Ауру, әрине, жақсы нәрсе емес. Әзірге, шүкір, жаман емеспіз
. Бұл
сөйлемдерге қыстырылып айтылып тұрған қыстырма сөздер «әрине» мен
«шүкір «деген сөздер. Бұлар басқа сөздермен үйлесіп, байланысып тұрған жоқ,
құр қыстырылып тұр. Оны алып тастағанда, сөйлемге келе қоятын кемшілік
жоқ» [1, 286].
«Ең алғаш «одағай» термині Г.В.Архангельскийдің грамматикасында
қолданылған. Ш.Ш.Сарыбаевтың пікірінше, одағай термині «о – деген-ай»
деген үш сөздің негізінде пайда болған. «О» – одағай, «деген» – есімше /айту,
сөйлеу/ әрі «ай» – одағай туғызатын эмоционалды-экспрессивті демеулік
шылау. Осындағы «деген» есімшесі көрші жуан дауыстылардың ықпалынан
өз формасын өзгерткен» [2, 454].
Одағай – көптеген зертеушілердің назарын ертеден аударған сөз табының
бір түрі. Әсіресе одағай синтаксис пен семантика тұрғысында жақсы
зерттелген. Тіл білімін зерттеуші ғалымдардың одағай жайлы айтқан
пікірлеріне тоқталар болсақ, В.В.Виноградовтың тұжырымдауынша: «Одағай
субъектінің эмоционалды реакциясын білдіруге арналған сөйлеу таңбаларының
тірі әрі бай қабатын құрайды» [3,74]. Ғалым одағай сөздерді адамның
эмоциясын білдіретін таңбалар деп есептейді.
Дәл осылай қазақ тілін зерттеуші ғалымдар да одағайға келіп
тірелгенде, оны адамның сезімі, эмоциясымен байланыстырады. Мәселен, Ә.Н.
Нұрмаханова: «Одағай категориясы негізінен кісінің көңіл-күйін, сезімін
білдіру үшін қолданылады» десе [4, 126], З.Д.Туебекова: «Одағай – адамның
тек эмоциясын білдіретін, лексикалық мағынасы мен номинативті қызметі жоқ
сөздер» деп, одағай сөздердің эмоцияналдығымен қатар, олардың лексикалық
мағына мен номинативті қызметке ие бола алмайтындығын да атап өтеді [5, 23].
Р.Р.Хасамудинова осы ойды мақұлдап: «Одағай ерекше сөздер ретінде
лексикалық мағынаға ие бола алмайды, тек сезімдер мен эмоциялар туралы
хабар береді» дейді [6, 108].
Одағайдың синтаксистік табиғаты М.Б.Балақаевтың грамматикасында
ғана айтылған [7, 111]. Ол одағайдың жалғыз өзі сөйлем құрай алатынын, бірақ
өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайтындығын айтып өтеді. Ғалым
209
одағайлардың көп мағыналылығын да айқын көрсеткен. Адамның көңіл күйі
құбылмалы болғандықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары да
құбылмалы ауыспалы, демек, көп мағыналы болып келеді.
М.Б.Балақаевтың жетекшілігімен қазақ тіліндегі одағайлардың қызметін
зерттеген Ш.Ш.Сарыбаевтың еңбектеріне тоқталмау мүмкін емес. Ғалым –
қазақ тіліндегі одағайлардың зерттелу тарихын, оған тән емлелерді,
классификациясын, одағайлардың бір және көп мағыналылығын, олардың
дауыс ырғағы /интонация/ мен грамматикалық ерекшеліктерін қамтып, толық
зертте у жұмысын жасаған зерттеуші. Мәселен, ол «Одағай – субъектінің әсері,
көңіл-күйі, сезімін белгілейтін өзгермейтін сөздер» деген анықтаманы қолдай
отырып, сонымен бірге, күнделікті әдет-ғұрып пен сыпайылық формасына
қатысты /рақмет!, құп!, қош!, хайыр!/ сөздерді ескере отырып, айтылған
анықтамаға толықтыру енгізіп: «Одағайлар, сонымен қатар, күнделікті
қатынастың көпшілік мақұлдаған әдет-ғұрпын анықтайтын сөздер» деп
көрсетеді [8, 455].
Сонымен, қазақ тіліндегі оқшау сөздердің зерттелуіне шолу жасау
нәтижесінде олардың тек синтаксис пен семантика тұрғысынан ғана
зерттелгеніне көз жеткізуге болады.
Оқшау сөздердің жалпы тілдегі алатын орны мен қызметі, олардың
семантикасы және стильдік қызметімен байланысты. Сол қызметін атқаруда
ол жеке формаларда құралған сөздерге негізделген сөйлеу тәсілдерін керек
етеді. Сондай ойды айтудың ең басты тәсілі сөйлем. Жеке сөздер сөйлем
құрамында жұмсалу үшін өзара мағыналық әрі грамматикалық байланыста
айтылады да, белгілі қарым-қатынасқа енеді. Өйткені бір-бірімен
грамматикалық тығыз байланыстағы сөздер тобы ғана біршама тиянақталған
ойды, хабарды, ұғымды білдіре алады.
Сөйлемнің мазмұны тек пікір білдірумен шектелмейді. Сөйлем пікірді
айтушының түрлі эмоциясын қосып атайтыны белгілі. Мұнымен бірге
сөйлемнің мазмұнына тыңдаушыны үндеу, яғни оның назарын сөзге аудару,
байланыс жасау да кіреді. Осыған орай К. Бюлер тіл үш түрлі қызмет атқарады
дейді, ол қызметтер мыналар: пікірді хабарлау, эмоцияны білдіру, үндеу.
Үндеу, сөз жоқ, тілдің қосымша атқаратын қызметі. Тілдің негізгі қызметі –
пікірді хабарлау. Үндеу осы пікірді хабарлау, тыңдаушыға жеткізу
нәтижелі, анық болу үшін жәрдемдеседі.
Қаратпа сөз сөйлемнің коммуникативтік талабына сай түрліше
мағыналық өң алады, сонысына сай лексикалық, грамматикалық, интонациялық
түрге ие болды. Ол бірде сөзді қатал, суық, сұсты етіп көрсетуге қызмет етсе,
бірде сыпайылықты білдіру үшін қызмет етеді. Мұндайда ол өзіне түрлі
демеулік сөздерді үстейді.
Кісі атын білдіретін жалқы есімдер тәуелденіп, қаратпа сөз ретінде
жұмсалғанда, сөйлеушінің үстем, өктем, кекетіп сөйлеуін білдіреді.
Қаратпа сөздің осылай жұмсалуы, мына мысалдардан айқын көрінеді.
«Жарайсың, Бейімбетім» деді де, Байболат ұмтылып барып оны арқаға
қақты»
(С.О.).
210
«Сүйіндік баласы Асылбек ру жігі бойынша Күнтулермен бірге болса да,
кесір іске бармайтын адал адам болған. Абайга өз басы дос. Үйде жатқан
момын жан екен. Соған бір күн Жиренше кеп амандасқанда:
–
Аманбысың, Байғызым, тастың арасында тек жатып, түбін ойлап
жатырсың ғой,
–
дейді. Асылбек соған орай:
–
Аманбысын, Бәбісегім!
–
деп мысқылдайд»
(М. Ә.).
Тәуелдік жалғаудың бұл тәрізді синтаксистік қызметі бастауыш мүше
құрамынан да байқалады. «
Жіліктің майлы басын анадайдан таниды-ау кәрің!
–
деп Жақып мәз болып қалды»
(Ғ. М.).
Қаратпа сөздер, сөйлем құрамында негізгі қызметке қоса актуализация
үшін де жұмсалатыны бар. Бұл әсіресе оның орын тәртібіне байланысты.
Қаратпа сөздің орны көп жағдайда сөйлемнің ой екпінін түсіретін мүшесінің
жанында болады. Мысалы: «
Тұр, құда, аяғыңды жи. Шалжиып жата
бергенше, басыңды көтерсеңші»
(Б. М.).
Осы тәрізді қосымша қызмет жүктелуіне байланысты бір сөйлемде бір
емес, екі қаратпа сөз қатар қолданылатын жағдайларда кездеседі.
Сонымен қаратпа сөздер көркем мәтінде дербес түрде немесе қатар келуі
нәтижесінде түрлі семантикалық сипатта қолданылады. Семантикалық
сипатындағы ерекшеліктер олардың стильдік мақсаттағы қолданысымен де
байланысты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |