Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»


кл, кр, қр )  ұяңдардан соңда үнділер ( бл, бр, др



Pdf көрінісі
бет7/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

кл, кр, қр

ұяңдардан соңда үнділер (
бл, бр, др
) тұратын болады. 
Буынды (сөздің) қос дауыссыздан бастау үшін пікір иелерідауыссыздар 
аралығындағы қысаң (
ы, і
) дауыстыларды айтпауға, елемеуге тырысады 
(мұнда орыс тілінің “игі ықпалы” жоқ дей алмаймыз). 
Өзің алғашқы “Оқу құралында” (1912ж) осы қысаңдарды түсіріп: жрқ 
(жырық), сзқ (сызық), алтн (алтын), салқн (салқын), арқ (арық), азқ (азық), 
қанқ (қанық) түрде жазылған. А.Байтұрсынов бұл сөздерді 
ы 
дыбысы жоқ 
деген емес, қайта: “ы сөздің басында, ортасында бек қысқа һәм көмескі 
айтылады” –дейді. 
Айтылса, естілсе тіпті сезілсе дыбыс бар болғаны (жоқ та белгі жоқ). Ал 
оны жазу, жазбау - емленің ісі. Жазылғанды жоқ ету үшін дыбыстық 
(үндестік) заңға сыйғызу керек болады. 
“Адам аты – жөніне келгенде, оларды екі дыбыссыз дыбыстан бастап жазу 
атақты жазушы Ғабдол Сылановтың фамилиясын Сланов деп жазудан 
басталып, бұл күнде Смаханов, Смайылов, Спатаев деп жазу етек алып кетті, 
дағдыға айналып жатыр, бірақ ол дағды нормаға ауыспауға тиіс, өйткені емле 
ережесі мұны мүлде көтермейді ” – дейді атақты ғалым Р.Сыздықова. Дұрысы, 
емле ережесі емес, дыбыстық заң көтермейді. 
Буынның қалай пайда болатынын, жалпы сипатын аңғарғаннан кейін
алдымен анықтап, меңгеріп алуды қажет ететін қарапайым да аса маңызды
ұғым –сөздің буын жігін табу немесе 
сөзді буынға бөлу. 
Сөзде қанша 
даусыты дыбыс болса, сонша буын болатыны анық. Буын жігі дауыстылардың 
қабатында тұрған дауыссыздардың қай жағынына кететініне байланысты.
 


12 
Сөзді буынға бөлу жән тасымал мәселесін алған айтқан А.Байтұрсынов. 
Шақырғанға 
деген сөзді буынға бөліп, қалай тасымалдауға болатынын
болмайтынын тәптіштеп түсіндіреді. Бірақ буынға бөлудің ішкі механизмін 
(сырын), ережесін ұғынбайды[5, 145 б.]. 
Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын буындар үнемі сөзді бастап тұрады: 
а, ә, са, ант, ұлт, ас –қа, ат –қа, ант –ты, ұлт –тық. Сондықтан да бірінші 
буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды. Оның үстіне қазақ тілінде 
байырғы буындар қос дауыссыздан басталмайды дедік. Міне, осы қағиданы 
еске берік ұстаған жағдайда сөздерді буынға бөлу қиын болмайды. “Осы 
қорытындыға сүйене отырып, -деп жады Қ. Жұбанов отызыншы жылдары, - 
буын жігін оңай, механик түрде табуға болады. Ол үшін жазылған әрбір 
сөздің дыбыстарын аяқ жағынан бастап шоламыз. Дауысты дыбыстан соң кез-
келген дауыссызды елемей өте шығып (өйткені дауыстының соңында 
дауыссыз болмай да қалады, біреу де екеу де бола береді), әрбір дауыстының 
алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөле береміз (өйткені сөз ортасында 
дауыстыдан буын басталмаушы еді ғой), сонда неше бөлік шықса, сонша буын 
болады.” 
“Қазақ тілінің орфографиясының негізгі ережелерінде: 
и, у 
әріптері бар 
сөздер буындалғанда,келесі буын дауысты әріптен басталады және солай 
тасымалданады. Мысалы: бу –ын, су –ық, қу –а –қы, қи –ын, ти –ын, жи” –ын, 
-дейтын ереже бар. 
Жасанды и, у әріптерінің алдындағы дәрменсіздіктен туған бұл ереже 
және сөз (буын) қос дауыссыздан да басталады дейтін пікір буын жүйесіне, 
дыбыстық заңға мүлде қайшы, керағар екенін түсінуге тиіспіз. 
Орыс тілінде буынға бөлудің принципі біршама бөлек. Дыбыстар 
үнділігіне қарай дауыстылар (3), сонорлар (2) және үнсіздер (1) деп 
ажыратылады да, буын көбіне үлкен цифр мен кішкене цифрдың аралығына 
ажырайды. Мысалы: вексель –131132, каска -13113, маска -23113, вельвет -
132331, паспорт -13113223, костюм -131131, семестр -1323113 деген сөздер ве-
ксель (13-1132), ка-ска (13-1132), ко-стюм (13-1132), се –местр (13-23112) 
түрінде ажырайды. 
Қазақ тілі оқулықтарында да, тіпті “Қазақ тілі орфографиясының негізгі 
ережелерінде” де мұндай сөздерді тасымалдаудың жайы айтылмайды. 
Күнделікті практикада сөз ортасында екі –үш дауыссыздан басталатын кірме 
буындардың да жеке дауыссыздан басталатын кірме буындардан да басталып 
жүргені аңғарылады. Яғни, тіліміздің тарихи даму нәтижесінде қалыптасқан 
заңдылықтар өз күшін сақтайды. Мысалы: век –сель, кас –ка, мас –ка, пас –
порт, кос –тюм т.б. 
Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынандай 
болып келеді: 
1) бір дыбысты: а –та, ә –же, а –па, і –ні, а –ла, а –ас , о –қы, а, ә, е, о, о –тыр. 
Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз 
басында ғана кездеседі; 


13 
2) екі дыбысты.: ба –ла, қа –ла –да, та –за –ла, жа –ға, ой –на, та –ра, қа –ла –да 
–ғы –сы, ба –ла –сы, ал, ат, ақ, же,де, не; 
3) үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, бөл –шек –тер, тас –тақ, бал –шық, ұлт; 
4) төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт, жылт, салт, қарқ –қарқ, күрк –күрк; 
Тіліміздегі байырғы сөздердің дыбыстық құрамы осы төрт дыбыстан 
аспайды. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, тіпті алты дыбысты 
да бола алады: 
5) бес дыбысты: пункт, спорт, текст, скетч, старт, фланг, трест, спирт,стенді; 
6) алты дыбысты: спектр, спринт; 
Қазақтың байырғы сөздері негізінен бір буынды, қала берді екі буынды 
болып келеді. Мұның өзі оның поэзия тілі болуымен де байланысты. Өйткені 
11 буынды болып келетін қара өлеңде бунақтар 3-4 буыннан аспайды. Әлгі 
бір, екі буынды сөздерге орамды болу үшін жұрнақ, жалғаулар жалғану керек 
болады. Ал төрт буыннан жоғары сөздер қара өлеңге оралымсыз болып 
шығады [2, 249 б.]. 
Түркі тілдері –жалғамалы тілдер. Сөздер, әсіресе етістік түбірлер қатынас 
қызметін атқару үшін түрлі жұрнақ, жалғауларды қабылдау керек болады. Бір 
ғана әже сөзі жалғаулармен түрленгенде 200–ге жуық, бір ғана етістік сөз 
түрленгенде 1,5 мыңға жуық формаға ие болады. Яғни қосымшалар сөздің 
өмір сүру формалары деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет