Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет189/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

 
References: 
[1] David Boud Enhancing learning through self-assessment RoutledgeFalmer, 2003 
 
ӘОЖ 373.3:613.7 
КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДА 
ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН
АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Атымтай А – 102-18 оқу тобының студенті 
Ғылыми жетекшісі: Ақынова Л.А.-б.ғ.к., аға оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті. Шымкент 
Резюме 
В статье рассматривается значение использования различных наглядных пособий в 
обучении младших школьников предмету естествознания в совершенствовании знаний, 
способностей учащихся, а также роль в развитии мышления 
Бастауыш сыныптағы әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән 
санасы, еркі, өзінің әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, 
оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, 
диалектикалық дүниетанымсын, өмірлік мақсаты мүддесін айқындауға, жеке 
басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу 
оқу үрдісінің жемісі болып табылады. 
Бүгінгі күні мектептегі оқу пәнаралық мазмұны мен мақсаты, оқыту мен 
тәрбиелеудің жұмыс түрлерін ұштастырып, одан әрі жетілдіруді, өмірмен 
байланыстыруды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдістерді 
кеңінен қолдануды талап етеді. Сондай әдістің бірі – оқушылардың байқап көру 
қабілетінің ерекшелігін ескеріп, дамытуын қамтамасыз ететін көрнекілік әдістері. 
Көрнекілік – оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән ұғымдарды сезім 
мүшелері арқылы көзбен көріп, қолымен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға 
баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік үрдісі мұғалімнің шығармашылық 
ізденісі мен әдістеме жаңалығына сергек қарап, оны сабақ барысында шебер 
пайдалана білуді талап етеді. Көрнекілік әдістерін сабақ барысында дұрыс 
пайдалану оқушының оқу материалын жақсы меңгеруіне, осы сала бойынша өз 
танымын одан әрі кеңейте түсуіне және талқылауына қол жеткізеді. 
Білім негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатыны барша жұртқа аян. Сол 
үшін бастауыш сыныптағы жаратылыстану пәнін оқытуда дидактикалық 
материалдарды дайындау, қолдану мәселесіне аса күшті назар аударуымыз керек. 
Оқу процесін жетілдіріп, сабақ сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері өте көп. Оның 
өзі 
мұғалімнің 
шығармашылық 
еңбегіне, 
әдіс-тәсілдерін 
қолданудағы 
шеберлігіне, терең теориялық біліміне, тәжірибесіне, әр сабаққа тиянақты 
даярлығына байланысты.
Жаратылыстану сабағында қолданылатын көрнекіліктердің өмірмен 
байланысытылығы өте маңызды принциптердің бірі. Жаратылыстану пәнінде 


381 
табиғат құбылыстарының шын себептерін дидактикалық материалдарды қолдану 
арқылы ашуға болады. Көрнекіліктер арқылы оқушылар түрлі фактілер жинайды, 
өмірді бақылайды. Оқушылар өмірдің дамуындағы сабақтастықты оқып үйренеді. 
Жаратылыстану бойынша қолданылатын оқыту көрнекі құралдарының алуан 
түрлілігі оларды мұқият іріктеу мен жұмысқа дайындауды қажет етеді. Окытудың 
көрнекі құралдары оқу процесінде ертеректен қолданылып келеді. Оларды 
пайдалану әдістемесі жөнінде үлкен тәжірибе жинақталған. Сонау XVII ғасырда 
Ян Амос Коменский көрнекілік принципі оқытудың маңызды принципі екенін 
дәлелдеген. 
Оқытудың көрнекі құралдарын пайдалану мен өтетін сабақтарға Дистверг 
ерекше маңызын, мынадай қорытынды жасап көрсеткен: «Адам көрнекілікте 
басқа ешбір жолмен білімді ала алмайды». Көрнекі оқытуды атақты Швейцар 
педагогы Г.Песталоцци де кеңінен қолданған. 
Дидактикалық материалдар – оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән 
жаратылыс бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен 
ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. 
Көп жылғы тәжірибе мен арнайы педагогикалық-психологиялық зерттеулер 
көрсеткендей, оқытудың тиімділігі қабылдауға адамның барлық мүшелерінің 
қатысу деңгейіне байланысты. Материал неғұрлым қызғылықты болса, 
солғұрлым тез қабылданады.
Қарастырған жағдайға байланысты көрнекі құралдар түрлі кезеңде іске 
асырылады, айталық затты не болмаса құбылысты түсіндіргенде иллюстрация 
ретінде, ал кейде керісінше демонстрациялық құрал ретінде оқушыларға 
мұғалімнің сұрағына жауап іздеуіне көмектеседі. Мысалы, дене және заттар 
ұғымдарын түсіндіру кезінде, мұғалім барлық дене заттардан тұрады, бір заттан 
әртүрлі бірнеше дене пайда болады немесе әр түрлі заттан бірдей дене пайда 
болады. Әңгімелеу түрлі денелердің бір заттан жасалғанын не болмаса бірдей 
дененің әр түрлі заттан жасалғанын демонстрациялау арқылы ұштастыра 
түсіндіріледі. Алайда материалды түсіндірудің басқа да жолы болады. Мысалы, 
мына дене қандай заттан жасалған? Әр түрлі заттан жасалған бірдей денені 
атаңдар? Дене неден құралған? Дене мен заттың айырмашылығы неде? Мұндай 
жағдайда обьектілер білім көзі болып табылады, яғни олар анықтап бақылау 
арқылы оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап іздеп табады. Ендеше бұл 
жағдайда материалды меңгеру алдыңғы жолға қарағанда белсенді жүреді. 
Көрнекіліктерді пайдаланудың философиялық негізіне дүниеде барлық 
заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы 
тұжырмдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады. 
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш 
беру, білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Қай заманда болмасын 
адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-саналы, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіру. 
Болашақ ұрпақ-келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты 
жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдини-ғылыми өрісі озық адамзат етіп тәрбелеу 


382 
біздің де қоғамның алдындағы борышы. Сондықтан кіші мектеп жасындағы 
балаларды оқытуда көрнекіліктерді пайдаланудың тиімділігі жоғары екені 
белгілі. 
Ең негізгісі көрнекі құралдар қазіргі заманғы талаптарға сай болу керек. 
Мұнда 
көрнекі құралдарға
төмендегідей 
талаптар қойылады:
1.Көрнекі құралдардағы суреттер, жазулар сынып оқушыларына толық 
көрінетін болуы керек. 
2. Әрбір көрнекі құрал өтілетін тақырыпқа арналған, оның мазмұнын
ашатын болуы тиіс. 
3.Көрнекі құрал тартымды безендірілген, бояулары айқын болғаны жөн. 
4.Көрнекі құралға оқушы назарын ерекше аудартуға арналған мәтін, сурет
ерекше бояумен берілуі керек. 
5.Көрнекі құралда бір мәселенің қайталануынан сақ болу керек. 
6.Көрнекі құралда жүйелілік, хронологиялық реттің сақталуын қатты 
қадағалау. 
7.Көрнекі құралда берілген әрбір мысал тексерілген, дау тудырмайтын, 
түсінікті, өтіліп отырған материалды дәлелдеуге көмектесетін болуы керек. 
8. Мүмкіндігінше көрнекі құрал өтілейін деп отырған материалды 
толық қамтитындай болғаны жөн. 
9. Көрнекі құралды сыныпта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтіндей етіп 
жасау (іліп қою, алу, қайта пайдалану). 
Сондықтан да көрнекілікті әр сабақтарда ұтымды қолдана білу бұл пән 
мұғалімдерінің шеберлігіне байланысты. 
Көрнекілік оқушыларға заттардың өзіне немесе олардың бейнесін тікелей 
көріп байқауға мүмкіндік береді. Оқытуда нақты білім алу – көрнекілікке, сезімге, 
бақылау әрекетіне негізделеді. 
Бастауыш сыныпта жаратылыстануды оқыту үрдісінде интерактивті 
әдіспен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. 
Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде 
өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім 
деңгейіне оң әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет