https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
71.
Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады, әрі бұл
қозғалыстың жылдамдығы дененің температурасына тәуелді, сондықтан оны
жылулық қозғалыс
деп атайды.
72.
Диффузия
– бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық кеңістігіне
еніп кетуі.
73.
Броундық қозғалыс
– сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың
өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулалары соққыларының әсерінен
бейберекет қозғалуы.
74.
Броундық қозғалысқа т
үсініктеме – импульстері аз және кездейсоқ бағытта қозғалып
жүрген көптеген молекулалар броундық бөлшекке бір бағытта соқтығысып қалса, онда
олар бөлшекті біршама ығыстырады.
75.
Газ өзінің көлемін де, пішінін де сақтамайды, себебі өте әлсіз өзара әсерлесу күштері
оларды бір-бірінің қасында ұстап тұра алмайды.
76.
Сұйықтың молекулалары тығыз орналасқандықтан, оларды сығылмайды деуге болады,
міне, сондықтан олар қысым тудырады. Барлық сұйықтар аққыш, демек, олар пішінін
сақтамайды, оның есесіне көлемін сақтайды. Сұйық молекулаларының кинетикалық
энергиясы олардың потенциалдық энергиясымен шамалас.
77.
Қатты денелер
Достарыңызбен бөлісу: