Құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат



Pdf көрінісі
бет52/67
Дата22.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#187365
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67
Байланысты:
растыр ан М хамеджан Н рболат

өрісінің
жұмысы
заряд 
траекториясының формасына тәуелсіз болады. Ол тек траекторияның бастапқы және 
соңғы нүктесінің орнымен ғана анықталады.
140.
Конденсатор
 
өзара жұқа диэлектрик қабатпен ажыратылған екі өткізгіштен тұратын 
жүйе болып табылады

141.
Конденсатор астарларының біреуінің зарядының осы астарлар арасындағы 
потенциалдар айырымына қатынасына тең скаляр физикалық шама
конденсатордың 
электрсыйымдылығы 
деп аталады

142.
Бірдей кернеу кезінде сыйымдылығы үлкен конденсаторда көбірек заряд жинақтауға 
болады.
143.
Ток
күші
деп сан мәні өткізгіштің көлденең қимасынан уақыт бірлігі ішінде өтетін 
зарядтардың мөлшеріне тең физикалық шаманы айтады.
144.
Күші уақыт бойынша өзгермейтін электр тогын 
тұрақты
ток
деп атайды.
145.
Бөгде күштер деп электрлік зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысын 
тудыратын табиғаты электрлік емес күштерді айтады.
146.
Оң және теріс зарядтарды бөлетін құрал 
ток
көзі
деп аталады.
147.
Сыртқы тізбектің кедергісін 
сыртқы
кедергі
, ал тізбектің ішкі бөлігінің кедергісін 
ішкі
кедергі
деп атайды.
148.
Электр
қозғаушы
күш
– ток көзінің теріс полюсінен оң полюсіне оң зарядты 
тасымалдау бойынша бөгде күштердің атқаратын жұмысының осы заряд шамасына 
қатынасымен анықталатын физикалық шама.
149.
Кернеу
– тізбек бөлігінде барлық әсер етуші күштердің атқарған жұмысының 
тасымалданатын заряд шамасына қатынасына тең физикалық шама.
150.
Біртекті өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымын 
кернеу
деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет