6
ағымның алғашқы легі Абылай хан тұсында басталса, соңы Абайдың
тұсындағы ақындар.
Профессор, әдебиетші М.Мырзахметов өлең-жырлары халық арасында
кең таралған ақын жайлы: «Дулат ақындығы XIX ғасырдың алғашқы
жартысында дамып, қалыптасып сол кезеңнің тарихи-әлеуметтік шындығы
ақын өлеңдеріне арқау болып өріліп жатты. Дулат творчествасының басты
ой сарыны мен өзекті тақырыптары сол кезеңнің
саяси-әлеуметтік өмір
шындығына тікелей байланысты туындап жатқан құбылыстар болатын-ды»
[Бабатайұлы, 3: 56].
Дулат–өз шығармаларында аға сұлтандық дәуірдің қайшылықтарын терең
ашып көрсетіп, қазақ елінің патшалық Ресейге бодан болуына батыл наразылық
білдірген реалист ақын болды. Бұл жөнінде ғалым Х.Сүйіншҽлиев былай дейді:
«Дулат – өзі жасаған заманға, отаршыл зорлығына, ол қауымға қызмет еткен
әкімдерге, аға сұлтандық билікке түбегейлі қарсы шыққан, халықтың
тәуелсіздігін көксеген әрі күрескер, әрі реалист ақын» [Сүйіншәлиев, 2:327].
Әдебиет тарихын зерттеуші белгілі ғалым Х.Сүйіншәлиев қазақтың
авторлы
әдебиетінің
жырау-шешендер
мен
төкпе
ақындар
шығармашылығының өркендеуіне байланысты екендігін айта келіп:
«Жыраулар сөз өнерінің ілкі авторлары, ақындыққа жол ашқан асыл сөз
шеберлері, халықтың шешендікпен
ұштасқан ойлы-сырлы толғау, арнау,
термелер мен эпостық жырлардың бастау бұлақтары [Сүйіншәлиев, 2:77].
Филология ғылымдарының докторы, қазақ әдебиетінің тарихы мен сыны
кафедрасының
профессоры,
белгілі
өдебиет
зерттеушісі,
сыншы
Х.Ж.Сүйіншәлиев әдебиет тарихына қалам тартқан зерттеуші Дулат
Бабатайұлы шығармашылығын зерттеуде әр қырынан үлес қоса білді. Қазақ
әдебиеті тарихын көп жылдар боы зерттеп, елуден астам кітап жазып, төрт
жүзге жуық ғылыми мақала жариялаған. Ғылымға жаңа жол салып, қазақ
әдебиетінің ежелгі дәуірін пән ретінде енгізген бірден бір ғалым.
Ханғали олардың халықтық-реалистік бетін айқындап шықты. Оқушы
қауымға әдебиетіміздің осы өкілдері жайлы мол мағлұмат беріп, жаңа ғылыми
тұжырым жасады. Кейбір ғалымдардың тарихи шындықты бұрмалап,
ақынға
баға беруді тағы бір қарастырайық дейтін болған. Оған себеп, «Өсиетнамада
жарияланған кейбір шығармалардағы кейбір сөздің бұрмаланып, бөтен сөздің
араласуы еді. Ханғали Сүйіншәлиевтің тұжжырымдауынша, бұл жинақ Дулат
Бабатайұлының өз стиліндегі туынды екені расталған.
Қазақстан Компартиясы комитетінің 1957 жылғы 8 шілдедегі «Қазақ
халқының әдеби-поэзиялық және музыка мұрасын зерттеуді сын тұрғысынан
қарап пайдаланудың жайы және оларды жақсарту шаралары туралы» Қаулысы
негізінде Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтында
1959 жылы 15-19 маусым күндері ғылыми-теориялық маслихат өткізілгені
тарихтан белгілі. Мәслихаттың күн тәртібінде ХҮІІІ-ХІХ
ғасырлардағы қазақ
әдебиетінің көрнекті өкілдері Бұқар, Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір,
Шеңгерей, т.б. шығармашылығы негізінде әдебиет тарихын жүйелеу міндеті
тұрды. Осы мәслихатта филология ғылымдарының кандидаты, жас ғалым
7
Х.Сүйіншәлиев «Дулат ақын мұрасынан» тақырыбы бойынша баяндама
жасады. Баяндамада Дулат мұраларын бағалау жөнінде байыпты байламдарын
батыл айта білді.
Ең негізгісі, дулаттанудың басым бағыттары, зерттеу
арналары
туралы
тұшымды
ой
мәслихат
мінберінен
айтылып,
әдебиеттанушылар арасындағы үлкен дауға тиек болды. Х.Сүйіншәлиев
кейінде осы ойларын тереңдетіп, жүйелі зерттеуге ұластырды. Оның қаламынан
туған Дулат шығармашылығы туралы дүниелердің ұзын саны он бестен асады.
Кейін докторлық диссертациясының бір тарауын «Дулаттың әдебиет
тарихындағы орны» деп арнап жазуының өзі де ғалымның табандылығын
танытса керек.
Жалпы жыраулар поэзиясын зерттеушілердің бірі М.Жармұхамедұлы
Дулат шығармаларына қатысты ой-пікірлерін білдірген. «Дулат сол дәуірдегі
әлеуметтік өмірді жырлауға ерекше мән береді, сөйтіп, өз дәуірінің талап
талғамдарына сәйкес жыраулық пен ақындық дәстүрді қатар ұстап,
екеуін
жалғастырушы болды. Соның нәтижесінде, ол жыраулық пен ақындықтың жол
айырығында тұрып, кейінірек ұлы Абай негізін қалайтын жаңа сипатты жазба
әдебиеттің туып, қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты. Бұған оның ескіше
сауатты болып, өз жырларын жазбаша үлгіде шығаруы да үлкен септігін
тигізді».
Дулаттың поэзиядағы тың теңеу, соны өрнектері өзімен замандас, кейінгі
толқын ізбасар ақындарға да елеулі әсер еткенін ғалым Б.Омарұлы тиянақты
дәйектеп береді. Дулат ықпалының күштілігі соншалық, ол өзі өмір сүрген зар
заман кезеңіндегі дәстүрлік жолы айқындалған айтулы тұлғаға айналды. Оның
дәлелі Дулат бастап, өзге ақындар қостап жырлаған тақырып ұқсастығынан да,
ой-пікір үндестігінен де, сөз саптау, ой қорыту, түйін жасау мәнерлерінен де
аңғарылып тұр.Зерттеуші заман мен замана адамын жырлаудағы ортақ
жайларды дәл көрсетеді. Заман кейпіндегі
Дулат айтатын бағдарсыздық
Шортанбай тұсында құбылмалылық сипатқа ие болады, ал Мұрат тұсында
біржола азған, қырсық шалған, қиюы қашқан заман бедерленеді [Раев, 5:107].
Достарыңызбен бөлісу: