11
шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын
өкпеден келе жатқан ауамен (лекпен) тікелей байланысты болады [1, 7 б.].
Буын осы ауаның кілт үзілуінің не кедергіге
ұшырауының нәтижесінде
пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауыссыз) тобы. Қазақ
тілінде буынның маңызы ерекше. Дыбыстың
негізгі заңдары осы буынның
төңірегінде өрбиді.
Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ. Жұбанов алтыға Н. Сауранбаев төртке,
С. Кеңесбаев үшке бөледі.Соңғы бөліс (ашық, құйық, бітеу) барлық оқулықта
жүр [4, 60 б.].
Академик А. Қайдаров қазақ тілінде 1352 бір буынды түбір барын
анықтады. Құрылымына қарай солардың 1051 –і ВАВ , 158 –і АВ, 117 –сі
ВАВВ, қалған үш түрі жиналып 40 –тан әрең асады.
Бұған
қозғау салған, бастап айтқан М.Райымбекова қазақ тілінде қос
дауссыздан басталатын 20 шақты тұйық буынды (ВВАВ) сөзді экспериментті
–фонетикалық зерттеу арқылы анықтағанын хабарлағанда, орыс тілінің “игі
ықпалы” болар деп, мән бере қоймағанбыз [2, 248 б.].
Сөздердің қос дауыссыздан басталатынына күмәнданған А.
Айғабылов сөз
емес, қос дауыссыздан басталмайды дейтін ғасыр бойы айтылып келген
пікірлер
сыңаржақ айтылған болып шығады; Қ. Жұбановтың сөздің жігін
ажырату жөніндегі
қағидасы далада қалады, қатаңдардан соң да (
Достарыңызбен бөлісу: