Құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат


https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link



Pdf көрінісі
бет49/67
Дата22.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#187365
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Байланысты:
растыр ан М хамеджан Н рболат

https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link 
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
 
110.
Изобаралық процесте газға берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясының 
артуына және поршеньнің орын ауыстыруы кезінде сыртқы күштерге қарсы жұмыс 
істеуге жұмсалады.
111.
Адиабаталық
процесс
деп термодинамикалық жүйеде қоршаған денелермен жылу 
алмасу болмаған кезде, яғни Q= 0 шарты орындалған жағдайда өтетін процесті айтады.
112.
Ішкі энергия, қандай жағдай болса да, толық энергияның басқа түріне өзгермейді.
113.
Егер процесс қоршаған ортада қандай да бір өзгеріс туғызбай, жүйені өздігінен 
алғашқы күйіне қайта оралу мүмкіндігінен айырса, ондай процесс 
қайтымсыз
процесс
деп аталады.
114.
Жылу алмасу жолымен суық денеден ыстық денеге нәтижесі тек қана энергия берілу 
болып табылатын процестің жүруі мүмкін емес. 
115.
Жүйенің ішкі энергиясының белгілі бір бөлігін механикалық энергияға 
түрлендіретін және оның есебінен жұмыс істейтін қондырғылар жылу машиналары 
немесе жылу қозғалтқыштары деп аталады.
116.
Газды бастапқы күйіне қайтарып отыратын газ күйі өзгерістерінің жиынтығын 
периодты түрде қайталанатын
немесе 
дөңгелек цикл
деп атайды.
117.
Жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті деп қозғалтқыштың атқарған 
жұмысының қыздырғыштан алған жылу мөлшеріне қатынасын айтады.
118.
Өзінің сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу 
кеңістікті 
қанықтыратын
немесе 
қаныққан бу
деп аталады. Булану конденсациядан артық 
болса, онда сұйықтың бетіндегі бу және сұйық жоқ кездегі бу 
қанықпаған
деп аталады.
119.
Меншікті булану жылуы неғұрлым аз болса, сұйық соғұрлым тезірек кебеді және 
оның кеңістікті қанықтыратын буының қысымы мен концентрациясы жоғары болады.
120.
Су буының атмосфераның түрлі бөліктеріндегі мөлшері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет