420
5.
Марголис А. А.
Новый учебный предмет «Философия для детей» //
Психологическая
наука и образование. 1996. № 1.
6.
Рубцов В. В
. Основы социально-генетической психологии. М., 1996.
7.
Рубцов А. В.
Организационно-психологические основы разработки новых продуктов. М.;
Воронеж, 2002.
8.
Эльконин Д. Б.
О способе опосредования решения задач «на соображение» // Вопросы
психологии. 1981. № 1.
9.
Kwak С., Fagin R.
Internet Infrastructure and Services // Bear Stearns Equity Research. 2001.
May.
ӘОЖ 54:372.10
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ОНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РОЛІ
Дүйсенбай Жауhар –
112-38 тобының студенті
Ғылыми жетекші: Қозыкеева Р.А. –
т.ғ.к., доцент
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент
Резюме
Исследование высокоэффективных и учебно-методических рекомендаций в повышении
самостоятельной работы учащихся.
Қазіргі кездегі жеке тұлғаның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі
осыған дейінгі жинақталған интеллектуалдық, адамгершілік және рухани
потенциалын пайдалана отырып,
өзін-өзі
жетілдіру мен жеке
дамуға
бағытталған қажеттілігі болып табылады. Химиядан
практикалық сабақтарды
оқытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып өткізілген сабақтардың жеке
тұлғаны дамытуға, білім алушының білімін жетілдіруге, оның қыр - сырын білуге
үйретеді. Сонымен қатар, білім алушының алған теориялық білімін практикамен
байланыстырған кезде ғана ол білім алушыны түсінді деп айтуға болады.
Бұл қасиеттердің қалыптасуы үшін білім алушы үнемі өздігінен жұмыс
істеуі қажет. Ең алдымен білім алушы өзі қызығуын таныта алуы қажет. Бұл
бағыттағы жұмыста жақсы нәтижеге жету үшін өз бетімен орындалатын жұмысты
жетілдіру мен жаңарту қажет. Өздігінен орындалатын жұмыс түрлері болашақ
маман қалыптастыруға бағытталады.(1)
Практикалық әдісті практикалық іскерлік пен ептілікті дамыту үшін және
тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген
материалды білім алушының қаншалықты меңгергенін бақылау үшін
пайдаланады.
Профессор
Р.Г Лембергтің
пікірінше,
білім
алушының
практикалық
жұмыстарын
ұйымдастыру мына
шарттарға байланысты:
- білім алушының жасайтын жұмысының мақсатын айқын түсінуі;
-жұмыстың нақты аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
-жұмысты білім алушының өз еркімен орындалуын көздеу керек.
421
-жұмысты орындаулын және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
Оқытушының басқаруымен білім алушының дербестігінің, өзара байланысы,
олардың жұмысты өз еркімен және оқытушының қолдауымен жасалады. Яғни
практикалық сабақ бұл білім алушының дәріс сабағынан алған білімдерін бекіту,
пысықтау, жынақтау мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі болып табылады.
Оқыту әдістемесі – оқыту үдерісі барысында оқытушы мен білім алушының өзара
әрекеттестік формасын көрсететін әдістер мен тәсілдердің бірлігі.
Оқытудың
негізгі үш әдісін көрсетуге болады: енжар, белсенді және интербелсенді әдістер.
Енжар әдіс – оқытушы мен білім алушының өзара әрекет формасы. Енжар әдісте
оқытушы белсенді ролде болып, білім алушылар енжар тыңдаушы роліне енеді.
Енжар әдісті ұстанғанда оқытушы мен білімалушының арасындағы байланыс
сұрақ-жауап, өзбетінше жұмыс, тест тапсырмаларын орындату т.б. формалар
түрінде өткізіледі. Қазіргі жаңа технологиялар тұрғысынан
қарастырғанда енжар
әдіс ең тиімсіз әдістеме ретінде қарастыралады. Дегенмен де енжар әдістің де
өзіндік тиіміді тұстары бар. Яғни шектеулі уақыт аралығында білімалушыға
көптеген мәлімет беріліп, ақпаратты жеткізіледі. Бұл көп жағдайларда дәріс
сабақтарында кеңінен қолданылады. Ал белсенді әдіс практикалық семинар сабақ
барысында оқытушы мен білім алушының белсенді
өзара әрекет формасы
негізінде анықталып, білім алушы тыңдаушы емес, белсенді қатысушы роліне
еніп, оқытушымен бірдей деңгейде сабаққа атсалысады. (2-3)
Белсенді әдіс пен интербелсенді әдіс арасында айырмашылық бар.
Интербелсенді әдіс белсенді әдіске қарағанда ауқымы кеңдеу,
бұл әдіс тек қана
оқытушы мен білім алушы арасында белсенділікке ғана білім алушы пен білім
алушы арасындағы өзара пікірталасқа, ой бөлісуге, өзара бірлесіп негізгі
мәселелерді шешуге бағытталған. Интербелсенді әдіске негізделген сабақта білім
алушыларды сабақ мақсатын
шешуге бағыт беріп отыру, ал оның белсенді
орындаушылары білім алушылар болады. Интербелсенді әдістерді қолдану
бүгінгі күннің талабы себебі қазіргі қоғам талабына сай, тұлғаның ой-өрісін
дамыту, біліктері
мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа
жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына
сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастыру қажет. Жаңарған оқыту
құрылымы мен ұйымдастырылуы білім алушылардың қызығушылығы мен
қабілеттеріне,
рухани дамуына, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге
асырылуына бағытталған, көпвариантты және икемді болуы қажет. Жалпы,
практикалық сабақ барысында жаңа білім беру парадигмасына сай интербелсенді
әдістерді қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: