Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет8/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1.
Мырзабеков С. Қазақ тілі фонетикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 7 б. 
2.
Мырзабеков С. Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі. – Алматы: Қазақ университеті, 
2002. – 248 б. 
3. М. Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы «Ана тілі» 1992ж. – 135 б. 
4. М.Балақаев, Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы 1971ж. – 60 б. 
5. І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі. «Мектеп» баспасы 1975ж. – 145 б. 
6.Ғ.Қалиев,Н.Оралбаев,Б.Қасымова,Б.Шалабаев,О.Төлегенов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы 
«Ана тілі». -221 б. 
ӘОЖ 811.512.122´34 
ӘСКЕРИ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ 
Өнербаева А.М. – 
117-38 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Үкібасова Қ.А.
- ф.ғ.к., аға оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент қ. 
 
Резюме 
Способы создания военных терминов
 
Кез келген білім саласының терминологиясы жеке сөздердің, сөз 
тіркестерінің, символдардың және т.б. ерікті жиынтығын емес, белгілі жүйесін 
білдіру керек.
Термин, қағида бойынша, екі қызметті орындайды – атауыштық (яғни 
ұғымның атауы болады) және ұғымның мазмұнын сипаттау. Сонымен бірге, 
терминге қандай да бір нақты заттың немесе ғылыми-техникалық ұғымның 
атауы сияқты ғана көзқараспен қарау кеңінен таралған. Мұндай көзқарас 
терминологияның шатасуына әкеліп соғады [3. 136].


14 
Термин сөз ретінде екі нәрсеге – тіл жүйесі мен ғылыми ұғымдар жүйесіне 
қарасты деп А. Реформатский айтқандай, термин сөздің қоғам алдындағы 
функциясын толық қамтиды. Қамтуы және атқаруы тиіс. Тек оның қатардағы 
жай сөздерден бір ғана айырмасы – көпке белгісіз, біршама ықшам түсінікті 
білдіретіндігі және қолдану аясының да шамалы шектеулілігі. Алайда оның 
есесіне терминнің жаңа, соңғы кезде пайда болған түсінік «жаршысы» болуы – 
бұл айырманың заңды және уақытша құбылыс екендігін көрсетеді. А. Моисеев 
те «арнайылылық пен тар шеңберлік барлық терминге емес, оның белгілі бір 
бөлігіне ғана тәндігін» айтады.
Қандай да бір терминді жасау үшін әр түрлі тілдік құралдар пайдаланылуы 
мүмкін. Терминдерді құрудың аса көп тараған тәсілдері келесідей: 
Бірінші тәсіл туынды сөздерді
(магнетизм); ықшамдалған және күрделі 
қысқарған сөздерді (авто); сөз тіркестерін (сызықтық дәнекерлеу, іштен 
жанатын қозғалтқыш) және күрделі сөздерді (клапан көтергіш); сөз тіркесінің 
бастапқы әріптерінен құралған, қысқарған сөздерді құрудан тұрады. 
Сөздердің мәндерін өзгерту екінші тәсіл
болып табылады, мысалы, 
«қажу», «төзімділік» (материалдарды сынау және олардың механикалық 
қасиеттері терминологиясында).
Үшінші тәсілі – терминдердің өзге тілден енуі. 
Бірінші тәсіл кезінде терминдерді екі жолмен: туынды сөздердің, сондай-
ақ ықшамдалған және күрделі қысқарған сөздердің жасалуымен құрайды. 
Туынды сөздерді жасау кезінде қолданылып жүрген сөз сөзжасамдық 
элементтермен толықтырылады, 
мысалы

күкірт – күкірт-ті
және т.б. Бұл 
кезде не болмаса одан ол тікелей жасалған, бұрын қолданылып жүрген сөзбен 
білдірілетін мағынасы бар жаңа сөз жасалады (
кескіш - кесу
), не болмаса ол 
өзге ұғымды білдіреді (
қалайыдан
жасалған, құрамында 
қалайысы
бар).
Ықшамдалған және күрделі қысқарған сөздерді жасау жолымен 
терминдерді құру: «метро» («метрополитен»), «радиостанцияның орнына» 
«рация», «жылу электр станциясы» мысалдарымен сипатталуы мүмкін. Осы 
терминдердің барлығында жеке сөздердің элементтері болады.
Екінші жол – сөз тіркесінің немесе күрделі сөздің жасалуы. Бірнеше 
сөздерден тұратын терминдер, мысалы, «іштен жанатын қозғалтқыш», «электр 
машинасы» - сөз тіркестері. Сөз тіркестері – терминдердің құрамына: а) 
берілген пән терминологиясы жүйесіне бұрыннан тиесілі сөздер; б) жалпы 
техникалық терминология жүйесіне тиесілі сөздер; в) туыстас пәннің 
терминдері болып табылатын сөздер; г) алыстатылған пән терминдерінің 
жүйесіне кіретін сөздер; д) ортақ тілден алынған сөздер енгізілуі мүмкін [1. 
126].
Алғашқы үш түрдің сөздері сөз тіркесі – терминнің құру сәтіндегі 
мағынасында пайдаланылу керек. Олар әрі қарай қолданылу кезінде де өзінің 
мағынасын сақтау керек. Екі соңғы түрдің сөздері қандай да бір пәннің 
терминдері бола тұрып, өзінің мәнін өзгертеді.
Екінші тәсілі – сөздердің мағынасын өзгерту (мағынасын ауыстыру).


15 
Терминді сөздердің мәндерін өзгерту жолымен жасаған кезде бір 
ұғымдарды екіншілермен салыстырады, яғни қандай да бір ұқсастық 
жүргізіледі, қандай да бір бейне ұсынылады. Сөз терминдерінің мұндай 
құрылуы кезінде жаңа мағыналар алады. Мысалы, «морттылық» сөзін ортақ 
тілден материалдарды сынау және олардың механикалық қасиеттері 
терминологиясына ауыстырған кезде, ол термин ретінде әбден анықталған 
мағынаны иеленді. Металдың қасиеттерінің бірі маталдың терминделетін 
қасиеті және онымен ортақ тілде «шаршау» сөзі белгіленген қасиеті 
арасындағы таза шартты және формалды, қандай ді бір ұқсастық салдарынан
тура сол терминологияда «қажу» деп аталған.
Үшінші тәсіл - өзге тілден енуі.
Терминологияның сындық түрде қайта қарау кезінде, сондай-ақ жаңа 
терминдерді құру кезінде, бір жағынан, ғылыми дәлдік талабын және екінші
жағынан, практикалық ықшамдық талабын қалай келістіру керек деген сұрақ 
үнемі алдымызда тұрады. Бұл жағдайларда кейде терминдерді басқа тілдерден 
ендіреді. Көрсетілген жағдай өзге тілдік терминдердің көп санын енгізу 
себептерінің бірі болып табылады.
Егер шындығында өзге тілден ендіру қажеттілігі пайда болса, онда оның 
басқа, негізі де, формалды да элементтермен жалғану қабілетін, сондай-ақ 
едәуір бұрмаланусыз «орыстану» қаупі бар екендігі есепке ала отырып, ең 
қысқа негізгі терминді таңдау керек. Сондай-ақ қажеттіліксіз ендірудің керегі 
жоқ екендігін түсінген маңызды болады. 
Қазақ тіліндегі терминдер жүйесі туған тілдің төл лексикасына 
негізделетіндіктен, тіліміздегі терминдік қолданыстағы сөздерді тарихи-
лексикалық қабаттар тұрғысынан қарастырып, әр қабаттағы терминдік сипаты 
бар атаулардың фонетикалық, морфологиялық, семантикалық ерекшеліктеріне 
назар аудару қазақ тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі [4. 272].
Бүгінде тілші-мамандарды ғана емес, жалпы тіл жанашырларын, оның 
ішінде салалық мамандарды толғандырып жүрген өзекті мәселенің бірі – 
терминдердің варианттылығы немесе жарыспалылығы.
Жарыспалылық – бір ғылыми ұғымның бірнеше сөзбен аталуы. Бұл 
құбылыс бүгінгі қазақ тілінде белең алғаны соншалық, БАҚ пен түрлі салалық 
сөздіктерде кездесетін жарыспалылықты қалыпты құбылыс ретінде қабылдай 
бастадық, жеке авторлық ізденіс деп түсіндірушілер де бар. Президент 
Жарлығы мен Үкімет қаулыларындағы терминдер жарыспалылығы туралы 
(функция – уәзипа, нормативтік – низамдық т.б.) республикалық деңгейде өткен 
семинарда арнайы сөз болғаны да мәлім. 
Жалпы тіл білімінде, терминологияда жарыспалылық болмауы керек, 
терминге қойылатын талап - бірізділік пен бірмағыналық деген пікір бар. 
Дегенмен бұл талап ғылыми тілі ғылым салаларында әбден қалыптасқан, 
терминологиялық жүйесі, терминжасам, термин қабылдау қағидаттары берік 
дамыған тілдерге көбірек келеді. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей дамыған 
тілдердің өзінде де термин мәселесі оқтын-оқтын кездесіп отырады (орыс, 
неміс, француз тілдері т.б.). 


16 
Бұл тармақта ұлттық терминологияның дамуының және оны дамытудың 
негізгі міндеттері болып терминдер мен атауларды қазақ тілінің негізгі 
ережелеріне сәйкес реттеу, сөз құрау моделінің барлық түрімен термин құрау 
мүмкіндіктерін ашу жолдары көрсетілген. Бұл анықталған бағыттың әскери 
термин жасау ісіне де қатысты екендігі анық. Осыларды ескере отырып және 
осы мәселе бойынша айтылған ғалымдардың (Ә. Қайдаров, Б. Қалиев, Ө. 
Айтбаев, Ш. Құрманбайры, Б. Момынова, т.б.) пікірлеріндегі әскери 
терминдердің жасалу тәсілдері басқа салаға қатысты сөздер мен сөз 
тіркестерінің жасалу жолдары сряқты деген қағида басшылыққа алынды. 
Әскери терминдердің жасалу тәсілдері 1) морфологиялық (синтетикалық); 2) 
синтаксистік (аналитикалық); 3) лексика-семантикалық тәсіл болып үшке 
бөлінеді. Аударма (калькалау) тәсілі деп аталатын төртінші тәсілді де қосуға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет