31
Әдебиеттер:
1. Қазақ тілі грамматикасы., А., 1967 ж.
2. Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер., А., 1975 ж.
ӘОЖ 372.8:811,512.122
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ МЕЗГІЛДЕС
САЛАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бектан Нұржамал.
– 205 - 18 тобының студенті
Ғылыми жетекшісі: Құрбанов А.Г.
– ф.ғ.к., доцент
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
Резюме
В данной статье рассматривается структура составных предложений в казахских
сказках.
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемді таптастыру А. Байтұрсынұлы
еңбектерінен бастау алады. Ол “Сөйлем жүйесі мен түрлері” атты еңбегінде
құрмаластарды алдымен сыйыса құрмаласу (қазіргі бірыңғай мүшелі
сөйлемдер) және қиыса құрмаласу (қазіргі салаластар мен сабақтастар) деп
жіктесе, Қ. Жұбанов салалас және сабақтас деп, С. Аманжолов төртке бөледі:
салалас, сабақтас, аралас және тиянақты басыңқысыз құрмаластар.
Құрмалас сөйлем синтаксисін арнайы зерттеген Н. Сауранбаев соңғы
топтастыруында құрмаластарды төртке бөледі: салалас, сабақтас, аралас, және
үйірлі мүшелі сабақтастар [1]. С. Жиенбаев құрмаластың тек салалас, сабақтас
деген екі түрінің бар екенін, ал аралас құрмаластың өз алдына бір бөлек
заңдары жоқ екенін көрсетеді.
Лингвистикалық
ғылымда
құрмалас
сөйлемдерді
топтастыру
принциптерінің бірнеше түрі қолданылып келеді. Олардың негізгілері: дәстүрлі
және құрылымдық-семантикалық. Дәстүрлі немесе логика-грамматикалық
топтастыру бойынша құрмалас сөйлемдер: салалас, сабақтас, аралас болып
үшке бөлінеді. Құрылымдық-семантикалық топтастырудың негізінде құрмалас
сөйлемдер жалғаулықты және жалғаулықсыз болып жіктеледі.
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-
қатынасы әр түрлі болады.
Алғашқы салаластағы жай сөйлемдер оқиғанын, істің бір бағытта, бір
ыңғайда болғандырын білдіреді: бірінші жай сөйлемдегі ойдьң жүзеге асуға
сәйкес екінші жай сөйлемдегі ой да жүзеге аскан. Екінші салалас құрмаластағы
жай сөйлемдер бір-біріне карама-қарсы мәнде айтылған: өзі көп білетін болса
да, баланың жауабынан кысылады.
Құрамындағы жай сөйлемдерін бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына
карай, салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді: ыңғайлас салалас, себеп-
салдар салалас, қарсылыкты салалас, түсіндірмелі салалас, талғаулы салалас
және кезектес салалас.
Қазақ ертегілерінде мезгілдес салалас сөйлемдер молынан кездеседі.
32
Салалас сөйлемнің бұл түрі қазақ тілінде жазылған тұңғыш оқу құралынан
бастап сөз болып келеді. Терминдік жағынан болсын, жасалу тәсілі жағынан
болсын ол әр кезеңде әр түрлі баяндалып отырған. Жиырмасыншы жылдар
ішінде жарық көрген еңбектерде “Тіл құралында” салаластың осы түріне
жататын сөйлемдер “ қиысуы біріңғай, біртектес” “жайылыңқы салалас” деп
аталған. Бірақ бұл сөйлемді жасауға жалғаулықтардың қатынасатыны немесе
қатынаспайтыны туралы ештеме айтылмаған.
1936 жылы жасалған оқу бағдарламасында салаластың бұл түрі “ыңғайлас
салалас” деп аталған да, оған: “ыңғайлас сөйлемдердің біреуінің хабары
басқаларының бәрін де өз ішіне алатын жалпы хабар болады, бір сөйлемі
жалпы сөйлем болады”, [2, 359] деген анықтама береді. Бұл анықтаға қарағанда,
бағдарлама авторларының “ыңғайлас салалас” деп отырғандары қазіргі
оқулықта “түсіндірмелі салалас” деп аталып жүрген сөйлемге келеді.
Бағдарламада салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысу
тәсілдері жалпы түрде берілген де, салаластың әр түрінің қалай жасалатындығы
айтылмаған.
С.Аманжолов, Н.Сауранбаевтар авторлығымен 1939 жылы шығарылған
“Қазақ тілінің грамматикасы” атты оқулықта “Тіркес салалас” деп аталып,
“Мұндағы ой бір-біріне тіркес айтылады” делінген және салаластың бұл түрінің
-да, -де, -та, -те, және жалғаулықтары арқылы жалғасатындығы айтылған.
Мағыналық жағынан осы топтағы жалғаулықтар қатарына жататын әрі шылауы
арқылы жасалатын салалас сөйлем бұл оқулықта “Үлеспелі салалас” деген
атпен жеке берілген.
1961 жылдан бастап “Мезгілдес салалас” деген атау тұрақталды.
Қазақ ертегілерінде мезгілдес салалас сөйлемнің құрамындағы жай
сөйлемдер жалғаулықсыз, іргелесе құрмаласады.
1.
Аспаннан күмісті табақ балмен түсті, ішінде күміс қасық бар екен (Р, III,
Желк., 102). Бағанағы Айнаханның қызы отыр екен, оның қасында бір
қыз отыр екен (Р., III, ХШ., 121). Сыншының Сары қызының көңілі
балада екен, баланың көңілі қызда екен (Р., III, ХШ., 124). Жанында бір
тал бар екен, түбінде жарбиған бір жаман кемпір отыр (ЕТ., 37). Бір
күндөрдө онұң бақытсыз өмүрүн әңгіме етіп тұрұпты (В.Түлкө, 73). Бұл
кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы болыпты, мал дегенде он
шақты ешкісі болыпты (Күн астындағы Күнікей қыз, 5). Хан сейілге
шығыпты, қасында бір уәзірі болыпты (Р., III, Ханның қызы).
2.
Бір уақытта борандатып, дауылдатып келе жатқан айдаһардың даусы
естілді, артынша айдаһар да келіп қалды (Ұшар ханның баласы, 64).
Семсер айдаһарды екі айырып тастайды. Жігіт айдаһардың құйрығынан
сыпырылып қалады (Кедейдің үш баласы, 46). Қыз үйінен шықты, екеуі
екі арғымаққа мінді, кетті (Р., III, Тст.).
3.
Қолын тығып еді, қолы шолақ болып қалды (Р., III, ХШ.). Қырағы көз
жіберіп еді, алты таудың ар жағында, жеті көлдің желкесіндегі жалпақ
жартастың астына барып тығылған екен (ЕТ., 44). Жағалап қыдырып жүр
еді, күннің астында көз көрім жерде жалтыраған бір нәрсе көрінеді
33
(Кедейдің үш баласы, 50). Бала қырық құлаш семсерін көлденең ұстап
тұрып қалып еді, семсер айдаһарды екі бөліп түсті (Ұхб., 64). Соның бір
үш қарындасы бар еді, соны үш ұлға алып бермек болды (Р., III, ХШ.,
116). Кешке таман жолда бір керуен қонып жатыр екен, мерген сол
керуенмен бірге далаға қонады (Сұр мергеннің ажалы, 303). Сарыбай
деген бай екен, бала жоқ екен бір күнде (Р., III, Желк.). Боран батыр
қарсы ұмтылған екен, аю тағы ақырып келіп қалды (Боран батыр, 140).
Қазақ ертегілеріндегі салалас құрмалас сөйлем құрамына енетін
компонеттер
Достарыңызбен бөлісу: |