Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет2/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Академиялық мәселер жөніндегі 
проректор,
т.ғ.к., доцент 
 
Уалиханова Баян Сапарбекқызы 
–Ғылыми жұмыстар және 
инновациялар жөніндегі проректор 
м.а., PhD 
 
Байғұт Ақлима Мархабатқызы 
-Әлеуметтік және тәрбие ісі 
жөніндегі проректор, ф.ғ.к. 
 
Тажекова Ақмарал Джаксыбековна 
-Ғылыми зерттеулер офисінің басшысы, 
г.ғ.к., доцент м.а. 
 
12 - сәуір – Ғылым күніне орай өтетін «Байтанаев оқулары-Х» және
білім алушылардың дәстүрлі республикалық XІ ғылыми-тәжірибелік конференциясының
 
ғылыми мақалалар жинағы. Шымкент,2022. -
618
бет 
Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х» и
ХІ традиционной республиканской научно-практической конференции обучающихся, приуроченных 
к 12 апреля – Дню науки. Шымкент, 2022. -
618 
стр.
 
 
Collection of scientific articles of the scientific practical conference "Baitanaev readings-X" and
the XI traditional republican scientific practical conference of students,
dedicated to April 12 – Science Day. Shymkent, 2022. -
618 p.
 
ISBN 978-601-7968-09-0 
 
Жинаққа Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының 
нәтижелері ендірілді. Барлық жарияланымдар авторлардың редакциясымен берілген. 
© Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, 2022 



 
ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ 
ӘОЖ
ТАБИҒАТ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЛИРИКАЛЫҚ КЕЙІПКЕР 
Спатаева А.К
. - 1-курс магистранты.
Ғылыми жетекшісі: Мынбаева А.П.
– PhD доктор.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент.
Резюме
 
Поэзия қашан да адаммен бірге, адами мінезбен бірге астасып жатқан сезім күйі. 
Поэзияның өзіндік сыры көп, кейде ақынның өзі біле бермейтін дүниелермен толысып 
жатады. Соның ішінде лирика автор ойымен бірлесіп жатқан сезімге толы дүние 
болғандықтан сыртқы ортамен де тікелей байланысты.
 
 Лирика - бір кезең мен ортаның жемісі, сол уақыт пен кеңістіктің жан сезімі, 
сырлы шері. Яғни біздегі лирика - ақынның рухани өмірінің, сырлы әлемінің, ой дүниесінің 
көркем суреті екені анық. Мақалада табиғат лирикасындағы табиғат пен автор бейнесінің 
көрініс табуы суреттеледі. Табиғат пен адам егіз ұғым екендігі сөз етіледі.
Лирикадағы басты бейне - лирикалық қаһарман. Ал лирикалық қаһарман 
автордың жасап алған бейнесі, шындық ойы, көркем сомдаушысы, қоршаған 
ортаның жинақталған бейнесі. Осы жинақталған бейненің атынан сезімін 
білдіру, лирика арқылы ойын жеткізу, оны көркемдеп кестелеу ақынның туған 
дүниесі.
Асылында табиғат пен адам бір-бірімен тығыз байланысты. Әрбір ісі де, әрекеті 
де, сөзі де, ойы да табиғатпен астасып жатыр. Одан қол үзбейді де. Осы орайда 
қай ақынның табиғат тақырыбындағы өлеңдерін оқысақ, лирикалық бейненің 
мінездерін, сырлы да шерлі ішкі дауыстарын, ойлы орамдарын, жан-дүниесімен 
ортаны қабылдауын байқаймыз. Соған қарай оқырман да өлең ішіне ене түседі, 
табиғатпен сырласа бастайды.
Лирикалық өлеңге автордың ішкі әлемінің сыртқы себептермен, жалпы 
шындық өмірдің кейбір сәттерінен қатты толқынуын, кейбір сәттерінің 
әсерімен сүйініш-күйінішін, басынан өткен оқиғаның салдарынан өзімен 
сырласуы табиғатпен байланысты екенін көреміз. Ақынның көңіл күйі 
әрқашан да өзі өмір сүрген қоғамның хал-жағдайына байланысты. Ол шаттанса 
да, жабырқаса да, қуанса да - бәрі лирикада көрініс табады. Оның сырын 
оқушы түсінеді және сезіп отырады.
«Лирикадағы адамның жан диалектикасы ақынның бір сәтте жарқ еткен 
нұрлы ойының сол мезетте, жарқ етіп тұтас көрінген ішкі сырлы дүниесінің бір 
саздан басқа бір сазға ауысып, ұласуы, жалпы қимыл-қозғалысы» [1]. Лирика 
ақынның ішкі сезімін терең бейнелесе, сол өмірдің де, ойдың да суреті болып 
шығады. Лирикалық өлеңдердегі басты кейіпкер ақынның өзі десек, ақиын 
ақын М.Мұқағалидың қуанышты сезімін білдіретін «Біздің көктем» өлеңінен 
айтуға болады. Көктем мезгілі күн мен түннің теңелген, жуанныңс жіңіщкеріп, 
бүкіл жасылдың бүршік ататын, Жылдың басы саналатын Жаңа жыл – 



Наурызға келетіндіктен ерекше сезіммен, көңіл күймен жырлайды. Өлеңнен 
ақынның ерекше сезімде тұрғанын аңғаруға болады. Ақын бұл өлеңінде өмірдің 
қайта келмес сәттерімен байланыстырып, қуанышқа толы кездерін, көктем 
мезгілімен астасып жатқан әдемі кезеңін бейнелейді. Өмірдің келешегін 
көктемге теңеп, қыз бен жігіттің әрекетін көктемнің ауа райымен байланыстыра 
суреттейді. Көктем мезгілі жер-дүниенің жасарып, тіршілік атаулының 
басталар тұсы және табиғат ананың бусанып, айнала әртүрлі гүлдерге көміліп, 
жасыл желекке бөленер сәті болғандықтан ақын көктемді өмірдің, басы ретінде 
қайталанбас сәттерін бейнелеп береді.
«Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, 
Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт. 
Көктем келді. Өмірдің келешегі – 
Көкпен бірге дүркіреп төл өседі. 
Сағым қыздың ап қашып орамалын, 
Асыр caп тентек жігіт - жел еседі» [2]
Бұл өлеңде көктем мезгілінің көркіне сәйкес лирикалық қаһарманның көңіл-
күйі де шаттыққа толы. Көктем лирикалық кейіпкер көңіл-күйімен астаса, 
тығыз байланыста болып көрінеді. Мысалға ақынның «Айқай көктем» атты 
туындысында: 
«Күркіретіп, дүркіретіп,
Мына көктем келген бе? 
Сіркіретіп, бүркіп өтіп,
Әтір шашып кеткен бе?» [3], -
деп, табиғатқа сүйсіне, көтеріңкі, қуанышқа толы әсерде бейнелесе, «Көктем де 
келер» өлеңінде лирикалық кейіпкердің көңілі толқымалы, екі ұдайлы. Ақын 
табиғат пен адамды қатар алып кестелейді, бірінен-бірін бөліп жармайды. 
Аталған өлеңде табиғаттың заңдылығын көрсетіп, құлпырған әсемдігін бірге 
суреттесе, ауру досының халі не боларын да арасында бірге өлеңге тиек етеді: 
«...Көгереді, барлығы көгереді,
Ой да, қыр да даланың төбелері.
Әлі құрып баратқан ауру досқа, 
Осы көктем білмеймін не береді..» [4], - 
деп үлкен ойға шомиды. 
Мұзбалақ ақын өмірінің соңғы уақыттарында ауру меңдеп, жаны 
қиналғанда күн мен түннің құпиясын трагедиялық ахуалда бейнелеген. "Көрдің 
бе таң мен түннің соғысқанын?" деп сұрақ қоя отырып, "мен көрдім, бірақ 
болыспадым" деп риторкалық сұраққа автордың өзі жауап береді:
«...Түн деген шашын жайған албасты екен, 
Апыра-ай, таң кешігіп қалмас па екен?...» [4], -
деп тыпыршиды. Себебі лирикалық қаһарман қараңғылықты өлімнің, 
қорқыныштың белгісі деп түсініп, солардан үрейленеді. Ал лирикалық кейіпкер 
табиғаттан тағы да жақсылықты күтеді, үмітін үзбейді.
Қорыта 
айтқанда қай ақынның болмасын табиғат тақырыбындағы лирикалық өлеңдері 
адам мен табиғат, табиғат пен болмыстың арасындағы байланыстың астасып 



жатқанын байқаймыз. Табиғатта көрініс тапқан әрбір көріністер адам мінезімен 
байланысып жатады. Табиғатпен егіз екендігін байқатады. Сонымен қатар 
лирикалық кейіпкер автордың өзі екендігін де көре аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет