Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет205/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер:
1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану: оқу құралы. – 
Алматы, 2009. 
2. Нұғманұлы И., Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі. - Алматы: Ргіпі-
8. 2008. 


422 
3 Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или как интересно 
преподавать: учебное пособие: 4-е изд., доп. –Алматы, 2010. 
ӘОЖ 37.013 
СЫНЫПТАН ТЫС ҰЙМДАРДЫҢ ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ 
 БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРНЫ 
Смаилова М.С. – 
педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы 
Кененбаев С.Н. - 
аға окытушы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан 
Резюме 
В данной статье рассматриваются роль и содержание современной внеурочной 
деятельности в воспитании детей. 
Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны мен құрылымы 
өзгеріп отырған кезеңде сыныптан тыс тәрбие жұмысының алар орны ерекше. 
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы-тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз 
етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған 
және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының 
дербес түрі. 
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны - оқушының теориялық білімін 
кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 
Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттерінің кірігуі қоршаған 
орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы 
байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын 
қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің 
педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы 
ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді. 
Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісінде сабақтан басқа сыныптан 
тыс 
жұмыстардың 
орны 
ерекше. 
Білім 
мазмұнын 
әлемдік 
оқыту жүйесіне теңестіру, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық ерекшелігінеске
ре оқытудың маңызы артуда. Сыныптан тыс жұмыстарды мазмұнды жүйелі
жүргізу арқылы осы жұмыстар жөнінде оқушылармен үнемі пікірлесіп,
ақылдасып, келісе отырып, оқушылардың жеке істер жүргізуіне, еркін
ұсыныстар айтуына шек қойылмауы керек.
[1]
Біздің дәуірімізде мектеп жастарын тәрбиелеу жолында мектеп өмірінің
мектептегі әрбір сабақтың, соның ішінде ән- музыканың , сабақтан тыс
көркемөнер үйірмелерін жүргізудің маңызы ерекше болып отыр. Музыкалық 
тәрбиенің, оның ішінде сыныптан тыс жұмыс жүргізудің мақсаты жастарды 
білімді, жоғары саналы, өнерлі, жан- жақты етіп тәрбиелеу болып отыр. Бұл 
орайда балалар мен жасөспірімдер арасындағы музыкалық тәрбие жұмысын 
жетілдіру мәселесіне зор көңіл бөлінеді. 


423 
Сыныптан тыс жүгізілетін музыкалық жұмыстардың оқушылардың өз 
қалауымен, олардың белгілі бір өнер түріне бейімділігін ескере отырып 
ұйымдастырады. Осы мақсатта алуан түрлі үйірмелер, қоғамдар, студиялар 
құрылуда. Олардың ішіндегі музыкалық тәрбие беруде әсіресе көркемөнерпаздар 
үйірмелері (хор ұжымдары, ансамбльдер, би, драма, фольклаорлық оркестрлер, 
жеке ән айту т.б.) ерекше орын алады. 
Бүгінгі таңда оқушылардың музыкалық - эстетикалық тәрбие мәселесі 
Қазақстан ғылым педагогтары А.Нұғманова, М.Момынов, С.Ұзақбаев, 
Ж.Өтемісов, М.Балтабаев т.б еңбектеріне елеулі орын алған
.
Музыкалық тәрбие- ұзақ, күрделі әрі сан қырлы процесс. Ол ең алдымен 
балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде басталады. Ал жалпы білім беретін 
мектепте тікелей ықпал ету- музыка, өнер, эстетика жөніндегі 
факультативтер,сабақтан тыс уақыттағы көркемөнер үйірмесі арқылы тәрбие 
беруді жалғастыра түседі. Жыл өткен сайын ортаңғы және жоғарғы сыныптарда 
балалардың жас ерекшеліктері сараланып, музыка сабағында, әр түрлі елдерде 
өмір сүрген композитор шығармашылығымен, түрлі музыкалық аспаптармен
танысады.
Жоғарғы сыныптарда эстетика, бейнелеу өнері, музыка және өнер
циклының басқа салалары жөнінде қосымша сабақтар енгізу музыкалық
тәрбие беруге шексіз мүмкіндік береді. Сондай- ақ сыныптан тыс жүргізілетін 
музыка мен эстетика жөніндегі арнаулы сынып сағаттарының алуан түрлі 
тақырыптары оқушыларға жан- жақты тәрбие беруге көмектеседі.
Оқушылар тәрбиесін жаңа деңгейге көтерудің тағы бір тиімді тәсілдері
лекция- концерттер жүргізу, факультативтік курстар жүргізу. Факультативті 
курстарды, әсіресе , қазақ ұлттық өнер саласына, мысалы : айтыс, әншілік, 
жыр- терме және т.б. өнерлерден ұйымдастырған жөн.
Лекция-концерт 
оқушыларды өнердің сан қилы салаларымен, сазгер шығармашылығымен жеке 
аспапта оындаушы әнші күйшілердің өнер жолдарымен жеке таныстыруға 
мүмкіндік береді. Сондай ақ музыка сабағынан алған мағлұматтар мен тыңдаған 
музыкаларымен әрі қарай терең игеруге жағдай жасайды. Қандай тақырып 
болмасын оның тыңдаушыларға нәзік сезіммен, әдемі мақаммен, өте дәмді де 
тартымды жеткізе білу-лектордан өте білімділікті, тапқырлықты талап етеді. міне 
сондықтанда болашақ музыка мұғалімінің институт қабырғасында жүрген кезден 
ақ бұл өнерге дайындаудың маңызы зор.
[2]
Қазіргі таңда оқушыларға отандық және дүниежүзілік мәдениеттің үлгілері 
арқылы эстетикалық тәрбие берудің маңызы ерекше. Эстетика мен музыка 
тәрбиесінің ортақ мәселелері, адамды табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап 
бағалауға және түсінуге тәрбиелейді. Көңіл көтеру кештерін дұрыс ұйымдастыру-
оқушыларды тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы, соның бір саласы музыкалық 
театр ұйымдастыру. Ол үшін балаларды музыкалық спектакльдердің 
теориясымен практикасымен таныстыру, режиссура негіздерін игерту қажет. Ал 
мектепте халық аспаптар оркестр жұмысын ұйымдастыру кезеңінде қойылатын 
басты талап репертуар таңдау. Репертуар бүгінгі өмір деңгейіне сай терең 


424 
мазмұнда, көркемдік педагогикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде 
және оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспапта ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес 
болуға тиіс. Демек, жетекші оркестрде ойналатын әрбір репертуарға 
творчестволық тұрғыдан келіп оның идеялық эстетикалық мәнін көркемдік 
ерекшелігін дұрыс ашып таныта білгенде ғана оқушылардың музыканы терең 
сезініп, дұрыс түсіне білу қабілетін ескергені жөн. 
Музыкалы мейрамдар мен кештерге қатысушы оқушының музыкалық 
қабілетін одан әрі дамытуға, әлем туралы білімін тереңдетіп, биік мәдениетке 
тәрбиелейді. Баланы ұйымдасқан түрде концертке, театрға, түрлі мәдени 
мекемелерге, музейлерге апару олардың өмірге деген көзқарастарын кеңейтіп, 
өнерге деген құмарлығын арттырады. Одан басқа оқушымен еңбек, әншілерді 
кездестіруге немесе олар туралы әңгіме, баяндамаларды әрдайым ұйымдастырып 
тұрудың мәні зор. Өнерпаздық қабілеттері ұшталып, арман қиялдарына қанат 
бітеді. Сондықтан жалпы білім беретін қазақ мектептерінде оқушыларды 
дәстүрімен, өнер атты әлемнің шоқтығы биік жұлдыздары
шығармашылығымен таныстыру, олардың ой- пікірін оқу тәрбие ісінің тірегін
айналдыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі деуімізге әбден болады.
[3]
Сондықтан өскелең ұрпаққа музыкалық тәрбие берудегі біздің
алдымыздағы ең басты міндет- оқушыларға көркемдік білім беру мен 
эстетикалық тәрбиені айтарлықтай толық, өнер шығармалырының , туған 
табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін 
қалыптастыру. Осы мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе, зор танымдық және
тәрбиелік күші бар әдебиет, музыка өнерінің эстетикалық мүмкіндіктерін
жақсы пайдалану қажет. 
Қорытындылай келе айтарымыз, оқыту барысында оқушылардың сыныпта 
алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың 
маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, 
өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды 
тәрбие құралы екендігін көріп отырмыз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс 
ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік 
дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Сыныптан тыс оқытуды 
жүйелі түрде ұйымдастыру, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алатыны 
сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет