412
Инклюзивті білім берудің гуманистік тұғырының бастауы ұлттық
фольклорымыздың барлық жанрынан табылады. Бірақ, түйінді, парасатты ойлар
синтезделген мақалдар мен мәтелдерді, эпостар мен ертегі-аңыздарды талдай
отырып, инклюзивті білім беру жүйесінің қалыптасуы мен теориялық және
практикалық негіздерінің сенімді тұғыры ретінде қаланатынын түсінеміз.
Халық
даналығында «Жақсының алдында жазыларсың, жаманның алдында тарыларсың»
дегеніндей, жақсылықтың жолы жайылғанда, кез келген мүгедек бала өзінің
қалыпты баладан айырмашылығын ұмытып, жүрегінің нұрлы қазынаға
айналуына өзіне мүмкіндік сыйлайды. Кейін ол нұрлы жүрек, Абай аңсаған
«толық адамның» қатарын толтыруға бағдар ашуы мүмкін.
Қазақ ұлттық фольклоры - қазақ ұлттық педагогикасының тарих түбінен
келе жатқан тұмасы болса, оның сабақтастығы, дәстүрлілігі, толығып тұруға
бейімділігі, көркемдік жетілгендігі қазіргі қазақстандық қоғамда бүр жарып келе
жатқан инклюзивті білім беру жүйесінің де өркендеуіне берер қуаты мол
болатынына дау болмасы анық.
Қазақ ұлттық дүниетанымының бастауы
болған фольклордың қазіргі
дүниетанымымызбен сабақтастығын шынайылықпен танытар кезеңі Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен тығыз
байланысты деп санаймыз. Елбасымыздың: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай
тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше,
замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды
алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани
тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.Сонымен бірге, рухани жаңғыру
ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын
құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын
болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын
ұлт жадының тұғыр-
намасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы
үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып,
әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», - деген
сөздері инклюзивтік білім берудің гуманистік бастауларын тануда ұлттық
тамырымыздан нәр ала білудің маңыздылығын дәлелдейді.
Осындай жаңашыл бағытты ұстана отырып, инклюзивті білім беруде,
ендігі ретте, қазақстандық қоғамда да «адам және өмір», «адам және құндылық»,
«адам мен оның мүмкіншіліктері», «мүгедек адамдардың денсаулығының
шектеулі болуына байланысты қоғамдағы орнынан тысқары етпеу» деген
түсініктерге
құқықтық, гуманистік, құндылық көзқарастар тұрғысынан
жаңғыратынына сенімдіміз. Сол жолмен жүретін инклюзивті білім беру
жүйесінің жаңғырған философиялық негіздемеден сусындап, сенімді теориялық
тұғырлардан табысты, өміршең әдістемелік/ практикалық жүйелер құралады.
Алайда, қоғамдық сана өз болмысын жаңартып, әр адамның өмірлік
жүйедегі орны мен құндылығы бар екенін түсінгенде ғана бұл идеяның қанат
жайып дамитынына сөз жоқ. Қазіргі Қазақстан Республикасында бағдар етіп
413
ұстанып отырған рухани жаңғыру бағыты инклюзивтік білім беру жүйесінің жаңа
әрі сенімді теориялық және практикалық тұғырына айналады.
Осы салада қызмет етушілер мен зерттеушілер
осы рухани тұманы дер
кезінде және инклюзивті білім берудің маңызды тірегі ретінде зерттеп, қол
жеткен жаңа нәтижелерін инклюзивті білім беру жүйесінің іргетасын қалайтын,
одан әрі нығайтатын тұғырға айналдыруға ұмтылуы керек. Уақыттың өзі
инклюзивті білім беру жүйесіне жайлы жағдайды туындатып отырғанын түсіне
білгенде ғана қарқынды зерттеулер мен практикалық нәтижелер жасалынатыны
белгілі. Сондықтан «рухани жаңғыру және инклюзивті білім берудің гуманистік
бастау көздері» бағытында үлкен істер өз шешімін күтіп отыр деп айтуға болады.
Жалпы білім беру, оның ішінде, әсіресе, инклюзивті білім беру – адамзат
дамуының маңызды мәселелерінің қатарында күн тәртібінен ешқашан түспейді,
сондықтан да инклюзивті білім берудің гуманистік негіздері уақыт артқан сайын
дамып-жетіле түседі.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру және осы салада
қызмет ететін мұғалімдерді дайындау мәселесі басымдыққа ие болып келе
жатқанына Қазақстандағы жоғарыда келтірілген мемлекеттік құжаттар мен бірге
ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан әзірленіп,
таратылып жатқан
нормативтік-әдістемелік құжаттар дәлел бола алады [126-129].
Осылармен қатар, ғалымдар мен мұғалімдердің жарияланымдарын талдау
барысы қазақстандық инклюзивті білім беру жүйесінің гуманистік болмысы
мынадай бағытта дамып келе жатқанын көрсетті:
- жарық дүниеге келген әрбір баланың оқып-білім алуға, ата-баба
жинақтап, мұра еткен, адамзаттың жинақтаған өмірлік тәжірибесінен, мәңгілік
рухани қазынадан өз үлесін мүмкіндігі келгенінше алуға құқы да, мүмкіндігі де
бар екенін толыққанды түсіну бағыты;
- қоғам өмірге келген әрбір баланың денсаулығы мүмкіндік бергенінше
білім алуына жағдай жасауы қажет;
- инклюзивті білім беру жүйесінде маңызды орын алатын мәселе
- жоғары
оқу орындарынан бастап болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерді, әдіскерлерді
арнайы дайындау және ол үшін қажетті оқу бағдарламаларын әзірлеу;
- оқушыларға инклюзивті жаңашыл білім беру тәсілдері мен жаңа оқыту
модельдерін көптеп енгізу;
- инклюзивті білім беру барысында ақпараттық-коммуникациялық
технологияны қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлемдік ғаламтор
жүйесіндегі білімдік ресурстар қолжетімді болуына жағдай жасау;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақтарда қолдану арқылы
инклюзивті білім беру жүйесін жаңа сапалы оқу-дидактикалық қамтамасыз етуге
көшу;
- инклюзивті білім беруде оқушыларға білімдік-дамытушылық орта құрып,
ол үдеріске психология-педагогикалық және медицина-әлеуметтік қолдау жасау;
414
- мұғалімдер мен мүмкіндігі шектеулі оқушылардың арасындағы
серіктестік пен ынтымақтастық орнауы керек, осындай ынтымақтастыққа ата-
аналарды да тарту маңызды болып табылады;
- инклюзивті білім беруде оқушыларды өзімен-өзі томаға-тұйықталып
қалған
адамды емес, есесіне, ізгі, шынайы, адамгершілігі мол, мейірімді,
рақымды, өзін сыйлау арқылы басқаларды да сыйлай алатын тұлғаны
қалыптастырып, тәрбиелеу, дамыту маңызды болып саналады
Достарыңызбен бөлісу: