Құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат



Pdf көрінісі
бет48/67
Дата22.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#187365
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67
Байланысты:
растыр ан М хамеджан Н рболат

тордың түйіндері
деп аталады.
87.
Физикада 
қатты
денелер
деп кристалдық құрылымы бар денелерді айтады. Басқаша 
айтқанда, қатты дене бөлшектерінің орналасуында алыс реттілік болу керек.


https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link 
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
 
88.
Поликристалдық дененің анизотропия байқалатын өте кішкентай бөлігін бөліп алуға 
болады, ал аморфты денелердің кез келген бөлігін қарастырсақ та ол әрқашан 
изотропты.
89.
Кристалдағы идеал реттіліктен кез келген ауытқуды кристалдық тордың ақаулары 
(дефект) деп атайды.
90.
Газ қысымы – өте көп молекулалардың күйін сипаттайтын макроскопиялық шама.
91.
Клаузиус теңдеуі газ қысымының молекулалардың концентрациясына және олардың 
ілгерілемелі қозғалысының орташа жылдамдығының квадратына тура пропорционал 
өсетінін көрсетеді.
92.
Идеал газ қысымы көлем бірлігі ішіндегі барлық молекулалардың ілгерілемелі 
қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының 2/3 бөлігіне тең.
93.
Идеал газ қысымы газдың тығыздығына және газ молекулаларының ілгерілемелі 
қозғалысының орташа жылдамдығының квадратына тура пропорционал.
94.
Микроскопиялық
параметрлерге
молекула массасы, көлем бірлігіндегі молекулалар 
саны, орташа жылдамдықтың квадраты, молекулалардың жылулық қозғалысының 
кинетикалық энергиясының орташа мәні т.б. жатады.
95.
Макроскопиялық
параметрге
тікелей тәжірибеде өлшенетін және газды толық 
сипаттайтын, оның ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы жатады.
96.
Термодинамикалық параметрлерлі байланыстыратын теңдеу
 газ күйінің теңдеуі 
деп 
аталады.
97.
Универсал газ тұрақтысы
дегеніміз – заттың 1 молінің температурасын 1 К арттыру 
үшін оған қанша жылу мөлшерін беру қажет екенін көрсететін физикалық шама.
98.
Изотермиялық процесс кезінде берілген массасы тұрақты газдың қысымы оның 
көлеміне кері пропорционал. 
99.
Изобаралық процесс кезінде берілген массасы тұрақты газдың көлемі оның абсолют 
температурасына тура пропорционал.
100.
Изохоралық процесс кезінде берілген массасы тұрақты газдың қысымы оның 
абсолют температурасына тура пропорционал.
101.
Парциал (үлестік) қысым деп газ қоспасының әрбір газы осы көлемді жалғыз өзі 
алатын кездегі қысымды айтады.
102.
Денелердің кез келген өзара әсері кезінде табиғатта болатын барлық процестерде 
энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Энергия тек қана бір денеден екінші 
денеге беріледі немесе бір түрден екінші түрге өзгереді.
103.
Термодинамикалық жүйе бір күйден екінші күйге өткенде оның ішкі энергиясының 
өзгерісі жүйеге берілген жылу мөлшері мен сыртқы күштің жасаған жұмысының 
қосындысына тең және ол осы өту жүзеге асатын тәсілге тәуелсіз болады. 
104.
Жүйеге берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің 
сыртқы күшке қарсы жұмыс жасауына жұмсалады.
105.
Денелердің оқшауланған жүйесінде ішкі энергия өзгеріссіз қалады.
106.
Изотермиялық процесс – тұрақты температурада, газдың бір күйден екінші күйге өту 
процесі. Бойль-Мариотт заңы. 
107.
Термолинамиканың бірінші заңының негізінде изотермиялық процесте газға 
берілген барлық жылу мөлшері газдың сыртқы күштерге қарсы жасаған жұмысына тең 
болады. 
108.
Изохоралық процесс – тұрақты көлемде, газдың бір күйден екінші күйге өту процесі. 
Шарль заңы.
109.
Изобаралық процесс – тұрақты қысымда, газдың бір күйден екінші күйге өту 
процесі. Гей-Люссак заңы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет