Әдебиеттер
1.
«Жаратылыстану» оқу бағдарламасы (1-4 сынып).–Астана: 2016. – 12 б.
2.
Рассел Григ Бастауыш мектеп мұғалімі. – Нұр-Сұлтан: 2020. –264 б.
3.
С.Бартлетт, Д.Бертон Білім берудегі зерттеулер. – Нұр-Сұлтан: 2020. –221б.
ӘОЖ 372.8:504.75
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САБАҚТАРЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
ЖОЛДАРЫ
Мамыр А.С. - 102-18 оқу тобының студенті
Ғылыми жетекшісі: Ақынова Л.А. б.ғ.к., аға оқытушы
ОҚМПУ, Шымкент қ., Қазақстан
Pезюме
В статье рассмотрены пути совершенствования творческих способностей младших
школьников через различные логические задания на уроках естествознания.
Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын
құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын
390
қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке
адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса
маңызды мәселе болып отыр.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы
іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту - өскелең буынға тәлім-тәрбие
берудегі күрделі психологиялық әрекет. Шығармашылық қабілеттің дамуы
оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала
отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің
творчестволық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс
кездерінде диагностикалық және творчестволық тапсырмаларды ұтымды
қолданудың мәні зор.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге
болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп
өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды
әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей
қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.
Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі,
тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуында
да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы оқу
барысын дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Мектеп мұғалімдері көп жағдайда
оқушылардың пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеріп, сабақ
үлгерімінің жақсы көрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың айрықша,
стандартты емес шешім қабылдауына, творчестволық белсенділігіне жағдай
жасай бермейді.
Бастауыш мектеп оқушыларының қызығулары заттық әлеммен байланысты.
Оларға тән жағдай үлкендерге бағдарлану, яғни оларға еліктеу, үлкендерді үлгі
тұту ерекшеліктері педагог үшін күшті дамыту құралы болып табылады. Соның
негізінде балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму деңгейлері
жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы жағымды өзгерістер де
жүзеге асырылады.
Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Шығармашылық процесс – үнемі білімдер мен ептіліктерді өз бетімен жаңа
жағдайға өткізу болып табылады, білім неғұрлым өз бетінше жүзеге асса,
соғұрлым бұл ілімді қолдану творчестволық сипатта болады.
Шығармашылық іс-әрекеттің бірнеше белгілерін атап кетсек: таныс объектіден
жаңа функция көре білу, зерттеуге жататын объектінің құрылымын көре білу,
альтернативті шешімді көре білу және оны іздестіру, проблеманы шешудің
бұрынғы танымалы тәсілдерін жаңа тәсілге қиылыстыру, басқа танымалы
шешімнің айрықша тәсілін құра білу болып табылады.
391
Шығармашылық – адам іс-әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі, даму
деңгейі тек әлеуметтік факторларға ғана емес, табиғи, биологиялық факторларға
да байланысты.
Бастауыш мектептен оқушыларға жаратылыс әлемнің ғылыми түсінігін,
күрделі терминдерді меңгеруге дайындығын қалыптастыру мақсатында енгізілген
бастауыш сынып жаратылыстану пәні, орта буын, жоғары сыныптарда оқытыла
бастайтын «Химия», «Биология», «Физика» пәндерінің бастамасы болып
табылады. Бастауыш сыныптан білім мазмұнын байланыстыра-кіріктіріп оқыту,
білімнің ғылыми деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Сондықтан бастауыш
сынып оқушыларына тірі табиғат, табиғат физикасы және адам жайында білім
беретін, жаратылыстаным негіздерінен түсініктерін дамытуда жаратылыстану
пәнін оқытудың шығармашылық жоларын қолдану тиімді
Оқушылардың шығармашылық тұлғасын логикалық тапсырма негізінде
қалыптастыруда мұғалімнің шеберлігі мен тәжірибесі шығармашылығы, ізденуі
оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе. Оқушылардың шығармашылық тұлғасын
қалыптастыруда жаратылыстану пәнінен оқушының тілін дамыту, ой-өрісін,
дүниетанымын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын ояту, т.б. шығармашылық
жұмыстар нәтижесінде тұлғаның сана-сезімі, қиялы, ойлауы дамып кеңейеді.
Логикалық тапсырмалар оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамытады, білім
сапасын арттырады, оқу іс-әрекетінде белсенділік танытады, ойын, ес пен
ойлауын, қиялын, тапқырлығын дамытады, алған білімін өмірде қолдануға
зейінін, шығармашылығын шыңдай түседі.
Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді,
оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын
қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір
айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.
Жаратылыстану пәнінен шығармашылығын дамытатын тапсырмалар
оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Сыныптағы
оқушылардың шығармашылығын дамытуда ең алдымен сөздік қорын,
байланыстырып сөйлеу машықтары мен дамыту бағытындағы жұмыстарға
негізделеді.
Осылайша сөйлем құрау арқылы балалардың сөздік қорын көбейтіп, тілін
дамытуға болады.
Оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған тапсырмалардың түрлері:
Анаграмма
К
К
К
К
К
К
К
392
К
К
К
1. Кісінің аты
2. Ұя салмайтын құс
3. Жанғыш пайдалы қазба
4. Тағам түрі
5. ... білім бұлағы
6. Жер қазатын құрал
7.Қыста ұйықтайтын жануар
8. Спорт түрі
9. Жәрдем жасау
10. Машина, автобус, трамвайдың жалпы атауы
Жаратылстану пәнінен «Тірі табиғат» бөлімін өткен кезде «Суреттер мен
сөздерді жұптастыру» ойынын өткізсе болады.
Мұғалім алдын ала дайындаған суреттер мен олардың аттарын араластырып
тақтаға орналастыру керек. Оқушыларға әр суреттің тұсына осы суретке қатысты
сөзді орналастыру айтылады. Ойынды оқушыларды топқа бөліп ойнатса болады.
Мысалы « Үй жануарлары» тақырыбын өткен кезде:
Түйе суреті- құлын
Жылқы суреті- бұзау
Сиыр суреті - қозы
Қой суреті - лақ
Ешкі суреті - бота
Балалардың ой-өрісін дамытуға, тілін жаттықтыруға, тіл байлығын арттыруға,
шығармашылығын жетілдіруге арналған ойын-өлеңдер, мазақтамалар, буын
ұйқастарды балалар санасы тез қабылдайды. Мысалы жаратылстану пәнінің
«Адам» бөлімінде:
Ұят –ай!
Бетін жумай Жұматай,
Нан жеп отыр, ұят-ай!(Е. Ерботин)
Еріншек.
Ертең, ертең, ертең деп,
Жүрер дәйім селтеңдеп,
Ертеңіне кездессең
Төмен қарар мөлтеңдеп.(Қ. Ыдырысов)
Бұл өлеңдер, бір жағынан ұнамсыз қылықтарды, қасиеттерді түзетуге, жағымсыз
мінездерді мінеп арылуға көмектессе, екінші жағынан осыған ұқсас-өлеңдер
ойлауға, құрастыруға итермелейді.
Қорытындылай келе бастауыш мектеп жасындағы балаларда шығармашылық
қабілеттің даму үшін оқыту-тәрбие жүйесін негіздейтін педагогтарға
393
шығармашылық
сипаттағы
оқу-практикалық
сабақтар
ұйымдастыруды
басшылыққа алып отыру қажет.
Шығармашылық тапсырмалардың түрлері өте көп. Оларды жүйелі түрде
қолданып, тақырыптан тақырыпқа түрлері мен мазмұнын тереңдету және
орындау әдістемесін қиындату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытып
нақты-бейнелі ойлаудан біртіндеп сөздік-логикалық түріне қарай жетелеуге
мүмкіндік туады.
Достарыңызбен бөлісу: |