26
ретінде (көмінді, сүзінді),
"лық" -
иелік мағынасында және істелген
іс мағына
туғызушы (саманлығ, туруғлағ, тарығлағ),
"чы" -
істің иесін білдіруші
(тарығчы, етукчі, бардачы),
"лан" -
есімнен туынды етістік жасаушы (бегленді,
қызланды, атланды),
"әзті" -
жұрнағы арқылы туынды етістік көп жасалады
деп көрсетіледі (көркәзті (көркейді)); т.б. [2. 48].
Түркологтар А. Я. Самойлович, В. А. Гордлевский, Н. К. Дмитриев, А.
Н. Кононов, Н. П. Дыренкова, Н. А. Баскаков, А. К. Боровков, М. В. Насилов,
В. В. Решетов, И. А. Батманов т.б. ғалымдар зерттеулерінде және әр кезеңде
шыққан түркі тілдеріндегі грамматикаларда сөзжасамның тәсілдеріне қатысты
ғылыми ойлар беріледі. Бұл зерттеулерде сөзжасам саласы жеке сала ретінде
танылмағанымен, суффикстік сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды
сөздер мен олардың тұлғалық құрамы жақсы көрсетілген.
Қазақ тіл білімінде етістік туралы теориялық алғашқы ғылыми тұғырын
жасаған ғалымдар - А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Н. Т. Сауранбаев, А.
Ысқақов, А. Қалыбаева, И. Оралбаева, С. Исаев т.б. болатын.
Ғалымдар зерттеулерінде оның сөзжасамдық ерекшелігі туралы толық
әңгімеленген жоқ. Негізінен, етістіктің синтетикалық тәсіл негізінде туынды
сөз жасау процесі айтылған болатын. Біздің зерттеу нысанымыз етістіктің
сөзжасамдық ұясын анықтауға қатысты болғандықтан, енді оның сөзжасамдық
мәнін зерделеуге арналған еңбектерді саралап көрдік.
Сөзжасамдық ұя туралы алғашқы ғылыми пікірлер "Қазіргі қазақ тілінің
сөзжасам жүйесі" деген монографияда айтылды. Бұл зерттеуде сөзжасамдық
ұяға алғаш рет ғылыми анықтама берілді: "Қазақ тіліндегі негізгі түбірлердің
сөзжасамға қатысу қабілетінің күштілігі сөзжасамдық ұядан анық көрінеді.
Сөзжасамдық ұя деп бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің
жиынтығы аталады". Бұдан әрі бір ғана "бас" сөзінен туындаған 89
сөзжасамдық
ұя талданып, сөзжасамдық ұяға енетін 143 туынды сөз
көрсетіледі. Мұнда авторлар етістіктің күрделі сөзжасам жүйесі бар сөз табы
екенін айта отырып, оның туынды сөздерге өте бай, етістік өз құрамын тілдің
тарихи дамуы бойында толықтырып отырғанын атап көрсетеді. Етістіктің
сөзжасам жүйесінде түрлі тәсілдер арқылы жасалатынын анықтап береді.
Олар:
-
синтетикалық;
-
аналитикалық;
-
семантикалық тәсілдер.
Етістіктің сөзжасамы туралы ғалым Н.Оралбаева еңбегінде былай деп
жазады: "Етістік сөзжасамында барлық сөз табы негіз болып, сөзжасамдық
бірлік қызметін атқарады. Олардан зат есім сөздерді,
сын есімдерді, сан
есімдерді, үстеуді, етістікті, одағайды атауға болады. Тіліміздегі барлық негізгі
сөз таптары етістік жасауға негіз болады" [3, 168].
Сөзжасамдық ұя туралы ғалым А.Б. Салқынбай: "Себепші негіздерден
сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалып, атау қызметін атқаратын белгілі
құрылымдағы түбірлес туынды сөздердің жиынтығы сөзжасамдық ұя деп
аталады. Яғни сөзжасамдық ұя болу үшін:
27
1) бір негізден тарайтын түбірлес сөздердің жиынтығы болуы қажет;
2) түбірлес сөздердің әрқайсысының жеке номинативтік мағынасы болуы
шарт;
3) түбірлес туынды сөздер әртүрлі тәсіл арқылы жасалуы ықтимал;
4)
түбірлес туынды сөздердің мағыналық жақындығы себепші негіз
арқылы сақталып, бір семантикалық өрісте жатуы қажет;
5)
омонимдес тұлғалар сөзжасамдық ұяға ене алмайды," - дейді [4,
112].
Сөзжасамдық ұяға енетін сөздер бір түбірден
тараған тұлғалар
болғандықтан, формалық және мағыналық жағынан бір-біріне жақын келеді.
Мысалы:
оқы - оқығыш, оқығыштық;
оқы-оқыр, оқырман;
оқыған, оқығанды;
оқымысты, оқымыстылық;
оқыту, оқытушы, оқытушылық;
оқу, оқулық, оқулықтай, т.б.
ой – ой - арман;
ой - ойдағы, ойдағыдай;
ой – ойлан - ойлағыш, ойлагыштық;
ой - ойлан, ойлампаз;
ой – ойлап - піш, ойлап-пішу,
ой- ойлас, ойластыру,
ой - ойла, ойлау, ойлаушы, ойлаушылық;
ой - ойлы, ойлылық;
ой - ойсыз, ойсыздық , т.б.
Көрсетілген мысалдардағы сөзжасамдық ұяға енетін сөздердің тұлғалық
жақындығы олардың түбірінде
оқы, ой
сөздерінің болуы арқылы анықталса,
мағыналық жақындығы барлық сөздердегі арнайы семаның оқу мен ой
ұғымына қатыстылығы арқылы көрініс табады. Яғни сөзжасамдық ұядағы
сөздер себепші негіз мағынасы арқылы уәжделіп тұрғанын аңғарамыз.
Бір түбір не негіз арқылы уәжделген туынды сөздер тобы бір
семантикалық
өрісте жатып, түбірлес сөздер жүйесін құрайды. Түбірлес
сөздерді жасаушы түбір сөздің семасы барлық туынды сөздер мағынасында
сақталады. Әрбір жаңа туынды сөздің мағынасында себепші негіз өзек
семасының бір қыры сақталады. Бұл түбірлес сөздердің бір ғана семантикалық
өрісте жатуының негізгі шарты саналады. Сондықтан да түбірлес сөздер тек
тұлғалық жағынан ғана ұқсас емес, сондай-ақ ішкі семантикалық құрылымы
жағынан да жақын болып келеді.
Бір етістік негізді тұлғалар арқылы жасалған атаулардың барлығы да
түбірлес сөздер қатарына ене алады. Мұнда біз түбірлес
сөздерге тек қана
суффикс арқылы жасалған туынды сөздерді ғана емес, өзге
сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған атауларды да жатқызамыз. Сөйтіп
әрбір туынды сөздің мағынасында оны жасауға негіэ болып, мағынасын