орнының ең төменгі нүктесінде болса, онда тепе-теңдік орнықты. 51.
Өзара қосылған және түбі ортақ ыдыстарды
қатынас ыдыстар деп атайды.
52.
Паскаль заңы:
Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағытқа өзгеріссіз
беріледі.
53.
Атмосфералық қысым деп Жердің ауа қабығының Жер бетіне және ондағы денелерге
түсіретін қысымын айтады.
54.
760 мм сынап бағанына тең атмосфералық қысымды қалыпты
атмосфералық қысым деп атайды.
55.
Денелер өзара әсерлесу кезінде сақталатын физикалық шамалардың бірі
импульс деп
аталады.
56.
Тұйық жүйе деп сыртқы күштердің тең әсерлі күші нөлге тең болатын жүйені айтады,
яғни тұйық жүйеге кіретін денелер басқа денелермен әсерлеспей, тек бір-бірімен
әсерлеседі.
57.
Импульстің сақталу заңы табиғаттың негізгі заңдарының бірі:
тұйық жүйені құрайтын денелер импульстерінің векторлық қосындысы осы денелердің кез келген әсерлесу кезінде тұрақты болып қалады. 58.
Механикада қарастырылатын энергия
механикалық энергия деп аталады.
59.
Механикалық жұмыс күш модулін орын ауыстыру модуліне және олардың
бағыттарының арасындағы бұрыштың косинусына көбейткенге тең.
60.
Механикалық энергияның екі түрі бар
: кинетикалық және
потенциалдық. 61.
Дененің массасы мен жылдамдықтың квадратының көбейтіндісінің жартысына тең
шаманы
кинетикалық энергия деп атайды.
62.
Өзара әсерлесуші денелердің потенциалдық энергиясы деп осы денелердің өзара
орналасуына тәуелді энергияны айтатыны өздеріңе белгілі.
63.
mgh шамасын дене мен Жердің өзара әсерлесуінің