір
ғылымның негіздерінен білім беру немесе ғылымның жеке саласы бойынша тұрақты түсінік
қалыптастыру. Осыған байланысты мектеп оқушыларына арналған оқулықтар ең бастысы
«жеңілден –қиынға қарай, қарапайымнан –күрделіге қарай» деген ұстанымға сай келу керек.
Көпшілікке арналған ғылыми шағын стильде жазылған еңбектер ілгерілерден өзгеше. Олар білім
–ғылымның белгілі бір саласындағы мамандарға немесе білім алуға ұмтылған жастарға емес, жалпы
қауымға, жасына интеллектуалдық дәрежесіне, ұлттық ерекшелігі мен наным –сеніміне қарамастан,
кең аудиторияға арналады. Мақсаты –ғылым саласындағы жаңалықтар туралы немесе елдің ішкі,
сыртқы жағдайы туралы көпшілікті хабардар ету.
Ғылыми стильде диалог пен монолог қолданылады. Соның ішінде монолог жетекші орында.
Ғылыми стильдің ауызша және жазбаша түрлері бар. Жазбаша түрлеріне жататындар: монография,
мақала, диссертация, рецензия, оқулықтар т.б.
Ауызша түріне жататындар: баяндама, жарыссөз, лекция т.б.
Ғылыми стильдің бұл екі түрінің ішінде жазбаша еңбектер жетекші орын алады.
Фонетикалық ерекшелігіне келетін болсақ, ғылыми стильге байланысты еске алатын жай –
еңбектердің көбіне жазбаша түрде болатыны.
Дегенмен, ғалым лекция, баяндамасын ауызша
оқығанда интонация мен паузаның әдеттегі сөйлеудегі интонация мен паузадан айырмашылығы
бар. Ғалым сөйлегенде белгілі бір ұғымға, жаңа түсінікке ерекше екпін беріп, талдауларын
интонация арқылы саралап айтады.
Ғылыми стильдің лексикасы туралы сөз болғанда, ең алдымен ескеретін жағдай терминдерге
қатысты болмақ. Терминдік даар сөздер мен сөз тіркестері екі түрлі: таза ғылыми терминдер және
көпшілікке түсінікті терминдер.
Ғылыми стильдің ерекшеліктерін танытатын көрсеткіштердің бір түрі –морфологиялық тұлғалар.
Морфологиялық тұлғалардың сөз таптарына телулі болатыны белгілі.
Зат есімдердің
қолданылуында қызықты жайлар кездесіп отырады. Сөздердің өздері жекеше келіп, көптік
мағынаны білдіреді. Жекеше түрде қолданудың ыңғайлы тәсілі ғылыми атақ, дәрежелер мен мекеме
атауларына байланысты болып келеді.
Есімдік пен етістік қиысу арқылы көпше түрде жұмсалып, жекешелік мағынаны білдіретіні бар.
Етістіктің шақ категориясының стилистикалық қызметі әр алуан. Ғылыми стильде көбіне етістіктің
осы шақтағы ашық тұлғасы пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: