Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет19/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

-да, -де, -та, -те
және жалғаулықтары арқылы байланысады. 
Дәу басынан кешкен өмірбаянын тегіс айтып шықты және өзінің суға түсіп 
кеткен нәрсені тауып аларлық өнері бар екенін айтты (Ұшар х.б., 58). Байдың 
ұрасынан жыл сайын қазынасы ұрланып тұрады екен және бай оны кім 
ұрлағанын таба алмай жүреді екен (Молда мен сиқыршы әйел, 299). Осы 
шаштың иесін кім біледі және кім маған соны әкеліп береді (Ұшар ханның 
баласы, 62). Асан қызды ауылына апарып тастайды да, өзі үйін іздеуге шығады 
(Асан батыр, 80).
Бір мезгілде төсектегі екі сары жыланның бірі үлкен кісі болады да, бірі 
соның бәйбішесі болады (ЕТ., 41). Бұлтпен араласқан үлкен құс құлынды алып 
кетті де, құйрық менің қолымда қалды (Керқұла атты Кендебай, 58). 
-
Біз енді жер астына түстік, бізге бұдан былай жер астының елі 
жолығады. (ЕТ, 41). 
-
Мен аяғыма шаң жұқпас жүйрікпін, ұшқан құс, жүгірген аңның менен 
құтылатыны жоқ (ЕТ., 42). 
Кендебай шап беріп құйрықтан ала түседі, Кендебайдың қолында алтын 
құйрық жұлынып қала береді (Кер. атты Кендебай, 58). Күндерде бір күн алған 
әйелінен бір ұл туады, ұлдың атын Жанды батыр деп қояды (Ұшар ханның 
баласы, 61). 
Әдебиеттер: 
1. Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі А., «Ғылым», 1948 ж. 
2. Жұбанов Қ. Қазақтілі жөніндегі зерттеулер – Алматы: Ғылым, 1966 ж. 
ӘОЖ 372.8:811,512.122 
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ӨЗІНДІК 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тәңірқұл Жадыра.
– 117-28 тобының студенті 
Ғылыми жетекшісі: Құрбанов А.Г.
– ф.ғ.к., доцент 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Резюме 
В данной статье рассматриваются особенности пословиц тюркских народов 
 

Халық өмірімен біте қайнасып, бірге дамуына байланысты мақал-мәтелдер 


де қоғамдық формацияның, әлеуметтік тұрмыстың, материалды және рухани 
мәдениетіміздің барлық өзгерістерін өз бойына сіңіріп, неше алуан көркем сөз 


34 
тәсілі, образдар арқылы бейнелеп отырады. Сондықтан да мақал-мәтелдерді 
«халық өмірінің айнасы», «энциклопедиясы» деп бағалау әбден орынды 
сияқты.
Түркі тілдеріне ортақ мақал-мәтелдерді бөліп алып, мәселенің мән-
жайын дәл осылай этнолингвистикалық тұрғыдан, яғни тіл фактілерін 
халықтың тарихымен, дүниетаным, логикалық ой жүйесімен бірлікте 
қарастыру, біздің пікірімізше, көп жағдайдың бетін ашатын сияқты. Мәселен, 
бір ұғым, бір түсініктің туыстас тілдерде бір образ, біріңғай тілдік тәсілдер (сөз, 
сөйлем, құрылым т.б.) арқылы да, әр түрлі образ және әр алуан тілдік тәсілдер 
арқылы да бейнелене беретіндігін көреміз. Бұл жоғарыда айтылғандай, түркі 
халықтарының тарихи даму жолындағы этностық және тілдік жақындығы мен 
дербестігіне байланысты, оның қат-қабат сыры бар күрделі құбылыс екендігін 
көрсететін сияқты.
Бір мақалдың өзінен, міне, осыншама тіларалық өзгерістер байқалып 
отыр. Бірақ соның өзінде де, оның жалпы мағынасына ешбір нұсқан келіп 
тұрған жоқ, олар варианттылығына қарамай бір нысанаға бағытталған [1]. 
Осындай ерекшеліктерін ескере отырып, бүгінгі түркі (соның ішінде 
қазақ, қырғыз, татар, ұйғыр, өзбек, түркмен) тілдеріне ортақ және ұқсас мақал-
мәтелдерді (әрі қарай ММ) бірнеше топқа бөліп талдап көрейік.
1. Әрбір тілдің өзіне тән фоно-, морфо-, синтаксистік ерекшеліктерін 
ескергенде гомогендік тегі айқын көркем образ бен мағынасы, синтаксистік 
құрылымы бірдей абсолют вариантты мақал-мәтелдер:
қазақша: 
Бас екеу болмай, мал екеу болмайды

түркменше: 
Баш ики болман, мал ики болмас
қазақша: 
Көсеу ұзын болса, қол күймес
;
татарша: 
Кисәу озын болса, қол көймәс
ұйғырша: 
Көсей узун болса, қол көймәс
түркменше: 
Аглашмага өз ягшы

Сылашмага ят ягшы
қазақша: 
Базар көркі-бақал. 
Жігіт көркі- сақал; 
түркменше: 
Базар гөрки-бакгал, 
Йигит гөрки-сакгал
қырғызша: 
Базар гөрки- бакал, 
Жигит гөрки- сакал
.
2. Мақал-мәтелдердің бұл тәрізді екі-үш тіл арасында абсолютті вариант 
болып тұрғандарын бірнеше тіл материалы негізінде қарастыратын болсақ, 
төмендегідей синонимдік немесе мағыналас варианттардың пайда болатынын 
көреміз. ММ-дің бұл түрі түркі тілдері бойынша өте көп кездеседі екен. 
Олардың бәрін қамтып, салыстыруға біздің мүмкіншілігіміз болмады. Бұл 
топқа енетін ММ-дің ерекшелігі бірін-бірі мүмкін: 
қазақша: 
Өтірікшінің құйрығы бір-ақ тұтам

татарша: 
Ялганчының койрыгы бер тотам

қазақша: 
Балық басынан шіриді



35 
Алмастыратын сөздер өзара синоним немесе контекстік мағынасы 
жағынан сөздер болып келеді де, олардың саны ММ құрамында бірден үшке 
дейін жетуі
түркіменше: 
Балық башындан порсар

Көріп отырмыз, мұнда да тіл аралық варианттар ауыстырылған әртүрлі 
сөздердің контекстік жақын мағыналары арқылы жасалып отыр: қазақшасында 
«күлме досқа»
десе, түркменшесінде 
«гүлме гоншыңа» («көршіңе») 
деп өз 
вариантында қолданып отыр.
3. Түркі тілдердің бірінде толық, екіншісінде қысқарған, ықшамдалған 
эллипсис вариантты- ММ-дер. Мәселен, бір тілде екі жолдан тұратын мақал 
екінші бір тілде бір-ақ жол болуы, сондай-ақ бір тілде екі-ақ жолдан құрылуы 
мүмкін. Мысалы:
қазақша: 
Ақыл бастан-асыл тастан, 
түркменше: 
Ақыл башдан чыкар, 
Алтын даштан чыгар
қазақша: 
Білекті- бірді,
Білікті- мыңды
ұйғырша: 
Билиги чоң бирни йеңәр, 
Билими чоң миңни йеңәр
қазақша: 
Жаман атқа жал бітсе, 
Жанына торсық байлатпас; 
Жаман байға мал бітсе, 
Жанына қоныс қондырмас
татарша: 
Яман атка ял бетсә,
Янына турсык бәйләтмәс
.
Бұл мысалдардан байқап отырғанымыз: алдыңғысының қазақшасында 
етістік баяндауыш түсіріліп айтылса, түркменшесінде ол 
«башдан чыкар,
«даштан чыкар»
түрінде сақталыр тұр; екінші мысалдың қазақшасында етістік 
баяндауыш түсіріліп айтылса, ұйғыршасында 
«бирни йеңәр», «миңни йенәр»
түрінде толық айтылып, оның үстіне 
«чоң» («үлкен»)
деген анықтауыш 
қайталанып, мақалдың толық варианты жасалып тұр; ал үшінші мысалды бір 
мақалдың қазақ тілінде (төрт жолдан тұратын) толық варианты айтылса, татар 
тілі ММ-нің үлкен жинағында тек оның бір жолдан тұратын қысқа варианты 
ғана келтірілген [2].
4. Жартылай өзгеріске түскен (бірінші, не екінші компонентті өзгерген, 
кеңейтілген, жинақталған т.б.) түркі тілдеріне ортақ ММ-дерге мыналарды 
жатқызуға болады:
қазақша: 
Ақылды ойлағанша, ақымақ суға кетер
татарша: 
Уйлы уйлап торганчы, тэвәккәлнең еши беткән
түрікменше: 
Ақыллы ойланянча, тентек ишни битирер

5. Түркі тілдерінде ММ-дің бір немес, бірнеше варианттары қатар 
қолдануы мүмкін. Ал оларды салыстыра қарағанда, екінші бір тілдегі ММ оның 
біреуімен ғана сәйкес келмеуі мүмкін. Мәселен, татар тілінде бір мақалдың 
мынандай варианттары бар:


36 
Серен белмәгән атның атрынан үтмә; 
Серен белмәгән атның авыздығын салдырма; 
Сынамаган атның атынан барма; 
Сынамаган атның сыртына менмэ

Ал қазақ тіліндегі 
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме
деген мақал 
осы төрт варианттың тек біруімен ғана (біріншісімен) сәйкес.
6. Құрылымы, құрамы және бейнелеу тәсілі жағынан басқа-басқа, бірақ 
логикалық ой жүйесі, мағына-мазмұны, бағышталған нысанасы ортақ ММ-дер; 
мәселен, қазақ тіліндегі 
Ат баспаймын деген жерін үш басар
деген мақалдың 
мағынасымен ұйғыр тіліндегі 
Бармайән дегән түгмәнгә йәттә қетим берипту
деген мақалдың мағынасы дәлме-дәл келіп тұр [3].
Мұндай мысалдарды әрбір тілден кездестіруге болады екен. Сайып 
келгенде, бұл да туыстас халықтардың дүниетанымындағы, болмыстағы әр 
түрлі заттар мен құбылыстарды бағалай білуіндегі, бейнелеу тәсіліндегі 
сәйкестіктің нәтижесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет