1. Реттеу
-
бəсекеге қарсы тұру үшін кəсіпкердің өндірген өнімі сапалы
жəне тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыратындай болу қажет. Бұл қызмет
арқылы бəсеке нарыққа қажетті жəне пайдалы өнімдердің шығарылуын реттейді.
2.
Ынталандыру
-
бəсеке жағдайында кəсіпкерлер тəуекелге бару арқылы
пайдасын молайтып ұтады немесе шығынға ұшырау арқылы ұтылып өзінің
қызметін тоқтатады.
3.
Бақылау
қызметінде бəсеке арқылы кез келген кəсіпорынның
экономикалық күші шектеледі жəне бақылауға алынады, яғни тұтынушыларға
тауардың сапасы мен бағасына қарай сатушыларды таңдау еркіндігін береді.
4.
Сауықтыру
қызметінде нарық қоғамға пайдасыз, тиімсіз
шаруашылықтан тазартылып отырады.
Монополиялану да осындай, бағаға бақылаудың бір дəрежесінен өтіп
кетсек, ол қоғамның байлығын талқандауға жəне құртуға əкеліп соғады,
тоқырауға бастайды т. б. Бағалар туралы құпия келісімдер, жасанды
тапшылықтар жасау —
мұның бəрі монополияланудың қауіпті көріністері.
Нарықты экономикалық елдерде кеңінен қолданатын
монополияға қарсы
заңдармен реттеу, бағаға биліктің сол шегін табу əрекетіне жатады.
~84~
Монополияға қарсы заңдар зиянды іс тəжірибені шектеп экономиканың
тиімділігін арттыруға бағытталған.
АҚШ
-
тың монополияға қарсы зандары
барынша жетілдірілген деп есептелінеді, оның бұрыннан келе жатқан тарихы
бар. Ол "үш китке", үш негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:
1. Шерман заңы (1890 ж.). Бұл заң сауданы құпия монополияландыруға,
бір салада жалғыз үстемдік етуге, баға жөнінде келісімге келуге тыйым салады.
2.
Клейтон заңы (1914 ж.)
-
өткізу саласындағы шектеу іс
-
əрекеттеріне,
баға алалаушылығына (барлық жағдайда емес, тек күнделікті бəсекенің
ерекшелігіне байланысты), бірігудің кейбір түрлеріне тыйым салды.
3.
Робинсон
-
Пэтмэн заңы (1936 ж.) —
баға алалаушылығы "баға қайшысы"
т. б. сауда саласындағы істерді шектеуге тыйым салды.
1950 жылы Клейтон заңына Селлер
-
Кефовер түзетуі қабылданды, заңсыз
бірігу ұғымы пысықталды. Активтерді сатып алу арқылы бірігуге тыйым
салынды. Егер Клейтон заңымен ірі фирмалардың көлбеу
бірігуіне кедергі
қойылса, Селлер
-
Кефовер түзетуі тікелей бірігуді шектейді.
Монополияға қарсы заңдарды жүзеге асырушы мемлекеттік қызметтер екі
принципті басшылыққа ала алады. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру,
екіншіден, "парасаттылық принципін" ұстау. Өйткені кең жағдайларда трес
-
терге қарсы заңдардың (мысалы Шерман заңы) ресми жалпы түрде жазылғаны
сонша, АҚШ федеральдық соты осы заңның қолдану сферасына іс істемекші
болған қандай да болсын келісімге келуші екі жақты жатқыза алады. Сондықтан
"парасаттылық принципі" бойынша тек жөнсіз, ақылға сыймайтын сауданы
шектеулер ғана Шерман заңының қолдану сферасына жатады. Бірақ ақылға
сыйымсыз шектеулер деп нені есептеуге болады? Бұл мəселелердің бəрі
трестерге қарсы заңдарды жүзеге асырудың қандай қиын екенін көрсетеді.
Мемлекет қиратушы монополизм қаупі мен бəсекені шектеу қаупінің
(мемлекеттің қандай да болсын араласуы, тіпті бəсекені қолдау мақсатымен,
əрбір бəсекелестік мүмкіндіктерді шектеуге əкеліп соғады) арасындағы жіңішке
соқпақ жолда өзін тең ұстауға тиісті. Монополияға қарсы істер өндірушілердің
(тұтынушылардың) бір тобына басқа топтардың есебінен барынша жеңілдік
жасаудың орнына бəсекені қолдау керек.
Монополиялану фактісін анықтау үшін монополияға қарсы реттеу
математикалық құралдарды жəне жалпы Э. Чемберлиннің, Дж. Робинсонның, В.
Пареттонның т. б. экономистердің жетілмеген бəсеке концепциясының барлық
теориялық аппаратын кеңінен пайдалануды көздейді.
Өкіметтің атқарушы
ұйымдары монополистік шектеулерді болдырмау үшін тек қана "жазалау" емес,
оның алдын алатын жұмыстарды да жүргізеді. Мысалы Əділет министрлігі
трестерге қарсы заңдар, компаниялардың бірін
-
бірі жұтып қоюы, қосылуы
туралы келісімдердің параметрлері бар анықтама материалдар басып шығарады.
Мысалы, бір немесе бірнеше кəсіпорындардың нарықтағы басымдылығы фактісі
туралы қорытындыға негіз болатын белгілер мынадай: бір кəсіпорын үшін —
33%, үшеуі үшін —
50%, бесеуі үшін —
66,6%. Айта кететін жай, трестерге
қарсы заңдар, "үлкен
бизнестің" ірі корпорацияларына қарсы бағытталмаған,
өйткені бір компанияныц мөлшері оған монополия деп карауға негіз бола
алмайды. Монополияға қарсы заңдар тиімді бəсекені бұзатын шектелген іс
~85~
тəжірибеге қарсы бағытталған. Егер рыноктық экономикада уағыздалатын
қосымша шығындар мен қосымша пайданы салыстыру принципі қолданылса,
онда мынаны айтуға болады: монополияға қарсы реттеуге байланысты болатын
шығындар, қанша дегенмен нарықтық экономикадағы монополистік
тенденцияларды шектеуге əкелетін айырмашылықтардан төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |